19 жастағы Татьяна Невадовская Қазақстанға жер аударылған профессор әкесімен еріп келсе керек. Оқымы...
Какудзо Окакуро. Шәй кітабы
Какудзо Окакура (1862-1913) — Жапонияның дәстүрлі мәдениетін қайта тірілтушілерінің бірі. Ол Иокогамада дүниеге келіп, Токио университетінің филология факультетінде дәріс алған. Токиода өнер мектебін аштыруға белсенді атсалысып, он жыл шамасында сол мектептің ректоры болған. Жапонияда Сурет Академиясын ұйымдастыруға біраз ұйытқы болған.
Окакураның Батыс әлемін Жапониямен, Шығыс адамының ойлау машығымен таныстырудағы үлесі өте зор. Оның өнерді ұғындыру тәсілі ерекше, онда Шығыстың құпия рухы бар, бәрі нәзік әсерлі интуицияға құрылған.
Какудзо Окакураның ең танымал жұмыстары: "Шығыс идеалы", "Жапонияның оянуы" және "Шәй кітабы". "Шәй кітабын" ол ағылшын тілінде 1906 жылы жазып, Батыс оқырманына ұсынған. Орыс тіліне бұл кітап 50-ші жылдары аударылған, 1993 жылы "Азия және Африка" журналында Гавриловскаяның аудармасы шықты. Біз бұл еңбекті Әлішер Ақышевтің орысша аудармасынан қазақ тіліне тәржімаладық.
1. Адамгершілік кесесі
Шәй о баста дәрі ретінде қолданылған, кейін оны сусын ретінде қолданатын болды. Он сегізінші ғасырдағы қытайда ол уақыт өткізудің ең ізгі түрі ретінде поэзияға кірді. Он бесінші ғасырда Жапония оны сезіну діні — шәйшілдік дәрежесіне көтерді. Шәйшілдік күнбе күнгі күйкі тірлік арасындағы әсемдікке табыну рәсімі. Ол тазалық пен жарасым, өзара рахымшылық құпиясын, әлеуметтік тәртіптің тартымдылығын дарытады. Негізі, ол мінді нәрсеге табыну, себебі, біз өмір деп білетін мүмкіндіктен тыс құбылыста кейбір нәрсені мүмкін еткісі келеді. Шәй философиясы бізде тек дағдылы мағынадағы белгілі сезіну өнері емес, себебі, ол ар-ұят ілімі және дін мен бірге біздің табиғат пен адамға тұтас көзқарасымызды әйгілейді. Бұл гигиена, өйткені тазаруды күшейтеді, бөл экономика, өйткені күрделі және қымбаттан гөрі жәй нәрседен қалай ыңғайлылық табуға болатынын көрсетеді, бұл ар-ұят геометриясы, себебі біздің ғаламмен салыстырғандағы үйлесімділік сезінуіміздің мөлшерін анықтайды. Ол шығыс демократиясының шынайы рухын паш етеді, себебі өзінің қолдаушыларын талғам дегдарларына айналдырады. Соншама өз-өзін пайымдауға мүмкіндік берген ұзақ жыл өзге әлемнен бөлектенуі шәй рәсімінің дамуына өте-мөте қолайлы еді. Біздің үйіміз бен дәстүрлеріміз, киімдеріміз бен ұлттық тағамдарымыз, фарфор, глазурь, сурет өнері, тіпті, әдебиетімізге шейін бәрі де осы ықпалдан өткен еді. Жапон мәдениетінің бірде бір зерттеушісі одан аттап өте алмады. Ол бекзат ғимараттардың еркетотайлығына және қарапайым адамдардың жұпыны үйіне кірген еді. Біздің дихандарымыз шоқ гүл жасауды үйренді, біздің ең бейшара жұмысшыларымыз жер мен суға сәлем беретіндей болды. Ауызекі әңгімеде бір адам өз жеке жағдайына тым ауыр, немесе, тым жеңіл қарайтын болса, оны мұрнына "шәй иісі бармаған" дейміз. Ал егер көктемде ол әлемдік трагедияға қарамай, өз-өзін ұстамай, сезімдеріне ерік берсе, "шәйі қысқан" дейміз. Мұндай болмашы нәрседен шу шығарғанымызға білмейтін адамның таңдануы мүмкін. Бұл не қылған кесе ішіндегі боран? Десе, әбден орынды-ақ. Бірақ біз адамзат ләззатының қаншама шектеулі екенін, оны шексіз аңызақты қандыру барысында соңғы тамшысына дейін қаншама оңай түгесілетіні туралы ұғынсақ, біз өзімізді бір кесе шәй туралы сонша әңгіме еткеніміз үшін кінәламас едік. Адамзат бұдан да зорынан өтіп еді ғой. Ішімдікке табыну барысында біз өз-өзімізді оп-оңай құрбандыққа шалдық, біз тіпті, Марстың қатыгез бейнесінің өзін өзгерттік. Өз-өзімізді Камелия патшайымға бағыштап, оның күн сәулелі сүйіспеншілігіне бөленсек, несі ерсі? Түсі піл сүйегіндей фарфорға құйылған янтарлы ығал арқылы білген адамның Конфуцийдің ұстамды сезімталдығына, Лаотзенің қауіпті өткірлігіне және Сакьямунидің тәңірлік хош иісіне ортақтасуына болады.
Өз-өзіндеті ұлы нәрселердің аса маңызды емес екенін сезіне алмайтындар өзгелердегі кішкентай нәрсенің ұлылығын көрмей қалуы мүмкін. Өз-өзіне дән риза батыстағы орташа адам үшін шәй рәсімі тек сиқырлық пен еркелікке үйір Шығыстың мың да бір тәлпіштігінің мысалы болып көрінеді. Батыс адамы әдетте Жапонияға ол асыл бейбіт өнерлерден ләззат алғанда, жабайылар ретінде қарайтын, ал енді Маньчжурия ұрыс алаңында теңіздей қан төккенде, ол оны өркениетті деп атайды. Соңғы уақытта біздің сарбаздардан оларды құрбандыққа шала тұрып, қуаныш талап ететін Самурай өнері Кодексіне көптеген түсініктемелер жазылады, бірақ өмір өнері шәйшілдікке әлде де болса көңіл аударылуы екі талай. Егер біздің өркениетке таласымыз жиіркенішті әскери даңққа негізделсе, біз рахаттана жабайы болып қала берер едік. Біздің өнерімізге және біздің мұраттарымызға сыйластықпен қарауға тиіс уақытты қуанышпен күтер едік.
Батыс Шығысты қашан түсінеді, немесе, түсінуге талпынады? Біз, азиялықтар, біз туралы құрастырылған қызықты дәйектер мен сандырақтардан кейде абыржып қаламыз. Біз тышқан мен қоңыздарға емес болса да, лотостың хош иісімен қоректенетін ретінде суреттелеміз. Біз тек қауқарсыз фанатизмге, немесе, аянышты нәпсіқұмарлыққа берілгенбіз. үнділік рухшылдық надандық ретінде келеке етіледі. қытайлық сырбаздық ақымақтық деп бағаланады, жапондық отансүйгіштік фатализм нәтижесі деп аталады. Біздің ауру мен жараға шыдамдылығымыз жүйкеміздің содырлығынан. Иә, біздің есебімізден неге көңіл көтермеске? Азия да лебізін қатып үлгірді. Және біздің сіздер туралы елестеткенімізді һәм жазғандарымызды білсеңіздер әлде де қуаныштарыңызға біраз тұздық болар еді. Және мұнан болашаққа ғажаптанудың, кереметке еріксіз бас июдің, жаңалық пен анықсызға үнсіз наразылықтың барлық нұсқасы көрінер еді. Сіздерге телінген ізгіліктердің жұқалтаңдығы сонша, қызғануға тұрмайтындай, ал сіздерге күнә боп тағылған қылмыстарыңыздың құбыжықтығы сонша, айыптауға жарамайтындай еді. Біздің ертедегі жазушыларымыз, білімпаз, данышпан кісілер, бізге сіздердің киімдеріңіздің астында жасырынған қылаңдаған құйрықтарыңыздың бар екенін және сіздердің түскі ас ретінде жаңа туған нәрестеден жасалған фрикасені жиі жейтіндеріңізді жеткізген еді. Одан да өкініштісі, біз сіздерді жер жүзіндегі ең шығынға бейім санауға әдеттенгенбіз, себебі, бізге сіздерді өздері сенбейтін нәрсеге мінәжат етеді деп айтқан.
Біздің арамыздағы мұндай жөнсіз ұғымдар жедел түрде жоқ боп жатыр. Сауда арқылы көптеген еуропа тілдері шытыс порттарына жетті. Азиялық жастар қазіргі заман білімін алу үшін батыс колледждеріне атылуда. Біз сіздердің мәдениеттеріңізге терең бойлай алмаймыз, бірақ, ең кемінде, біздің оқығымыз келеді. Менің кейбір отандастарым мойын қысатын тар жағаны және биік жібек шляпаларды сатып алуды сіздердің өркениетіңіздің жетістігі деп теріс ұғынып, сіздердің әдеттеріңізбен этикеттеріңіздің тым көп нұсқасын қабылдап алған. Мұндай мысалдар қанша аянышты һәм қайғылы болса да, ол біздің Батысқа тізерлеп жақындағымыз келетінін анық көрсетеді. өкінішке орай, батыс Шығысты қабылдауға ниетті емес. Христиан уағыздаушысы Шығысқа алу үшін емес, беру үшін келеді. Сіздің ақпаратыңыз келген-кеткен саяхатшылардың сенімсіз анеқдоттарына болмаса да, біздің шексіз әдебиетіміздің сараң аудармаларына негізделген. Лафкадио Херн, немесе, "Үнді өмірінің өрмегі" авторының жомарт қаламы шығыс қараңғылығын біздің сезімдеріміздің шырағымен сәулелендіреді. Мүмкін, осынша ашық әңгімеге барған соң, мен Шәй Рәсімі туралы өз білімсіздігімді әйгілеп отырмын. Сыпайылық рухының өзі сіздің сізден естуге дайын нәрсені айтатыныңызды нұсқалайды, және одан өзге түк емес. Бірақ, мен сыпайы шәйшіл бола алмаймын. Жаңа және көне әлемдердің өзара түсінбестігінің көп зиян әкелгені сонша, осы түсіністікті жақсарту барысына қосқан өз үлесің үшін кешірім сұраудың еш мағынасы жоқ. Егер Ресей тұғырынан түсіп, Жапонияны жақсырақ білуге ниет білдіргенде, жиырмасыншы ғасырдың басы қанды соғыстың көрінісін, мүмкін, көрмеген болар еді. Шытырман шығыс мәселелерін менсінбей көзге ілмеуден қаншама сұмдық салдарлар туындаған. Сары түстілер қаупі туралы мағынасыз айқай салумен өз дәрежемді түсірем демейтін Еуропа империализміне, Азияның ақ түстілер апатын қатыгез пайымдауға оянуы мүмкін екенін есте сақтағаны жөн еді. Сіздердің "бұлардың миына шәй тым көп қосылған" деп бізге күлулеріңіз мүмкін, бірақ бізге Батыс жүйесі "шәйдан мүлде мақрұм екен" деп күдіктенуімізге болады ғой. Біз бір бірімізге эпиграмма атқылауды қояйық, және екі бүтін бір жарты екенімізді ұмытпай, көрегенді болмасақ та, мұңымызды бөлісейік. Біз әр басқа бағытта дамимыз, бірақ егер бір бірімізді толықтыра алсақ, оның жөнсіз деп ешкім айта алмайды. Сіздер өздеріңіздің дамылсыздығыңыз арқасында кең тарадыңыздар, біз астамшылық алдында әлсіз жарасым жасадық. Сіз мынаған сене аласыз ба: Шығыс кейбір жағдайда батыстан артық. Бұл қанша ерсі болса да, адамзат бір кесе шәйда кездесті. Бұл жаппай сыйластыққа бөленген Азияның жалғыз рәсімі. Ақ түсті адам біздің дініміз бен ар-ұят туралы ұғымдарымызға күлсе де, қоңыр сусынды еш шүбәсіз қабылдады. Ендігі батыс қоғамында түскі шәй тәуліктің маңызды бөлігі. Шағын ыдыс аяқтың нәзік сылдырын естіп, әйел қонақжайлығының бәсең үнді қимылдарын көріп, сүт пен қант туралы бейбіт әңгімеге бойлағанда, Шәй Рәсімі күдіктен тыс екенін біз білеміз. қонақтың, оны булы сусында түтігі тұрған тағдырға саналы түрде мойын ұсынуы осы жалғыз жалқы жағдайда шығыс рухының билік ететінін көрсетеді. Еуропа жазуындағы шәй туралы ең ертедегі дәйектер боп араб саяхатшысының ғүх жылдан кейін Кантонда негізгі табыс көзі тұз бен шәй салығы болғаны жөніндегі дерегі саналады. Марко Полода шәйға салықты негізсіз өсіргені үшін қытай қаржы министрін орнынан алып тасталғаны туралы жазғаны бар. Еуропалықтар қиыр Шығыс туралы дәл ұлы Географиялық Жаңалық Ашу Дәуірінде көбірек біле бастаған. Он алтыншы ғасырдың аяғында голландықтар шығыста бұтақ жапырағынан ұнамды сусын жасалатыны туралы жаңалық әкелген. Джованни Батыста Рамусио (1159), .11. Альмейда (1576), Маффена (1588), Тарейра (1610) сынды саяхатшыларда шәй туралы дәйек қалдырған. Соңғы келтірілген жылда Датч Ист Индия компаниясының кемелері Еуропаға алғашқы шәй әкелген. Францияда ол 1636 жылы белгілі болды және Ресейге 1638 жылы жетті. Англия оны 1650 жылы қарсы алды және ол туралы: "Бұл қытайлар Ча, өзге халықтар Тей, немесе, Ти атаған барлық қытай емшілері қолданған ғажайып сусын!" деп айтқан. әлемдегі өзге дүниелер іспетті, шәй насихаты қарсылыққа да тап болды. Генри Саиллю сияқты күмәнділер оны анайы әдет деп атады. Джонас Хэнвэй 1756 жылғы шәй туралы эссесінде шәй ішудің кесірінен еркектер өзінің бойы мен көркін, ал әйелдер көріктілігін жоғалтады деген еді. Шәйдің о бастағы бағасы (фунты үшін 15, немесе, 16 шиллинг), оның кең таралуына кедергі болды және оны тек салтанатты жиындарда ұсынатын құрметтеу рәсімінің дәрежелі белгісіне айналдырды, оны тек тақ мұрагерлеріне жөне төрелерге ғана беретін. әйтсе де, бұл кемшіліктерге қарамастан шәй ішу құбылысы ғажап жылдамдықпен тарай бастады. Лондондағы кофе ішетін жерлер XVIII ғасырдың бірінші жартысында іс жүзінде шәйханаға айналды. Онда Эдисон, немесе, Стиль сияқты кекесіннің көкелері "шәйді ермек етіп" уақытын өткізетін. Тез арада сусын өмірлік қажетті нәрсеге айналды, себебі, оған салық салынатын болды. Бұл тұрғыда бұл оқиғаның қазіргі тарихта маңызды орын алатынын есте сақтауымыз керек. Отарланған Америка біраз адам төзбейтін қорлықтарға шыдап еді, әлгі ақылға сыймайтын салықтардан титықтап қалды. Америка тәуелсізді Бостон портында шәй жәшіктерін лақтырып тастаудан басталды. Шәй дәмінде, оны ылғи да жеңімпаз және арманшылдыққа бейім қылатын бір әсерлілік бар. Батыс юмористері өз ойларының әтірін оның хош иісімен араластыруға асықты. Онда шараптың паңдығы, кофенің парықшылдығы, тіпті, какаоның жасанды тәжірибесіздігі жоқ. 1711 жылының өзінде көз көрген былай дейді: "Сондықтан мен бұл ойларымды бар тірлігі тәртіпке бағындырылған барлық отбасына ұсынар едім: таң ата тұрған бойдан бір сағатын шайға және май жағылған нанға арнауын, және өздерінің пайдасы үшін осы құжатты ылғи да пайдалануға және оны шәй жиһазының бөлігі ретінде қарастыруға кеңес берер едім. Сэмюэл Джонсонның өз-өзін суреттеуі бойынша ол жиырма жыл бойы өз дәм-тұзын тартымды өсімдіктен жасалған жалғыз сусынмен жібіткен қарабайырланған және ұяттан ада шәй тұтынушы ғана. Ол шәйді іңір бойы ермек еткен, шәймен өз-өзін түн ортасында жұбатқан және шәймен таң нұрын қарсы алған". Чарльз Лэмб өзі білген ең ұлы ләззат — "жақсылықтың жасырын жасалып, кездейсоқ әйгіленгені" деп жазғанда, шәйшілдіктің шынайы мәнісін ашқан еді. Шәйшілдік сұлулықты жасыру өнері болғандықтан, оны сіз табуға батылыңыз жетпеген сәтте тана табасыз. Бұл сабырлы және, сонымен бірге, бар құқайға бойлаған өз-өзіңе езу тартудың асыл құпиясы және философиялық жымиысы, юмордың өзі осындай. Барлық нағыз юмористер бұл тұрғыда шәй философтары деп аталуға құқылы, мысалы, Теккерей, және, әрине, Шекспир. Декаданс ақындары (бұл әлем қашан азбаған еді?) материализмге қарсы шыққанда, белгілі мөлшерде шәйшілдікке жол ашқан еді. Мүмкін қазір дәл біздің мінді нәрсеге сабырлы көз тіге алатынымызға байланысты Батыс пен Шығыс өзара жұбана алады.
Даолықтардың айтуынша, Болмаудың ең басында Рух пен материя ажалды айқаста кездескен. Ақырында, аспан күні, Сары Император, қараңғылық һәм жер дүлейі Шухьюнгты жеңген. Дию өлім агониясында басымен күн шеңберіне соғылады да, жадеиттен тұратын Көк төбесін парша-паршасын шығарып, қиратады. Жұлдыздар өз ұясынан айырылып, Ай терең шатқалдар арасында түні бойы мақсатсыз қаңғитын болған. Сергелдеңге түскен Сары Император көкті жөндей алатын жан іздеп бармаған орны жоқ екен. Және іздегені бекер болмапты. Шығыс теңізінен жарқырап, мүйіз тәжді және айдаһар құйрықты, тәңірі текті Ньюка патшайым көтерілген. Ол бес түсті шұғыланы өзінің қазанында біріктіріп, қытай Көгінің төбесін қалпына келтірді. Бірақ Көк төбесінде Ньюка екі кішкентай жарықшаны толтыруды ұмытып кетіпті. Сөйтіп, сүйіспеншіліктің қос нұсқалығы пайда болған: екі жанның әлемді мінсіз қылу үшін бірге қосылғанша мазасыздана әбігерге түсуі содан. әркімге өз үміті және бейбітшілігі үшін көк төбесін қайтадан тұрғызуға тура келеді. қазіргі адамзаттың аспаны байлық пен билік үшін жүргізілетін алып айқастан тітіркенуде. әлем эгоизм мен жабайылық арасында сипалап, жол іздеп келеді. Шығыс пен Батыс, екі айдаһарша, буырқанған теңізде ойқастап, заядан зая өмірдің асыл тасын іздеуде. Ойрандалған нәрсені қалпына келтіру үшін бізге тағыда Ньюка керек, біз ұлы Аватараны күтудеміз. Осының арасында шәйдан жұтайық.
Бесін жарығы бамбукка түсуде, фонтандар қуанышқа толы, біздің шәйнегімізден қарағай шуылы естіледі. Жоқ болу және дүниенің әсем ақымақтығы туралы ойланып көрейікші.
II. Шәй мектептері
Шәй өнер туындысы және ол өзінің ең ізгі қасиеттерін көрсету үшін шебердің қолын қажет етеді. Біз сурет өнерін жақсы мен нашарға бөлеміз, нашары, әрине, көбірек. Сол сияқты, шәйдің де жақсы мен нашары болады. Тициан, немесе, Сезанның шығармаларына билік ететін заң жоқ, сол сияқты мінсіз шәй жасаудың да біртекті ережесі жоқ. Жапырақтарды дайындау әрдайым жекеше түрде өтеді. Бұл тұрғыда оның су мен жылуға икемділігі, әңгіме айтудағы өз тәсілі маңызды. Нағыз әсемділік сонда болуға тиіс. Біз ылғи да осы өмір мен өнердің қарапайым және негізгі заңын мойындауға қабілетіміздің жоғынан қанша азар көрсек те, Сун әулетінің ақыны Лучилайдың айтуынша, әлемде ең өкінішті үш құбылыс болған: нашар білімнен бұзылған әсем жастар, суретшілік өнерінің өз-өзіне дөрекі насаттанудан азуы және шәйдің бейәдеп қолданысқа түсуіне байланысты алаңсыз бүлінуі. өнер ретіндегі шәйдің өз кезеңдері мен өз мектептері бар. Оның дамуын жалпылама түрде үш негізгі дәуірге бөлуге болады: қайнаған шәй, уатылған шәй, күскен шәй. Біз, қазіргі адамдар, соңғы мектепке жатамыз. Сусынды бағалаудың осы бірнеше тәсілі өздері салтанат құрған уақыт рухының сипатындай. өмір дегеніміз әйгілену болса, біздің санадан тыс қимылдарымыз өз сыйымызды сатқанымызбен бірдей. Конфуций "адам иелік етпейді" деп айтқан. Мүмкін, біздің шағын заттарда тым әйгіленіп болатынымыз өзімізді жасыруға тұратын ұлылықтың жоқтығынан шығар. Күнбе күнгі түк маңызы жоқ оқиғалар нәсіл мұраттарына түсініктеме бола алады. Бұл жағынан ол философия, немесе, поэзияның асқақ тұғырынан кем емес. Еуропада сүйікті маркалы шарап түрлі кезеңдер мен халықтардың жеке қасиеттерін қалай ажыратса, шәй да, сол сияқты, шығыс мәдениетінің түрлі көңіл күйін сипаттайды. қайнатылған нұсқаға жеткізілген плиткалы шәй, қаймақты түрдегі порошок сияқты шой, тұндырылған нұсқадағы жапырақты шәй Тан, Сун, Мин қытай әулеттерінің көңіл көкжиегін әйгілейді. Егер біз өнер жіктеуінің жиі қолданылатын атауларына әуес болсақ, оларды жоғарыдағы тәртібін сақтаған күйі шәйдің классикалық, романтикалық, натуралистік кезеңдеріне бөлуге болады.
Оңтүстік қытайдан шыққан шәй өсімдігі қытай ботаникасы мен медицинасына ерте заманда белгілі болды. Оны классикалық шығармаларда әртүрлі атайды: You, Tseh, Кһа, Wing, және ол шаршағандықты басқаны, көңілді қуантқаны, жігерді күшейткені, көру қабілетін қайта жандандырғаны үшін жоғары бағаланды. Оны тек ішумен шектелмей, ревматикалық ауруды жеңілдету үшін паста түрінде де жиі қолданған. Даостар оны мәңгі өлмеу эликсирінің маңызды бөлігі деп атаған. Буддашылар ұзақ медитация барысында мызғып кетпеу үшін оны кең қолданған.
Төртінші және бесінші ғасырларға қарай шәй Янгтце Кьянг бойы тұрғындарының сүйікті сусынына айналды. Шамасы, осы уақытта классикалық Тоuдан өзгерген Сһа идеограммасы жасалды. Оңтүстік әулеттерінің ақындары өздері тамсанған суық жадеиттің көбігі туралы кейбір үзінділерін қалдырды. Ол кездің билеушілері өздерінің ең жоғарғы министрлерін олардың сіңірген орасан еңбектері үшін оларға өз қолымен шәй дайындап марапаттаған. Сонымен қатар, ол кездегі шәй дайындау тәсілі өте қарадүрсін болған. Жапырақтарды буландырып, кішкентай келіде түйетін, содан соң олардан плитка жасап, күріш, имбирь, апельсин цедрасын, специялар, сүт, тіпті, кейде жуа қосып қайнатқан. Бұл әдет осы уақытқа шейін тибет және кейбір монгол тайпаларында сақталған. Олар осы қоспалардан қызық тәтті сусын жасайды. қытай керуен басыларынан шәй ішіп үйренген орыстардың лимон бөлшектерін пайдалануы бұл көне тәсілдің тірі екенін мегзейді. Шәйді оның анайы ахуалынан шығарып, ақыр аятында идеализацияға жеткізу үшін Тан әулетінің данышпандығы қажет болды. VIII г. жартысында Луву шәйдің алғашқы жаршысы болды. Ол буддашылдық, даошылдық және Конфуций ілімдері бәріне ортақ бірнәрсе іздеген заманда дүниеге келді. Сол заманның пантеисттік таңбашылдығы (символизм) Жалпының Жалқыда көрініс тапқанын табанды түрде талап ететін. Ақын шәй рәсімінде барлық нәрсені билейтін жарасым мен тәртіпті көрді. өзінің "Chaking", немесе, "Шәй туралы қасиетті жазу" әйгілі жұмысында ол Шәй Кодексін тұжырымдады. "Chaking" үш том және он тараудан тұрады. Бірінші тарауда Луву шәй өсімдігінің табиғаты, екіншісінде жапырақтарды жинау, үшіншісінде жапырақтарды таңдау туралы айтады. Оның пікірінше, ең сапалы жапырақтардың ұшы татар салт аттысының кебісінің ұшындай қайырылуға, зор өгіздің кеудесіндей күжіреюге, шатқалдан көтерілген тұмандай буырқануға, жел тиген айдын бетіндей иірімденуге және жаңа ғана жаңбырмен суарылған сұлу жердей дымқыл және жұмсақ болуға тиіс.
Төртінші тарауы шәй рәсімінің үш тағанға қойылған көріктен бастап, барлық қажетті жабдық тұратын бамбук кабинетіне шейін кіргізілген жиырма төрт бөлшегін санау мен суреттеуіне арналған. Бұл арада біз Лувудың даолық таңбашылдыққа жақындығын айтуға тиіспіз. Бұл тұрғыда, шәйдің қытай керамикасына ықпалын айта кету қызық Аспани фарфор, бәрімізге белгілі, жадеиттің асыл жалқылығын қайталау талпынысынан туған. Луву көк түсті шәй кесесінің идеалды түрі деп санаған. Себебі ол сусынға қосымша көкшіл түс беретін, ал ақ түс оны қызыл сарылау және дәмсіз қылатын. Олай болатыны, ол плиткалы шәйді пайдаланған. Кейінірек Сун әулетінің шеберлері түйір шәйді пайдалана бастағанда, олар көкшіл қара және қара қоңыр ауыр кеселерді ұнатыңқырады. Демдеулі шәйға үйір Мин әулеті ақ фарфордан ләззат алатын. Бесінші тарауда Луву шәй дайындаудың тәсілдерін суреттейді. Ол тұздан өзге қосымшалардан бас тартады. Сонымен қатар, ол көп талқыланатын су таңдау және оны қайнату дәрежесіне ыждаһатпен тоқталады. Оның айтуынша, ең дұрысы, тау бұлағының суы, одан кейінгісі өзен және арық суы. қайнатылудың үш сатысы бар: біріншісі, су бетінде балық көзіндей майда көпіршіктер қалқығанда, екінші сатысы, хрусталь моншақтары сияқты көпіршіктер атқылаған суда домаланғанда, үшіншісі, шәйнекте толқындар асқақ көтерілгенде. Плиткалы шәй баланың қолындай жұмсақ болғанша отқа күйдіріледі және жұқа қағаз арасында түйіршікке уатылады. Тұз қайнатылудың бірінші сатысында, ал шәй екіншісінде салынады. қайнатылудың үшінші сатысында шәй түсіп судың жастық шағы жаңғыруы үшін толық ожау салқын су құйылады. Сосын суды кеселерге құяды да ішеді. Міне, сусын! Жұқалтаң жапырақтар қаперсіз аспандағы бір бірімен қабысқан бұлттай, немесе гауһар ағындағы су лилиялары сияқты жүзеді. Дәл осындай сусын туралы Тан династиясының ақыны Лотунг былай жазған еді: "Бірінші кесе менің ернім мен өңешімді ылғалдайды, екінші кесе менің жалғыздығымды тияды, үшіншісі менің іш қуысымды зерттейді, бірақ онан тек бес мың топ жұмбақ идеограмма табады. Төртінші кесе аздап терлетеді, өмірдегі барлық жамандық менің тесіктерім арқылы ғайып болады. Бесінші кесемен мен тазарамын, алтыншы кесе мені мәңгі өлместер патшалығына шақырады. Жетінші кесе, уһ, мен мұнан артық іше алмаймын! Мен тек менің жеңімді көтерген салқын самалдың демін ғана сеземін. Хорайсан қайда? Бұл ұнамды жібек жел мен дем мені одан әрі алып кетсін".
"Chaking" тың қалған тарауларында әдеттегі шәй ішу тәсілдерінің қарабайырлығы туралы әңгімеленеді, атақты шәй құмарлар туралы қысқаша тарихи анықтама беріледі, қытайдың атышулы шәй плантациялары, шәй ұсынудың мүмкін нұсқалары және шәй жабдықтарының суреттелуі туралы айтылады. Соңғы тарауы, өкінішке орай, жоғалған.
"Chaking" тың шығуы ол кезде сенсация болуға тиіс еді. Тайсун патша Лувуды қолдаған, және оның даңқы көп із қуушылар тудырды. Аса білгірлердің кейбіреуі Луву дайындаған шәйді оның шәкірттері дайындаған шәйдан ажыратады екен. Осы ұлы шебердің шәйін бағалай алмаған бір мандарин өзін мәңгі масқаралыққа кесті.
Сун әулетінде уатылған шәй модаға кірді, сөйтіп шәйдің екінші мектебі ашылды. Жапырақтар кішкентай тас келіде өте майда түйіршіктерге уатылған және ыстық суда жарылған бамбуктан жасалынған көркем таяқшамен сапырылған. Жаңа тәсіл Луву кезінен келе жатқан шәй жабдығына, сонымен бірге, жапырақтар таңдауға кейбір өзгерістер енгізді. Тұз келмеске кетті. Сун халқының шәйға деген сүйіспеншілігінде шек жоқ еді. Шәйқұмарлар оның жаңа мүмкіндіктерін ашуда бір бірімен сайысқа түсті. әдепті билеуші емес, тым ұлы суретші болған Кьясун патша өз байлығын өлшеусіз түрде шәйдің сирек сорттарын сатып алуға жұмсады. Ол шәйдің жиырма түріне арналған диссертация жазып, ақ шәйді ең сапалысы ретінде аса мадақтаған.
Сун шәйінің идеалы Тан шәйінің идеалынан өмір түсінігіндей бөлектенетін еді. өздерінің алдындағылар таңбаландырған нәрсені олар жүзеге асыруға тырысты. Конфуций ілімінің жаңа өкілдері үшін ғаламдық заңдылық сезінілетін әлемде көрініс таппайтын, сезінілетін әлемнің өзі ғалам заңдылығы еді. Мәңгілік бар болғаны сәттерден тұратын. Нирвана қол жететін ауқымда еді. Даошылдардың "мәңгі өлмеушілік — мәңгі өзгерісте" деген тұжырымы олардың ойлау машығының барлық түріне тән еді. Ең қызығы ол әрекет емес, процесс еді. Оның негізгісі, ол тәмамдаушы, бірақ тәмамдалған емес еді. Сөйтіп, адам бірден табиғатпен бетпе бет кездесті. Жаңа мағына өмір өнері дәрежесіне көтерілді. Шәй уақыт өткізудің әсем түріне емес, адамның өз-өзін жүзеге асыруының бір тәсіліне айналды. Вангьюченг былай жазған: "шәй, ашық жалбарынудай, оның көңілін толтырды және оның жұқалтаң қышқылы жақсы ақыл-кеңестен кейін қалаған дәмді еске түсірді". Сотумпа азғындыққа нағыз ізгі адамдай тұрған шәйдің мінсіз тазалығы туралы жазды. Көптеген даошыл ілімдерді біріктірген зенншіл буддалықтар арасында шәй ішудің діни рәсімі жасалған. Монахтар Бодхи Дхарма суретінің алдында жиналып, қасиетті құпиялықты толық сақтап, бәрі бір кеседен шәй ішкен. Бұл кейін он бесінші ғасырда Жапонияда шәй рәсіміне ауысқан Зенн рәсімі еді. өкінішке орай, қытайға Юань патшаларының жабайы билігін әкелген монгол тайпаларының он үшінші тасырда осы елді басып алуы Сун мәдениетінің барлық нәтижелерін күйретті. XV тасырдың ортасында ұлттық болмысты қайта жандандыруға тырысқан Мин әулетін ішкі қайшылықтардан әлсіреп, XVII ғасырда қытай қайтадан Манчу билеушілерінің езгісіне тап болды. Өмір мен әдеттің өзгергені сонша, өткен замандардың ізі де қалған жоқ. Уатылған шой мүлде ұмытылды. Сунның классикалық қолжазбасында еске алынатын шәй сапыратын таяқшаның түрін суреттеген Мин сәулетінің зерттеушісі аса сасқалақтаған еді. Енді шәй кеседегі ыстық суда тұндырылғаннан кейін қолданылады. Батыстың шой ішудің ескі түрін білмеуі заңды еді. өйткені ол туралы Еуропа Мин әулетінің аяқ шенінде білді. Осы уақытқа шейін қытай шәйі тамсандыра алатын сусын, бірақ мінсіз емес. өзі шыққан елдің ұзақ жарақаты, оны өмір мағынасының ерекше дәмінен айырды. Ол кәдімгі қазіргі шәйға айналды, яғни қартайып, тартымдылығын жоғалтты. Ол мәңгі жастықтың және ақындар мен ескі жазушылар қуатының қосындысы болған арман-қиялға деген биік сенімнен айырылған. Ол эклектикаға беріліп, ғалам әдеттерін әдеппен қабылдайды. Ол табиғатпен ойнайды, бірақ, оны жаулап алуға, немесе, Тәңірі орнына қоюға тұғырынан түсе қоймайды. Иісі әсем гүлдің хош иісіне тең жапырақты шәй кейде өте әсем, бірақ оның кесесінде Тан мен Сун рәсімдерінің романтикасын таба алмайсыз.
Қытай өркениеті дамуының барлық кезеңін жіті қадағалаған Жапония шәйді оның үш дәуірінде де білді. 729 ж. біз өзінің Нардағы сарайында жүз монахтарға шәй берген Шому патша туралы оқимыз. Жапырақтарды Тан династиясының сарайындағы біздің елшілер әкелген болар. өйткені олар сол кезеңнің үлгісімен дайындалған. 801 ж. монах Сайчо аздаған тұқым әкеліп, оны Йейсанда отырғызған. Келесі тасырларда көптеген шай бақшалары, сонымен бірге, төрелер мен абыздардың сусыннан алған ләззаты туралы естуге болады. Сун әулетінің шәйі бізге 1191 ж. Зеннің оңтүстік мектебіне оқуға кеткен Йейсай-зенжидің қайта оралуымен жетті. Ол әкелген жаңа тұқымдар үш жерде сәтті отырғызылды. Солардың бірі Киото маңындағы Уджи ауданы. Осы арада қазірге шейін ең үздік шәй шығарылады. Оңтүстік Зеннің шәйі және, сонымен бірге, шәй рәсімі, һәм Сун шәйінің үздік үлгісі ғажап жылдамдықпен тарады. XV г. қарай Шогун, Ашинага Вошунасаның қолдауымен шәй рәсімі ақырғы түрде жасалып, дербес қарым-қатынас әрекетіне айналды. Содан бері Жапонияда шәйға табыну табанды түрде енгізілді. Берідегі қытайға тән тұнған шәйді ішу бізге кешеуілдеп, XVII т. ортасында тана жетті. Ол күнбе күнгі қолданыста уатылған шәйді ауыстырды. Бірақ соңғының шәйлардың ішіндегі ең үздігі ретінде әлі де өз орны бар.
Жапондық шәй рәсімінде тана біз шәй идеалдарының жоғарғы дәрежесін көреміз. Біздің 1281 ж. монгол шапқыншылығына сәтті қарсылығымыз бізде қытайдың өзінде көшпенділер жорығы кесірінен тоқтатылған Сун қозғалысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Шәй бізде оның жасау тәсілдерін идеализациялаумен шектелмеді, ол өмір өнерін дін дәрежесіне көтерді. Сусын қожайын мен қонақ әлемдегі ең үздік ләззат алу үшін біріккен тазалық пен көркемдікке толы қасиетті рәсімді дәріптеу себебіне айналды. Шәй бөлмесі шаттықсыз, пайдасыз тірліктегі ғажап демалу орнына айналды. Онда шаршап-шалдыққан жолаушылар өнерді ұғынудың ортақ бұлағынан сусындау үшін кездесе алтын еді. Рәсім мұраты шой, гүл және қылқалам туындысынан тоқылған суырып салма драма болатын. Бірде бір бөлменің түр-сипатын бұзбайтын, бірде бір дыбыс заттар ырғағына нұқсан келтірмейтін, бірде бір қимыл жарасымға жара салмайтын, бірде бір сөз айналаның бір тұтастығына дақ түсірмейтін, барлық қимылдары қарапайым және табиғи — шәй рәсімінің мақсаттары осындай болатын. Және, қанша ерсі көрінгенімен, ол табысты болды. Оның сыртында сырлы философия тұратын. Шәйшілдік жасырынған Даошылдық еді.
III. Даошылдық және зеншілдік
Зеншілдікгің шәйға қатынасы жалпыға мәлім. Шәй рәсімінің Зен ритуалдары ретінде жобаланғаны туралы біз айтқанбыз. әдет пен дәстүрдің шығу тегі жөніндегі қытай оқулығында қонаққа шәй беру рәсімінің Лаотценің атақты шәкірті Кваньиннен басталатыны туралы жазылған. Ол Хан Пасс қақпасында Кәрі философқа бір кесе алтын түсті эликсир ұсынған екен. Біз мұнда бұл әңгімелердің шынайылығында тоқталмаймыз. Бірақ олар Даошылддардың сусынды ерте кезден бері қолданған екенін растауымен құнды. Бізге Даошылдық пен Зеншілдік шәйшілдік құбылысында сонша көрініс тапқан өмір мен өнерге қатысты ойларымен қызық. Кейбір құрметтеуге тұратын талпыныстар болғанымен, осы уақытқа шейін шет тілдерінде даолық және зен ілімдерінің тиісті баяндауы шықпағаны өкінішті-ақ.
Аударма іс жүзінде сатқындықпен тең, және Мин дәуірінің авторы айтқанындай, ең үздік жағдайда, ол паршаның теріс жағындай — барлық жіптері орнында, бірақ түр-түсінің көркемділігі жоқ. Бірақ пайымдауға оңай улы ілімнің болуы мүмкін бе? Ескі данышпандар өз ілімін ешқашан жүйелемеген. Олар парадокстармен сөйлеген, себебі жартылай шындық айтудан қорыққан. Олар ақымақ сияқты сөйлеуден бастап, өз тыңдаушыларын данышпан қылып, аяқтаған. Лаотце өзіне тән әдеттен тыс және жарасымды кекесінімен былай дейді: "Егер зердесі биік емес адамдар Даоны есітсе, олар қатты күлер еді. Егер олар оған күлмесе, оның Дао болмағаны".
Даоның тура мағынасы Жол. Оны Сапар деп те, Негіз, Заң, Табиғат, Жоғарғы парасат, әрекет бейнесі деп те аударған. Бұл аудармаларды дұрыс емес деп айтуға болмайды, себебі даошылдардың атауды қолдануы зерттеу нысанына байланысты өзгеріп отырады. Лаотценің өзі ол туралы былай деген: "өзінде барлық нәрсені қамтитын зат бар. Ол Көк пен Жер тірлігінің басталуынан бұрын туған. қандай сабыр! қандай жалғыздық! Ол өзіне қауіпсіз айналады және ғаламның анасы болады. Мен оның атын білмеймін, сондықтан мен оны Жол деп атаймын. Зорлана мен оны Шексіз деймін. Шексіздік — өткінші, өткіншілік — ғайып болу, ғайып болу — ол қайта оралу". Дао Жолдан гөрі өткіншілікке жақын. Ол ғаламдық өзгеріс рухы — жаңа нұсқаларды жасау үшін қайта оралатын мәңгілік даму. Даошылардың сүйікті символы — айдаһар сияқты ол өз-өзінен қорқады. Ол бұлт іспетті орап алып, тарқап кетеді. Дао туралы ұлы Даму туралы ретінде сөйлеуге болады. Жалқы түрде ол ғалам әрекеттерінің бейнесі. Оның Абсолюті салыстырмалы. Ең алдымен Даошылдықтың, оның заңды ізбасары зеншілдік сияқты солтүстік-қытай коммунистері ұстанатын конфуцийшілдікке қарсы оңтүстік-қытай ойлау машығының жеке тұлғалық бағытының өкілі екенін есте сақтау керек. Ортаншы империя Еуропадай көлемді және екі ұлы өзендік жүйе белгілеген жеке айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Янтсте-Кьянг пен Хоанг-Хоны Жерорта теңізі мен Балтикаға теңеуге болады. Тіпті, бүгінде латин нәсілінің өкілі тевтоннан қалай ажыратылатын болса, Оңтүстік қытай өзінің ойлау машығымен және дінімен өзінің солтүстік бауырынан ажыратылады. қатынас жаты қиын болған ерте замандарда, және, әсіресе, феодалдар дәуірінде ой жүйесіндегі осы айырмашылық аса айқын әйгіленген еді. Бір халықтың өнері мен поэзиясы екіншісімен салыстырғанда мүлде өзге ауамен тыныстайтын секілді. Біз Лаотцеден және оның ізбасарларынан, Янгсте-Кьянгтың табиғи ақындарының алдын алушы Кутсугеннен олардың замандастары, солтүстік жазушыларының қарабайыр этикалық ұғымдарына мүлде сәйкес келмейтін идеализм табамыз. Лаотце христиан дәуірінен бұрынғы V г. өмір сүрген. Даошылдыктың ұрығын ұзынқұлақты аталған Лаотценің келуінен көп бұрын табуға болады. қытайдың көне қолжазбалары, әсіресе, "Өзгерістер кітабы", оның ойын болжап бергендей. Бірақ шарықтау шегі біздің заманымыздан бұрынғы XVI ғасырдағы Чоу династиясы болған қытай өркениеті классикалық кезеңінің заңдары мен әдеттеріне қатысты үлкен сыйластық жеке тұлғалық ұзақ уақыт бойы сақтағаны сонша, ол тек Чоу династиясы күйреп, көптеген дербес патшалықтар орнатылғаннан кейін тана еркін ойлау машығының бар салтанатымен гүлдене алды.
Лаотце мен Соши (Чуангтце) екеуі де оңтүстіктен және Жаңа мектептің ұлы өкілдері болды. қарсы жақтан, мыңдаған шәкірттері бар Конфуций рулық дәстүрді сақтау бағытында тұрды. Конфуцийшілдікті белгілі түрде білмей Даошылдықты түсіну мүмкін емес, және керісінше. Біз Даоның абсолютті нәрсесі екі ұдайлы дедік. Этикада Даошылдар қоғамның заңдарынан және ар-ұят ережелерінен өздерін бөлек ұстаған, себебі, олар үшін жөнді және жөнсіз нәрселер екіұдай болатын. Анықтауыш әрқашанда шектейді — "анықталған" және "өзгеріссіз" дегеніміз өсудің тоқтатылғанын әйгілейтін атаулар ғана. Кутсуген айтқан: "Данышпандар әлемді қозғалтады" деп. Біздің ар-ұят үлгілеріміз қоғамның өткен мұқтажынан туындаған, бірақ, қоғам әрқашанда бір қалыпта бола ма? Рулық дәстүрлерді сақтау әрдайым жеке тұлғаны мемлекет үшін құрбандыққа шалуға апарады. Шарттылықты қолдаған соң, білім надандықтың кейбір нұсқаларын қуаттайды. Адамдарды олардың ізгі болуы үшін емес, өздерін дұрыс ұстауы үшін оқытады. Біздің ұятсыз болатынымыздың себебі, біз сұмдық саналымыз. Біз ұятты дәріптейміз, себебі, өзгелерге шындық айтудан қорқамыз. Біз намысымызға тығыламыз, себебі, өз-өзімізге шындық айтудан қорқамыз. әлемге қатысты қалай байыпты болуға болады, егер әлемнің өзі сонша күлкілі болса! Бұл не деген жаппай алмасу! Ар-ұят пен арулық! Міне, жақсылық пен шындықты сатушы өзіне дон риза саудагер! Тіпті, дінді де сатып алуға болады! Дін дегеніміз гүл мен музыкаға көмкерілген жалпыға бірдей мораль емес пе? Шіркеуді оның әшекейінен айырыңдаршы, не қалады? Дегенмен, дін ғажап түрде гүлденуде, себебі, бағасы мағынасыздыққа шейін арзан: аспанға көтерілудің құны — дұға, құрметті азаматтық үшін берілетін диплом сияқты. Тезірек жасырынып үлгіріңіз, себебі әлем сіздің шын пайдалы екеніңізді білсе, сіз аукцион арқылы ең жоғары баға берген кісіге сатылып кетесіз. Еркектер мен әйелдер неге өз-өздеріне жарнама жасайды? Бұл құлшылық замандарынан қалған өмір сүру құлшынысы емес пе? Идеяның батылдығы, оның кейінгі қозғалыстарға басшылық ету қабілетінен гөрі, қазіргі ойлау жүйесінен аса алу мүмкіндігінде. Даошылдық қытайды қытай қылған Шин династиясының заманында белсенді күш болды. Егер бізде уақыт болғанда, оның өз замандастарына жасаған ықпалын атап өту қызық болар еді: ойшылдарға, математиктерге, заң мен соғыс туралы жазған жазушыларға, мистиктер мен алхимиктерге, және кейін Янгсте-Кьянгтың ақын-табиғатшылдарына. Біз тіпті ақ жылқының шынайылығы ақтығынан ба, әлде, оның қатты дене болуынан ба деп күмәнданған ойшылдарды, немесе, зен философтары сияқты таза және абстрактты нәрсені талқылаудан ләззат алған, Сикс әулетінен шыққан конверсацияшылдарды да жоққа шығармас едік. Мұнан бөлек, оған нефрит сынды жылы ұстамдылық пен сезімталдыққа белгілі қабілет дарытып, қытай ұлттық мінезін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін сыйлар едік. қытай тарихы даошылдыққа ергендер, олар ханзада, немесе, дәруіш болсын, түрлі нәтижелерге жетіп, өз іліміне адал болғандар туралы мысалға толы. Ол анекдоттар, аллегориялар және афоризмдерге бай болады. Біз ешқашанда өлмеген және ешқашан дүниеге келмеген ғажап императормен қуана әңгімелесеміз. Біз Лиехсте мен бірте желге билік ете аламыз және бұған түк те таңданбас едік, себебі, біз өзіміз де желміз той, немесе, Көк пен Жердің арасында тұрған Хонг-Хо ақсақалмен бірге ауаны мекен етер едік, себебі, ол анаған да, мынаған да бағынбайтын. Тіпті, қазіргі қытайдағы Даошылдықты ақтаудың өзінен біз өзге ұлттарда мүмкін емес қиял байлығына ләззатана аламыз. Бірақ Даошылдық Азия өміріндегі ең басты үлесін эстетика саласына қосты. қытай тарихшылары даошылдық туралы әрқашанда әлемдегі тірлік ету ретінде әңгіме қылтан, себебі, ол осы шақтағы бізбен істес. Дәл біздің өзімізде ғана Тәңірі табиғатпен кездеседі, және кешегі болашақпен қош айтысады.Осы шақ екі ұдайлықтың шынайы сферасы Шексіздікті қозғайды. Екіұдайлық икемділікті іздейді, Икемділік ол өнер. өмір сүру өнері өзіміздің айналамызға әрдайым икемдене беруімізден тұрады. Жердегі тірлікті даошылдық, ол қандай болса, сондай қабылдайды, және конфуцийшылдар, немесе, буддашыларға қарсы сұлулықты қайты мен сергелдең әлемінен табуға талпынады.
Сун кезіндегі уксустың үш дәм татушылары туралы емеурін үш ілімнің бағыт айырмашылығын тамаша түсіндіреді. Сакьямуни, Конфуций және Лаотце өмір баламасы — уксусы бар құмыраның алдында тұрып, оған саусағын батырып дәмін татқан екен. қарабайыр Конфуций оны қышқыл деп тауыпты, Будда оны ащы деп атапты, ал Лаотце оны тәтті деп санапты. Даошылар, егер әркім бірлікті сақтаса, өмір атты комедия бұдан гөрі қызықтау болар еді деп санаған. Заттардың мөлшер деңгейін сақтап, өзгелерге орын беріп, өз орныңнан айырылмасаң, адам драмасының құпиясына жеткенің. өзіміздің рөлдерімізді тиісті мөлшерде ойнау үшін, біз бүкіл пьесаны білуге тиіспіз. Жалпылық ілімі ешқашанда жалқыда жоғалмауға тиіс. Лаотце бұл ойын өзінің Вакуум туралы метафорасымен әшекейлейді. Мысалы, бөлме шынайылығын төбе мен қабырғалардың өзінен емес, солардың арасындағы бос кеңістіктен табуға болады. құмыраның пайдалылығы құмыраның, немесе, жасалған материалының қалыбында емес, оның ішінің су құюға ыңғайлы қуыстығында. Вакуум құдыретті, себебі, онда бәрі бар. қозғалыс тек вакуумда ғана мүмкін болады. өз-өзінен өзгелер еркін кіре алатын вакуум жасаған [тұлға] барлық жағдайдың иесіне айналар еді. Тұтастық әрқашанда бөлшекке үстемдігін жүргізе алады. Даошылдықтың осы идеалдары біздің қозғалыс туралы ілімдеріміздің бәріне, тіпті, қылыштасу мен күреске де ықпал етті. Жапондықтардың өз-өзін қорғау өнері Джиу-джицудың атауы Дао Дэ Цзинның бір үзіндісінен шыққан. Джиуджитсуда өз күшін ақырғы айқаста жеңіп шығуға сақтап вакуум секілді ешнәрсеге қарсыласпай, қарсыластың күшін болдырып, әлсіретуге тырысады. өнерде де осы қағиданың маңыздылығы болжамның құндылығын көрсетеді. Бірнәрсе айтылмай қалған жағдайда, көрерменге идеяны аяқтау мүмкіндігі беріледі, сол арқылы сіз өзіңізді оның бөлігі ретінде сезгеніңізше ұлы шығарма сіздің назарыңызды тартады да тұрады. Вакуум сізге кіріп, өзіңізді эстетикалық сезімдерге толтыру үшін қалдырылған. өмір өнерін үйрене алғандар нағыз Даошыл еді. Туылғанда ол шынайылықта тек өлімнен кейін ояну үшін қиял аймағына кіреді. Ол өзгелердің қараңғылығымен араласу үшін өзінің нұрлылығын басады. Ол "өзеннен қыста өткен кісідей көңілсіз, көршісінен қорыққандай екі ойлы, қонақтай сый-сияпатты, еріген мұздай қалтырақ, одан әлі ешнәрсе ойып кеспеген ағаштай қарапайым, жазықтай бос, лай судай нұсқасыз. Ол үшін Аяу, үнемдеу, және Кішіпейілділік өмірдің үш асыл тасы болған. Егер біз қазір Зеншілдікке жүгінсек, ол Даошылдық ілімдеріне ерекше салмақ салынады. Зен — медитация мағынасындағы санскриттік Диана сөзінен шыққан атау. Ол қасиетті медитация арқылы өз-өзіңді жүзеге асырудың жоғарғы дәрежесіне жетуге болатынын нұсқайды. Медитация буддизмды ұғынуға мүмкін беретін алты тәсілдің бірі, және Зен жақтаушыларының айтуынша, Сакьямуии өзінің соңғы ілімдерінде, билікті өзінің бас шәкірті Кашьяпаға ұсынып отырып, осы тәсілге аса мән берген. Солардың дәстүріне сәйкес, Кашьяпа, Зеншілдіктің бірінші ақсақалы бұл құпияны анандамен бөліскен, ал ол оны өзге ақсақалдарға таратып, сөйтіп, жиырма сегізінші ақсақал Бодхи Дхармаға жеткен. Бодхи Дхарма Солтүстік қытайға алтыншы ғасырдың бірінші жартысында келіп, қытай Зенншілдігінің бірінші ақсақалы болған. Бұл ақсақалдардың тарихымен ілімдерінде көп анық емес нәрселер бар. Философиялық тұрғыда ертедегі Зенншілдік, бір жағынан, Нагарджунаның үнді негатившілдігіне, екінші жағынан, Санчарачарья тұжырымдаған Гнан философиясына ұқсас. Бірінші Зенншілдік, яки біз қазіргі уақытта білетін Зенншілдік қытайлық алтыншы ақсақал Йеноға жатуы мүмкін. Ол Оңтүстік қытайда туындаған Оңтүстік Зенншілдік бағытының негізін қалаушы ұлы Басо (788 ж. қайтыс болған) оның ең жақын ізбасары болды. Ол Зенншілдікті қытай өміріндегі ықпалды ілімге айналдырды. Басоның шәкірті, Хиакужо (719-814) алғашқы болып Зенншілдіктің монастырын ашты және оны басқарудың рәсімдік ережелерін жасады. Басодан кейінгі Зенншілдік мектебінің өкілдері өз үнді түпнұсқасынан бөлектеу болды. Оңтүстік Зенншілдіктің Лаотценің және даошыл конверсацияшылдар іліміне ұқсастығын байқамауға болмайды. "Дао Дэ Цзинде" біз Зенншілдік әрекетіндегі ең маңызды нәрселер өз-өзіңді жинақылау мен тыныс алу мөлшеріне бақылау жасау қажеттілігін көреміз. Лаотце кітабына ең үздік түсініктемелерді Зенншілдер жазған. Зенншілдік Даошылдық сияқты салыстырмалылықты дәріптеу. Бір ұстаз Зенншілдікті Темірқазықты аспанның оңтүстік жағынан табу өнері дейді. Тек қарама қайшы нәрсені түсінгенде ғана шындықты ұғынуға болады. Және Зенншілдік тағы да Даошылдық сияқты жекетұлғалылықтың көрнекті өкілі. Біздің өз санамыздың жұмысынан өзге шынайылық жоқ. Бір күні Йено, алтыншы ақсақал, желмен желбіреген пагода жалауына қарап тұрған екі монахты көріпті. Біріншісі "Бұл жел қозғалысы депті", екіншісі "Бұл жалау қозғалысы" деген екен. Сонда Йено оның жел де, жалауда емес, тек әлгі монахтардың санасындағы бірдеңе екенін түсіндіріпті. Хиакужо орманда шәкірттерімен серуендеп жүргенде олардың алдарынан бір нән қоян жүгіріп өтіпті. "қоян неге сенен қашты?" деп сұрапты Хиакужо. "Себебі, ол менен қорқады!" деген жауап алыпты. "Жоқ, олай емес, — депті ұстаз. — Себебі сенде қанішерлікке жақындық бар". Бұл Соши, даошыл және оның досы арасындағы сұхбатқа ұқсас. Бір күні Соши өзен жағасында досымен серуендеп жүр екен. "Мына балықтар қандай рахаттануда!" деп тамсаныпты Соши. Оған досы айтыпты: "Сен балық емессің, балықтың рахаттанып жатқанын қалай білмексің?". Даошылдықты Конфуцийшілдікке қарсы қойғандай, Зенншілдікті дағдылы Буддашылдыққа жиі қарсы қоятын.
Зенншілдікке тән мәнге жету трансцендентальды [аттама] қабілеті үшін сөздер ойды ауырлататын нәрсе. Барлық буддалық кітаптар тек өз ойларына жазған түсініктемеден тұрады. Зенншілдіктің ізбасарлары заттардың ішкі табиғатымен бетпе-бет араласуға тырысқан. Олардың сыртқы пішіні Шындықты анық тануға кедергі жасайды деп санаған. Егер зенншілдер классикалық буддалық мектептерінің түрлі түсті суреттерінен гөрі қара және ақ сұлбаларды ұнатса, оларды бұған жеткізген абстрактылыққа деген сүйіспеншілігі. будданы бейнемен сұлбадан гөрі өз-өздерінен тануға тырысқандықтан зенншілдердің кейбіреуі тіпті иконамен күресушіге айналды. Танкавашо қыстың бір күнінде от жағып жылыну үшін Будданың ағаш сұлбасын қиратып жатыр екен. "Бұл не деген қасиетсіздік!" деп шошыныпты көзі көрген. "Мен Шалиді күлден шығарып алам", — деп аспай-саспай жауап беріпті зенншіл. "Бірақ мына бейнеден сен Шалиді ешқашанда таба алмайсың ғой" деген қарсы жауапқа Танка былай депті: "Егер мен таба алмасам оның расында да Будда болмағаны, онда мені қасиетсізсің деп кінәлауға болмайды". Сосын ол жағылған отқа жылыну үшін теріс айналыпты. Зенншілдіктің шығыс философиясына қосқан ерекше үлесі деп оның дүнияуи нәрсенің маңызы жағынан рухани нәрсеге тең екенін мойындағаны болатын. Оның айтуынша, заттардың өзара байланысында үлкен мен кішінің арасында айырма жоқ, атом әлемменен тең мүмкіндікте. Мінсіздік іздеген адам өз өмірінде ішкі сәуленің көрінісін табуға тиіс. Бұл тұрғыдан зенн монастырінің тұрмыс тәртібі өте маңызды еді. Аббаттан өзге әрбір мүше монастырдің гүлденуіне жұмыс істеуге тиіс еді. Және ең қызығы, жаңа келгендерге оңайырақ міндеттер жүктелген, ал ең сыйлы монахтарға ең ауыр және малайлық жұмыстар берілген. Мұндай қызмет зенншілдік тәртібінің бір бөлігі болған және ең маңызсыз әрекет мінсіз жасалуға тиіс еді. Осыған байланысты, көптеген маңызды пікірталастар бақша салу, репаны аршу, немесе шәй беру рәсімі кезінде жасалған. Шәйшілдіктің бар мұраты Зенншілддердің өмірдегі ең маңызсыз оқиғалардан ұлылық табу концепциясынан туындайды. Даошылдық эстетикалық мұраттарға негіз жасаған, Зенншілдік оны өмірлік әрекетке айналдырған.
IV. Шәй ішу бөлмесі
Тас пен қыш негізіндегі үй салу дәстүрінде тәрбиеленген еуропа архитекторлары үшін біздің ағаш пен бамбуктан салатын жапон тәсіліміз тіпті архитектура саналмауы мүмкін. Тек жақында тана батыс архитектурасының білімпаз зерттеушісі біздің ұлы храмдарымыздың мінсіздігіне тиісті бата берген екен. Біздің классикалық архитектурамызға деген осындай немқұрайлықты еске алсақ, өзге біреудің біздің шәй ішуге арналған бөлмеміздің сұлулығын, оның құрылысын және әшекейлену қағидасын бағалай алады деу қиын, себебі, ол батыстағы бүкіл үйреншікті нәрседен бөлек.
Шәй бөлмесінің бар мақсаты жәй үй болу ғана, біз оны қамыс құжыра деп атаймыз. Sukiya үшін арналған алғашқы идеограммалар оны "қиял мекені" деп таңбалаған. Соңғы уақытта шәй жөніндегі түрлі мамандар өздерінің түрлі концепцияларына байланысты кейбір қытай иероглифтарын ауыстырған, енді Sukiyanbi бос кеңістік, немесе үйлесімсіздік мекені деуге болады. Оны "қиял мекені" деуге болады, себебі, ол ақындық сезімді әйгілеу үшін жасалған өткінші құрылым. Оның бос кеңістіктің мекені болатыны, онда тек осы кезгі эстетикалық сезімдерді қанағаттандыру үшін ғана қойылатын әшекейден өзге ешнәрсе болмайды. Оның үйлесімсіздік мекені болатыны, ол мінді нәрсені дәріптеу үшін жасалған. Егер ол кейбір заттарды тәмамдалмаған күйі қалдырса, олар қиялда тәмамдалуға тиіс. Он алтыншы ғасырдан бастап шәйшілдік мұраттарының бізге ықпал еткені сонша біздің осы күндегі кәдімгі жапон интерьеріміз әшекейлерінің аса қарапайымдылығы мен қатаң тәртіптілігіне байланысты шетелдіктер үшін мүлде бостай көрінеді.
Дербес шәй бөлмесін алғаш жасаған Рикью деген соңғы есімімен белгілі Сенно-Сейоки. Шәй білгірлерінің ең ұлысы ол он алтыншы ғасырда Тайко-Хидейошидің қамқорлығымен шәй рәсімі құбылысын ашып, оны аса биік мінсіз қалыпқа жеткізді. Алғашқыда шәй бөлмесінің өлшемін он алтыншы ғасырдың ғажап білгірі Джово белгілеген еді. Ертедегі шәй қонақ қабылдау бөлмесінің бір бөлігі ғана болатын. Айырмашылығы, ол шәй ішу үшін кездескендерді ширмамен бөлетін. ІІІирмамен бөлінген бөлме kakoi (қоршаланған орын) деп аталатын. Мұны қазір дербес емес, үй бөлмесі ретіндегі шәй бөлмесіне қолданады. Сукнйя бес адамнан артық ешкім сыймайтын шәй бөлмесінен тұрады. Еуропаша айтқанда, адамдардың саны грациядан көп болса да, музалардан аз. Сонымен, шәй бөлмесі, шәй жабдықтары әкелінуден бұрын жуылып, дайындалатын алдыңғы бөлмеден, қонақтар шәйға шақыру уақытын күтіп демалатын портиктен және портикті шәй бөлмесімен қосатын бау-бақша соқпағынан құралады. Шәй бөлмесі сырт пішінімен таң қалдыра алмайды. Ол ең шағын жапон үйінен де кіші, және құрылысқа қолданған материалдарына қарасаңыз, көркем кедейлікті ғана болжай аласыз. Бірақ мұның бәрінің терең көркемдік ойдың нәтижесі екенін сіз есте сақтауға тиіссіз. Мүмкін, мұндағы кейбір детальдар салтанатты сарай мен храмдардың құрылысына жұмсалатыннан гөрі байыпты мждаһаттылықпен жасалған шытар. Жақсы шәй бөлмесі жәй бай үйден қымбат тұрады, себебі, оған жұмсалатын материалдарды таңдау және оны салып бітіру үшін ғажап байыптылық пен дәлдік қажет. Расында да, шәй білгірлері жалдаған ағаш мамандары өз әріптестері арасында ерекше және жоғары тап болып саналады. Себебі, олар жасайтын жұмыстың көркемдігі лакталған кабинеттер жасайтындардың өнерінен кем емес. Шәй бөлмесі өзінің өзгешелігімен тек батыс архитектурасымен шектелмей, тіпті, жапонияның өз классикалық архитектурасына қатты қайшы келетін. Біздің ескі ізгі ғимараттарға, олар дүнияуи, немесе, шіркеулік болсын, олардың көркемділігі үшін де менсінбеушілікпен қарауға болмайды. Барлық тарихымыз бойы болған лаулаған өрттерден аман қалған кейбіреулері өзінің ұлылығымен және ішкі әшекейінің байлығымен мінәжат сезіміне жетелегендей. Диаметрінде екі-үш және биіктігі отыз-қырық футтық аташтан жасалған орасан колонналар доғалардың, қыштан жабылған төбелерінің салмағынан сықырлаған алып бағаналардың күрделі шырмауы арқылы тұрғызылған. Материалдары мен құрылыс тәсілі өртке қорғансыз болса да жер сілкіну барысында өзінің өміршеңдігін дәлелдеген. Хорьюжидің "Алтын залында" және Йякушижидің пагодасында ағаш архитектурасының мәңгі екенінің ғажап үлгілері бар. Бұл ғимараттар он екі ғасырдай еш нұқсансыз тұрған. Храмдар мен сарайлардың ішкі жабдығы ғажап бай болған. Оныншы ғасырдікі деп аталатын Уджидегі Хоодо храмында әлде де өте шебер жасалынған жабу мен алтындалған балдахиндерді, тіпті, олардың түрлі түсті және айна һәм маржанмен әдіптелген түрлерін, сонымен бірге, бұрын қабырғаларды жапқан сурет пен мүсіндердің қалдықтарын көруге болады. Киотодағы кейінгі кезгі Никко және Нишо қамалдарынан біз бояуы мен бөлшектер әдемілігі ең салтанатты араб және мавритан ескерткіштерінен кем емес ішкі әшекейге құрбандыққа шалынған тәртіп сұлулығын көреміз. Шәй бөлмесінің қарапайым және таза болатыны ол зенн монастыріне еліктеудің нәтижесі. Зенн монастырі өзге буддашыл секталардікінен өзгешеленетін, себебі, монахтар тұрағы болу үшін жасалған еді. Оның ғибадатханасы мінажат пен ғибадат орны емес, ол шәкірттер пікірталасқа, немесе, ойға шомуға жиналатын ортақ бөлме. Бөлме бос, тек альковта ғана алтарьдан кейін Бодхи Дхарма, немесе, Сакьямунидің мүсіні қойылған. Оларға сектаның бірінші ақсақалдары Канхьяпамен Ананда қызмет етеді. Алтарьда осы данышпандардың құрметіне қойылған гүлдер мен хош иіс. Біз шәй рәсімінің негізіне зенншіл монахтары жасаған Бодхи Дхарма бейнесі алдындағы кеседен шәй ішу рәсімінен шыққанын бұдан бұрын айтқанбыз. Біздің қосатынымыз, егер токонома сурет пен гүлдер қойылған жапондықтардың төргі бөлмесі болса, мұның түпнұсқасы зенн ғибадатханасының алтарі.
Біздің бүкіл шәйдің ұлы білгірлері Зенншілдікті зерттеп, оның рухын өмірге кіргізуге тырысқан. Мысалы, шәй бөлмесі және шәй рәсімінің жабдығы зепншілдіктің көп ілімдерінен хабар береді. Төрт жарым ши тоқымға, он шаршы футқа тең шәй бөлмесінің дәстүрлі мөлшері "Викрамадитья" сутрасында анықталады. Осы қызық еңбекте Викрамадитья әулие Манжушири және Будданың сексен торт мың шәкіртін осындай көлемді бөлмеде қабылдайды, себебі, нағыз көзі ашылғандар үшін кеңістік кедергі емес. Сол сияқты портиктен шәй бөлмесіне апаратын бау-бақша соқпағы өз-өзіңді ұғынуға (санаңның ашылуына) жетелейтін медитацияның бірінші сатысын белгілеген. Бұл соқпақ сыртқы дүниемен байланысты үзіп және шәй бөлмесінің өз эстетикасымен ләззатануға апаратын жаңа сезім туындатуға арналған. Осы бау бақша соқпағына табан тіреген ол тәртіпсіз тасталынған тас баспалдақтар арқылы мәңгі жасыл өсімдіктердің көлеңкесіне қадам басып, аяқ астында жатқан қарағай шәйірінің тыныс ашатын иісін жұтып, мох арасынан қызараңдаған фонарлардың жанынан өткен сайын жәй ойлардан жоғарылағанын сезінер еді. қаланың орталығында тұрып, өзіңді өзіңді өркениет шаңы мен шуылынан алыс орманда тұрғандай сезінуге болады. Сабырлық пен тазалықтың осы ықпалын әйгілеуде шәй білгірлерінің шеберлігі зор. Түрлі шой білгірлерінің бау бақша соқпағынан өткен кездегі пайда болған сезім табиғаты әр басқа. Кейбіреуі, Рикью сияқты, толық жалғыздыққа талпынған және олардың айтуынша, roji жасау құпиясы ескі өлеңде келтірілген:
Мен бәрінің үстінен қараймын,
Гүл жоқ,
Түрлі түсті жапырақ та жоқ,
Теңіз жағасында жападан жалғыз үй тұр,
Жарты ай жарығында,
Күз қарсаңында.
Өзгелер Кобори Эншью сияқты, өзгеше әсер іздеген. Оның айтуынша бау бақша соқпағының мұратын төмендегі жолдардан табуға болады:
Жазғы талдар тобы,
Теңіз мүйісі,
Тұнжыраған кешкі ай.
Мағынасын түсіну қиын емес. Ол өткеннің бұлдыр түстерінде әлде де тұтқындаулы, бірақ жұмсақ сәуленің санадан тыс тәттілігіне шомыла бастаған және алдында жатқан еркіндікті құмарлана армандаған жаңа оянған жанның халін суреттеу еді.
Осылайша дайындалған қонақ қасиетті орынға жақындаған және ол өзі самурай болса, семсерін төбе астындағы сөреге қалдырған. Себебі шәй бөлмесі аса биік дәрежедегі бейбітшілік үйі еді. Сосын ол белін бүгіп еңкейіп биіктігі үш футтан аспайтын шатын есіктен кірген. Бұл рәсім жоғары мен төменнің барлығына бірдей еді, және кішіпейілділік дарытуға арналған. Көш бастау мәселесі портиктегі демалу барысында өзара келісілетін, қонақтар бірінен соң бірі бөлмеге кіріп, өз орындарын иемденуі керек еді.
Барлық қонақтар отырмай, және оны тек темір шәйнектегі қайнаған судың дыбысы бұзған тыныштық орнамағанша, үй иесі үйге кірмейді. Шәйнек жағымды дыбыстарға толы, себебі, оның түбінің жасалғаны сондай, онда бұлттармен көмкерілген нөсердің дабылын, жарға соғылған алыстағы теңіздің толқындарын, бамбук орманынан ағып өткен боранды жаңбырдың, немесе, алыстағы төбедегі қарағай күбірін өзіне сіңірген ерекше әуез естілгендей. Тіпті, күндіздің өзінде бөлмедегі сәуле көмескі, себебі, еңістенген төбенің еңіс карниздері күн сәулесін тым аз жібереді. Төбеден еденге дейіннің бәрі жұмсақ түстерге боялған, қонақтар көз шағылыстырмайтын киімдерді өздері ыждаһатпен таңдайды. Барлығы көнелікке боялғандай, барлығы қазіргі нәрсені қолдануға болмайды дегендей, тек бамбуктан жасалған ожау мен шыт салфеткадан өзге нәрсенің. Олар әрқашанда мінсіз ақ және таза болуға тиіс. Ең қараңғы бұрыштың өзінде шаң-тозаңның ізін табуға болмайды, себебі, оның ізі түгіл бөлшегі болса, үй иесінің шәй білгірі болмағаны. Шәй білгірі үшін ең қажетті нәрсенің бірі сыпыру, тазалау және жуу тәсілдерін игеру, себебі, тазалау мен шаң-тозаңды сүртуде тұтас өнер жатыр. Ескі темір қол өнері зат маржанының қалай болса солай жұлқынған шабуылының астында қалуға тиісті емес. Гүл құмырасынан тырсылдап аққан суды сүртіп тастауға болмайды, себебі, ол өзімен қоса шық пен самалды әкелуі мүмкін. Бұл тұрғыда, шәй білгірлеріне қымбат тазалық мұратын жақсы әйгілейтін Рикью туралы бір хикая бар. Рикью өзінің ұлы Шоанның бау-бақша соқпағын қалай сыпырып, жуғанын бақылаған екен. Шоан жұмысын бітіргенде Рикью "Онша таза емес" деп, қайтадан тазалауын талап етіпті. Бір сағаттық азапты жұмыстан кейін баласы Рикьюге айтыпты: "әке, мұнан артық ешнәрсе жасауға болмайды. Баспалдақтар үш мәрте жуылған, тас шырақтар мен талдарға жақсылап су себілген, мох пен лишайник жасыл түспен жарқырап тұр, жерде мен бір жапыраққа дейін қалдырған жоқпын. "Жас ақымақ" — деп, ұрысты оны шәй білгірі, бау-бақша соқпағы олай тазаланбау керек. Солай деп Рикью баққа кірді де, аташты жұлқылап, бауға алтын және қоңыр-қызыл түсті, күздің панбархатын шашып тастады. Рикьюдің талап еткені тек қана тазалық емес, сонымен катар, сұлулық пен табиғилық еді. "қиял мекені" деген атау жеке тұлғалық көркемдік сұраныстарды қанағаттандыру үшін жасалған құрылымды талап етеді. Шәй білгірі шәй бөлмесі үшін емес, шәй білгірі үшін жасалған. Ол кейінгі буындар үшін жасалынған емес, сондықтан, өткінші. әркім өз жеке үйіне ие болу керек деген ой көне жапон дәстүріне негізделген. Шинто (синто — ә.қ.) сенімі бойынша әрбір үй оның басты иесі өлгеннен кейін босатылуға тиіс. Мүмкін, бұл тұжырымның себебі ретінде жүзеге аспаған бір гигиеникалық себептері болған шығар. Тағы бір ескі дәстүрдің талабынша, әрбір жаңа үйленген жанұя жаңаша тұрғызылған жаңа үймен қамтамасыз етілуге тиіс. Мүмкін, ерте замандарда империя астанасының бір орыннан өзгеге жиі ауыстырылатыны осы себептен болған.
Әр жиырма жыл сайын Күн Тәңірісінің басты мазары, Исе ғибадатханасының құрылысы осы біздің күндерімізге шейін жеткен көне дәуірлердің мысалы болғандай. Мұндай әдеттерді сақтау тез бұзылуға һәм тез жиналуға бейім біздің ағаш архитектурасы жүйесі қамтамасыз ететін тек осындай нұсқасымен мүмкін еді.
Кірпіш пен тасқа негізделген көп ұзаққа созылатын машық миграцияларды тиімсіз қылатын еді. Біз Нара дәуірінен кейін қытайдан келген біздікінен мықты және ауыр ағаш құрылысты қабылдағанда дәл солай болды. Бірақ он бесінші ғасырда Зенншілдіктің жеке тұлғалығы басымдылық алғаннан кейін, шәй бөлмесі жасалуына байланысты көне идеяға жаңа терең мағына қосылды. Буддалық ғайып болу іліміне және осы ілім талап еткен руханилықтың дүнияуиға ықпал етуге тиістілігіне байланысты Зенншілдік үйді тәннің тек уақытша панасы деп қабылдаған. Тәннің өзі айналадағы шөптен жасалынған және бірге байланыстырылған табиғатқа уақытша тығылу еді, байланыс үзілгенде олар қайтадан алғашқы қалдықтарына бөлінген. Шәй бөлмесіндегі мығымсыздық көрінісі ретінде қамыс төбені, ши колонналарының әлжуаздығын, бауыр бақандарының салмақсыздығын, кәдімгі материалдарды қолдануға селқостығын атауға болады. Шәй бөлмесінің жекетұлғалық талғамға сәйкес тұрғызылуы өнердегі өміршеңдік қағидасының айғағындай. өнер өз дәрежесінде бағалану үшін қазіргі өмірге қатысты өте дәл болуға тиіс. Ол біздің кейінгі буындардың талабын тәрк еткеніміз емес, қазіргі осы шақпен ләззатануға тырысқанымыз. Бұл біздің өткен шақта жасалған шығармаларды сыйламағанымыз емес, оларды өз санамызға сіңіре білгеніміз. Дәстүр мен ережелерге құлша бағыну архитектурадағы дарашылдықтың әйгіленуіне кедергі болады. Жапониядағы еуропалық ғимараттарға мағынасыз еліктеуді көргенде, өкіріп тұрып жылағың келеді. Біздің таң қалатынымыз, ең озық батыс ұлттарының архитектурада түк өзіндік нақышы жоқ, тек ескірген стильдерді әрдайым қайталай беруі. Мүмкін, біз жаңа династия жасайтын ұлы шебердің келуінің қарсаңында демократизациялану дәуірінен өтудеміз. Біз ескілерді көбірек сүйіп, оларға азырақ еліктесек жақсы болар еді. Гректердің ұлы болатыны, олар өздерінің ескі мұраларын қайталамаған. Бос кеңістік мекені деген атау даолық ілімнің негізгі мағынасын жеткізумен катар декоративтік нақыштардың өзгере беру қажеттілігін қостайды. Шәй бөлмесі мүлде бос, онда тек эстетикалық мұқтаждықты қандыра алатын уақытша нәрселер қойылады. әуелде өнердің кейбір арнайы заттары әкелініп, алғашқы тақырыптың сұлулығын үдету үшін барлық жағдай жасалады. Түрлі музыкалық шығармаларды бір уақытта тыңдау мүмкін емес. әсемдікті нағыз ұғыну тек басты әуенге шүйілгенде ғана мүмкін. Сол сияқты біздің шәй бөлмелеріміздің жабдық жүйесі үй интерьерін музейге айналдыратын батыстық әдетке қарсы. Жабдықтың қарапайымдылығына және декорация тәсілдерін жиі ауыстыруға үйренген жапон үшін ылғи да көптеген сурет, мүсін, әшекейге толы батыс интерьері байлық көрсетудің дөрекі түріндей ерсі эсер қалдырады. Ол, расында да, шедеврдің өзін күнделікті бұйымға айналдыратын орасан зор байлықты талап етеді. Еуропа мен Америкада жиі кездесетін түс йен нұсқаның осынша сіңіскен жағдайында күнбе-күн өмір сүре алатындардың көркемдікті қабылдау қабілеті расында да шексіз болуға тиіс. үйлесімсіздік мекені біздің декоративтік жобамыздың келесі деңгейін болжағандай. Жапон өнеріндегі үйлесімділіктің жоқтығы батыс сыншылары тарапынан жиі пайымдалды. Бұл да Даошылдықтың идеяларын Зенншілдік арқылы жетілдірудің нәтижесі. Екі нұсқалық идеясы терең сіңген Конфуций ілімі және үш нұсқалықты қатерлейтін солтүстік буддашылдық үйлесімділікті әйгілеуге ешқашан қарсы шықпаған. Дәлдеп айтқанда, егер біз көне қытай қоласын, немесе, Тан әулетінің және Нара дәуірінің діни өнерін зерттесек, біз үйлесімділікке тұрақты талпыныс бар екенін мойындаймыз. Біздің классикалық интерьерлеріміздің жабдығы өз құрылымы бойынша өте жөнді болатын. Бірақ Даошылдық пен Зенншілдіктің мінсіздік туралы түсінігі мүлде басқаша болатын. Олардың философияларының әрекетшіл табиғаты мінсіздіктен гөрі оған жету жолдарын көрсетуге тырысқан. Нағыз сұлулыққа тек аяқталмаған нәрсені ойша аяқтаған ғана жетеді. өмір мен өнердің қайсарлығы олардың осу мүмкіндігінде жататын. Шәй бөлмесінде әрбір қонақ үшін қиялға мүмкіндік қалдырылады. әрбір көз алдындағы көріністі ол ойша жалғастыруға тиіс. Зенншілдік басты ойлау тәсіліне айналған соң қиыр Шығыс өнері үйлесімділіктен әдейі қашқақтайтын болды. Себебі, тәмамдалу қайталауға ұрындыратын. Дизайнның бір қалыптылығы қиялдың алғырлығына зиян деп саналған. Осыған байланысты алқаптар, құстар жөне гүлдер сурет өнерінің сүйікті нұсқасына айналды. Себебі, адамдар көрермен ретінде онсыз да бар болатын. Біз көбінесе жиі көзге түсеміз, сондықтан біздің менмендігімізге қарамастан, тіпте, өз-өзіңе сыйластықтың өзі де кейде тым бір ырғақты. Шәй бөлмесінде бәрінен бұрын қайталаудан сескенеді. Бөлмені безендіретін түрлі заттар түсі мен дизайны қайталанбайтындай таңдалуға тиіс. Гүліңіз тірі болса оған оның суретін қосақтамаңыз. Егер шәйнегіңіз домалақ болса, құманыңыз бұрышты болуға тиіс. қара түсті кесеңіз қара пәрнекті еске түсірмеуге тиіс. Токономуға хош иісті түтіні бар шыны ыдысты қойғанда, оның қақ ортада тұрмауын қадағалауға тиіссіз. Себебі, онда ол кеңістікті тепе-тең екі жартылыққа бөледі. Токонома коллонасының аташы өзге коллонналардікінен бөлек болуға тиіс. өйткені, бөлмедегі бір ырғақтылық туралы ой тумау керек. Бұл арада үй безендірудің жапонша тәсілі жаппай түрде үйлесімділікке сүйенген батыстық тәсілден ерекшеленеді. Батыстық үйлерде біз өзімізге пайдасыз қайталану сияқты көрінетін құбылыстармен жиі кездесеміз. Бұл бізге бойын барынша тіктеп иесінің арқасынан қараған оның портретімен сөйлескендей әсер қалдырады. Біз "бұлардың қайсысы шын — суреттегісі ме, әлде, сөйлеп тұрғаныма?" деп дал боламыз және бізде осылардың әйтеуір бірі өтірік-ау деген сезік пайда болады. Біз кейбір асханаларда олардың қабырғаларының шектен тыс безендірілуін түсінбей біраз отырғанбыз. Мына аң аулау мен спорт құрбандарының суреттері, шебер ойылып жасалған балықтар мен жемістердің керегі не? Біз үшін осында дәм татып, ал қазір қайтыс болған жанұяның суреті бар тарелкаларды іліп қоюдың себебі түсініксіз. Шәй бөлмесінің қарапайымдылығы және дөрекіліктен ада болуы оның жүйкені жұқартатын сыртқы әлемге ұқсамайтын нағыз қасиетті орынға айналдырады. Сонда және тек сонда ғана әсемдікке табынудың қаннен қаперсіз халіне бойлауға болады. Он алтыншы ғасырдың шәй бөлмелері Жапонияны біртектілеп және қайта жандандырған қатыгез сарбаздар мен мемлекеттік қайраткерлерге көксеулі демалыс орны болатын. Он жетінші ғасырда Токугаваның қатаң билігінен кейін сал-серілікке ұмтылған тұлғаларға еркін қарым-қатынастың жалғыз мүмкіндігін ұсынатын. үлкен өнер даймио, самурай және қарапайым адамды бір бірінен бөлмейді. Бұл күндері өндірістену нағыз сырбаздықты бүкіл әлемде тым қиындатып барады. Демек, біз қазір шәй бөлмесіне бұрынғыдан да мұқтажбыз.
V. Өнер түсінігі
Сіз арфаны бағындыру туралы даолық аңызды естідіңіз бе? Ерте замандарда, Лангмен шатқалында, орманның нағыз патшасы, Кири ағашы өскен. Оның төбесінің биіктігі жұлдыздармен сөйлесуге жарайтын еді, оның тамырларының тереңдігі сонша, жер ұйықтап жатқан күміс айдаһардың құйрығымен ұштасып, сақиналанып жататын. Бір күні құдыретті сиқыршы осы ағаштан арфа жасап, оған тек ең ұлы сазгерге ғана бағынатын қайсар рух дарытқан екен. Көп уақытқа дейін бұл аспапқа қытай императоры иелік еткен, бірақ, ешкім оның ішектерінен әуез шығара алмаған екен. Олар қанша талаптанса да, арфадан олардың айтуға тырысқан әндеріне сәйкес емес қасарысқан, менмен дыбыстар шыққан екен. Арфа шеберді мойындаудан бас тартқан.
Ақыры, арфашылардың патшасы Пейво келеді. Ол жұмсақ қолымен арфаны асау атты еркелеткендей сипалайды. Ол табиғат және жыл мезгілдері, биік таулар мен аққан өзендер туралы жырлады, сөйтіп, ағаштың естеліктерін оятты! Оның бұтақтары арасында тағы да көктемнің тәтті демі ойнап, жас ағындар шатқалда билеп, ашылған гүл қауыздарына күлді. Сәлден соң мириад шыбын-шіркейге, жаңбырдың жұмсақ тықылына, көкектің шақыруына толы жаздың арманшыл дыбыстары естілді. құлақ түр! Міне, жолбарыс ақырды және жазықтан оның жаңғырығы естілді. Бұл күз жапан түздегі түнде қылыштай өткір Ай қырау басқан шөпке сәуле төгеді. Ал енді қыс билік құруда, қарға толы ауада аққулар тізбегі ойқастайды, буырқанған қуаныш пен бұршақтар бұтақтарға ұрғылайды.
Сонсоң Пейво әуенін өзгертті де, сүйіспеншілік туралы айтты. Орман терең ойға шомған құмарлы бозбаладай теңселе бастады. Биікте, менменшіл қызға ұқсас, мөлдір және таза ақша бұлт жүзіп өтті. Одан жерге шарасыздықтай қара ұзын көлеңкелер түсті. Тағы да әуенді ауыстырып Пейво соғыс туралы, қылыш пен аттың дүбірі жөнінде он айтты. Содан арфада Лангмен шатқалының рухы қайта тіріліп, айдаһар найзағайға мініп, төбелерден қар тасқыны түсті. Аса әсерленген қытай патшасы Пейводан оның жеңісінің сыры неде деп сұрады. "Ағзам", — деді ол. "өзгелер тек өзі туралы айтқандықтан нәтижеге жете алмады. Мен арфаның өзіне тақырып таңдауға мүмкіндік бердім. Және арфа Пейвоға, немесе, Пейво арфаға айналды ма, мен о жағын нақты білмедім".
Бұл хикая өнерді ұғыну сырын жақсы әйгілейді. Шедевр біздің сезімдерімізде ойнайтын симфония.
Нағыз өнер Пейво, ал біз Лангмен шаьқалының арфасымыз. әсемдікпен сиқырлы жанасқанда, біздің мәнісіміздің құпия ішектері оянып, біз толқып, дірілдей бастаймыз. Парасат парасатпен тілдеседі. Біз айтылмағанды тыңдаймыз, біз көрінбейтінге қараймыз. Шебер біз білмейтін дыбыстарды шақыра береді. әлдеқашан ұмытылған естеліктер бізге жаңа мәнісімен қайта оралады. қорқыныш басқан үміттер, біз өзіміз мойындағымыз келмейтін қуатты құлшыныстар, тағы да салтанат құрады.
Біздің ақылымыз суретші бояуын салатын мата, оның бояуы біздің сезімдеріміз, олардағы сәуле мен көлеңкенің ойыны — шаттық сәулесі, қайғы көлеңкесі. Шедевр біз өзіміз, немесе, біз өзіміз шедевр, өнерді ұғынуға қажет сыйластыққа толы көзқарас ортақтығы өзара келісімге негізделуге тиіс. Идеяны түсіну үшін көрерменде белгілі қатынас болуға тиіс, ал суретші болса, оны қалай жеткізу керектігін білуге тиіс. Шәй шебері, Кобори Еншуи, даймио, бізге мынандай сөздер қалдырған: "ұлы суретке ұлы шахзадаға жақындағандай аялда".
Өнер туындысын ұғыну үшін сен оның алдында жатып, деміңді жұтып, оны ұғыну сәтін күтуге тиіссің. Бір күні көрнекті сыншы Сунг былай депті: "Мен жас кезімде маған суреттері ұнайтын суретшіні мадақтайтынмын. Бірақ, менің зердем толысқан сайын мен өзімді мақтайтын болдым, өзімнің суретшілер менің сүюім үшін таңдаған нәрсені түсінгенім үшін". Шебердің көңіл күйін зерттеуге зейін салатын адамдардың арамызда аз екеніне өкініш білдіруге болады. Біздегі қасарысқан надандықтан біз осы қарапайым инабаттылыққа бара бермейміз және сол арқылы көзіміз алдындағы сұлулық салтанатын көре алмаймыз. Суреткердің әрқашанда ұсынатын нәрсесі бар, ал біз болсақ тек түсінігіміз жетіспегеннен ғана тойынбай кетеміз.
Өнер туындысына түсіністікпен қарайтын адамға ол бізде достық сезімін тудыратын тірі шынайылыққа айналады. Шеберлер мәңгі өлмейді, себебі, олардың сүйіспеншіліктері мен қорқыныштары бізде қайта-қайта өз өмірлерін жаңғыртады. қолдан гөрі жан, техникадан гөрі адам бізге атой салады. Және атойы қанша қайырымды болса, біздегі жауап та соншама терең. Поэзия, немесе, романстағы дәл осы шебер мен біздің арамыздағы құпия түсіністік арқасында біз кейіпкерлермен бірге, иә, азаптанып, иә, рахаттанамыз. Чикаматсу, біздің жапондық Шекспир, драматикалық шығармалардың қағидаларының бірі ретінде автордың көрерменмен жанашыр қатынаста болуына аса көңіл бөлген. Бірнеше шәкірттері ұсынған пьесалар арасында оған тек бір-ақ пьеса ұнапты. Бұл ағайынды егіздер бір біріне ұқсағандықтан азап шегетін "қателіктер комедиясына" ұқсайтын пьеса екен. Міне, осы пьесада, депті Чикаматсу, драманың рухы бар, себебі ол көрерменге назар аударады. Халық актерлардан көп білуге хұқылы. Ол қатенің қайдан шыққанын біледі және қаннен қаперсіз өз тағдырына қарай ұшқан адамдарды аяйды.
Батыс пен Шығыстың ұлы шеберлері көрерменмен жанашыр қатынас жасаудың құралы ретіндегі алдын ала ойлаудың құндылығын ешқашан ұмытпаған. Алдымен тамашалауға ұсынылған ой кендігіне бас имей қалай шедеврге көз тігуге болады. Олардың бәрі қашама таныс және тартымды, қазіргі қарадүрсіндіктерге қарағанда қандай азық? Біріншіден, біз адам жүрегінің жылы лебізін сеземіз, соңғысынан тек сәлем рәсімін ғана. Техникаға жұтылған қазіргілік өзінің деңгейінен сирек көтеріледі. Лангмен арфасын оята алмаған сазгерлер секілді, ол тек өзі туралы он айтады. Оның жұмыстары ғылымға жақын, бірақ, адамгершіліктен алыс. Бізде Жапонияда, әйел өз-өзіне дән риза еркекті сүйе алмайды, себебі, оның жүрегінде махаббат кіріп оны толтыратын тесік жоқ деген ескі мақал бар. Өнердегі менменшілдік, ол, мейлі, суреткер, немесе, халық жағынан көрінсе де, жанашыр сезімге қауіпті. Өнердегі туысқан жандардың одағынан артық қасиет жоқ.
Кездесу сәтінде өнер сүйгіш адам өз-өзінен асып түседі. Ол бір мезетте бар және жоқ. Ол шексіздік жанарына көз тігеді, бірақ оның шаттануы сөзбен жеткізгісіз, себебі, көз тілсіз. Шідерден бос оның жаны заттармен бір ырғақта қозғалады. Дәл осылайша өнер дінге жақындап, адамзатты асылдандырады. Дәл осы сипат шедеврді қасиетті қылады. Ескі замандарда жапондықтар өнер туындыларына орасан сыйластықпен қараған. Шәй теберлері өз байлықтарын діншіл сезіммен қорыған. Ең түпкі қасиетті нәрсеге жету үшін көптеген қобдишаларды ашуға тиісті едіңіз. Нысана көрмеге сирек шығарылатын, ол тек білімдарларға ғана көрсетілетін.
Шәйшілдіктің дамуы дәуірлеген замандарда Тайко әулетінің қолбасшылары өзінің жеңісі үшін зор ауқымды аймақ алғаннан гөрі сирек кездесетін өнер туындысын алып, қанағат тұтқан. Біздің сүйікті пьесаларымыздың көбісі белгілі шедеврды жоғалтып, оны қайтадан табуға негізделген. Мысалы, бір пьесада оған жауапты самурайдың ақауынан Дхарума бай Сессонның белгілі суреті сақталынған лорд Хосаканың сарайында кенеттен өрт шығады. Қалай болғанда да асыл суретті құтқару үшін ол өрт алған ғимаратқа кіріп келіп, какемононы (оралып жиылатын қабырғадағы сурет) алады да, барлық есіктің өртке шалынғанын байқайды. Тек сурет туралы ойлап, ол өз денесін семсермен шауып, үзілген жеңіне Сессонды орап, оны үңірейген жарасына тығады. Ақыры өрт сөнеді. Түтіндеген күл арасынан ішінде өртке шалынбаған қазына бар жартылай өртенген өлік көрінеді. Бұл хикаялар қаншама үрейлі болса да, біздердің өнер туындыларына қанша зор мағына бергенімізді және адал самурайдың адалдығын әйглідейді.
Бірақ біз мынаны есте сақтауымыз керек: өнер тек біздің мұқтажымызға ғана жауап бергенде құнды. Егер біз өзіміздің сезімдерімізде әмбебап болсақ, оның тілі әмбебап болуы мүмкін. Біздің шектеулі табиғатымыз, дәстүр мен шартты нәрселердің қуаты, сонымен бірге біздің ата-анамыздан қалған әдеттер біздің көркемдік қабылдау мүмкіндіктерімізді шектейді. Біздің өз тұлғамыздың өзі біздің түсінігімізге шектеу қояды, ал біздің эстетикалық тұлғамыз өткеннің туындыларынан өзіне ұқсастық іздейді. Әрине, дамытқан сайын біздің өнерді түсіну қабілетіміз тереңдейді және сол арқылы біз әсемдіктің көптеген осы уақытқа шейін мойындалмаған көріністерінен ләззат аламыз. Бірақ, ақыр аяғында, біз тек ғаламдағы өзіміздің ғана суретімізді көреміз — біздің жеке өзгешелігіміз біздің қабылдау тәсілімізді негіздейді. Шәй шеберлері тек өздерінің жеке түсінігіне сай заттарға әуес болған.
Осы тұрғыда Кобори Еншиу туралы хикая еске түседі. Еншиудың шәкірттері оны оның коллекция жиюындағы аса талғампаздығы үшін мақтаған екен. Олар "Әрбір заттың ерекшелігі сондай, оған бәрі тамсанады. Соған қарағанда сіздің талғамыңыз Рикьюдікінен артық, себебі, оның коллекциясына тек мыңнан біреу ғана тамсанады" деген екен. Оларға Еншиу мұңлы жауап беріпті: "Бұл тек менің қарадүрсінділігімнің дәлелі. Ұлы Рикьюдың тек өзіне ұнаған нәрсені сүюге батылы жеткен, ал мен болсам еркімнен тыс көпшіліктің көксеуін қанағаттандырдым".
Міне, өнерге катысты осындай таудай талаптың біздің кезімізде шынайы сипаттан айырылғаны өкінішті-ақ. Біздің демократиялық дәуірде адамдар өздері оны сүйсе де, сүймесе де ең үздікті талап етеді. Олар заттардың талғамды емес қымбатын, әсем емес салтанаттысын қалайды. Көпшілік үшін суреті бар басылымдарды қарау ертедегі итальяндықтар, немесе, Ашикаға шеберлеріне тамсанудан гөрі көбірек ләззат береді.
Көп ғасыр бұрын қытай сыншысы былай деп налыған екен: "Жұрт суреттерді құлақпен сынайды". Дәл осы нағыз түсініктің жоқ болуы қазіргі үрейлі псевдоклассикалық үлгілерге жауапты. Тағы да жалпыға бірдей қателіктің бірі — өнерді археологиямен шатастыру. Ескілікті дәріптеу адамзат мінезінің ең жақсы сипаттарының бірі және біз әлде де бұл сезімді дамыта берер едік. Ескі шеберлер әділ түрде болашақ білімдарлыққа жол ашқан ретінде дәріптеледі. Олардың ғасырлар бойы сыннан өтіп бізге жеткенінің өзі біздің дәріптеу сезімімізге билік етеді. Бірақ, олардың жетістігін тек ескілікке қатынасына ғана бағаласақ, біз ақымақ болар едік. әйтсе де, соған қарамастан біз өзіміздің тарихи сүйіспеншіліктерімізге біздің эстетикалық интуициямыздан артық болуға мүмкіндік береміз. Біз суреткерді ол бар абыройымен көрде жатқанда ғана мақтаймыз.
Сонымен қатар, эволюция ілімін тудырған он тоғызыншы ғасыр нәсіл арасында жеке тұлғаны көрмеу әдетін тудырды. Коллекция жинаушы бір экземплярды сатып алғанда белгілі бір кезең, немесе, мектептің мүмкіндігін көрсету үшін алады, және жалқы шедеврдың қайсыбір кезең мен мектепке катысты көптеген қатардағы заттардан бетер көп нәрсеге үйрететінін ұмытады. Біз тым көп жіктей береміз де, тым аз ләззатанамыз. Эстетикалық танымды ғылыми тәсілге құрбандыққа келтіру біздің көп музейіміздің сорына айналды.
Қазіргі өнердің талаптары өмірдің мәністі жобасының ешбірінде шеттетілуге тиіс емес. Бүгінгі күннің өнері біздің қолымыздағы нәрсе: бұл біздің өзіміздің айнамыз. Оны жоққа шығарғанымыз біздің өз-өзімізді жоққа шығарғанымыз.
Біз қазіргі заманда өнер жоқ деп айтамыз — ол үшін кім жауап береді? Расында да, біздің ескі замандар туралы тамсана сөйлегенімізге қарамастан, біздің өз мүмкіндіктерімізге тым аз назар аударатынымыз ұят емес пе? Күрестегі суреткерлер салқын немқұрайлық көлеңкесінде аянышты тірлік кешкен сарсылған жандар! Біздің өз-өзіне ғана дән риза тасырда біз оларға не ұсына аламыз? Өткен шақтың біздің өркениетіміздің, ал болашақтың біздің өнеріміздің жоқ-жітімдігіне өкінішпен қарауына болады. Біз біздің өмірдегі әсемдікті жоюдамыз.