Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет жиынды ашып, мақаланың маңызын...
Саясаттанушы: Жаңа туған нәрестелерге де туа сала қауіпті ауруларға қарсы екпе салынады
Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған қазақстандық саясаттанушы Жанар Тулиндинова әлеуметтік желідегі парақшасында екпе жөнінде пікірімен бөлісті.
Жақында «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алдым. Тарихи күнімді суретке түсіріп алмаппын. Бұл менің жеке ісім деп ойладым. Дегенмен бұл қоғамдық іс екен. Себебі COVID-19 вакцинасы денсаулығыма қатер төндіреді деп вакцинациядан бас тартып жатқандар бар. Қазір «Спутник V» вакцинасы қолжетімді. Бұл вакцина құрамында патогенді заттар жоқ. Сол себепті екпе салдыру арқылы коронавирус жұқтыра алмайсыз. Вакцина векторлы және оның құрамында вирус, нәруыз тәрізді иммундық өндірілуіне қажет заттар бар, - деді ол.
Ол вакцинациядан кейінгі жағдайымен бөлісті.
Тулиндинова мүмкіндігінше вакцина салдырған дұрыс дейді.