Пикассо, Кәрі еврей ұлымен, 1903 жылҚұрандалардан құралған адам денесінің түбі өз мекендеріне қайтар...
Бауыржан Майтай: Көктемді сағындың ба?..
КИЕ
Сен маған қасқырды атпа дейсің,
Біз ұмытқамыз итті теппеу керегін,
Малды басқа ұрмау керегін,
Ұмытқалы қашан,
Əкеміз айтқанда,
Шешеміз айтқанда,
Еске аламыз бəрін.
Тіпті, біз сендер салып берген жолдарды ұмыт
қалдырып,
Жоғалтып алғанбыз,
Топыраққа сіңген,
Желге ұшқан.
Сосын гүл боп өскен олар,
Сол гүл дестесін қуып жол іздейміз,
Гүлдер солған,
Гүлдер сарғайған,
Өйткені біз кешіктік.
Енді біз аңсаймыз оны,
Ауыруханада жатқандай,
Бірақ табалмаймыз
Гүлге сіңген,
Желге ұшқан,
Бізде топыраққа сіңеміз,
Желге ұшамыз,
Сол жоғалған жолдардай.
ӘҢГІМЕ
Достарыммен шарап іштім,
Мас болсаң дүние мөлдіреп көрінеді .
Дүниенің бəрі ой,
Ойдың бəрі сөз.
Біз айғайға бастық дыбысымыз ауаны сындыра
сіңіп кетті.
Қарғалар, қарғалар аспанда ағып жүріп неге
күледі?
Қарқылдап күлгені несі?
Бізді көріп, өмір сүре алмайтынымызға күлкісі
келер,
Көзінен қара тамшы мөлдіреп төгілердей...
...Теледидарға қараймыз,
Иран-парсы қызының жалаңаш биіне қол соғамыз,
Түріктің оранған қызына да.
Бізге осылай бəрі таңсық,
Бəрін қураған құмша сіңірдік,
Бəрі бізді қураған құмша ағызып алып кетті.
Біз ағып кеттік,
Бағытымызды білмейміз,(«ағысқа қара» дейді )
Біз ештемеге сене алмаймыз,
Сенетін ештеме жоқ.
Сенетін кітап,
Дін ,
Ақындардың сөздері күштілер мүдесінің гүлі боп
өнген,
Оғы боп атылған.
Мүде бəрін сатады ,
Мүдеге бəрі құл.
Ашса алақанында,
Жұмса жұдырығында.
Бізде бағыт жоқ ,
Бағытымыз тұманнан көрінбейді.
Теңізді сағынғанын айтты бірі:
Із жоқ болса да, бағыт сонда ...
Бірі:
Жолдар бізді адастыруға дайын , жылқылар,
түйелер тастама, - деп ,
Көкке қол жайды.
Қанатын кесіп құс асырайтын көршілер туралы
айтылды,
Бірі қарттық жайлы айта бастағанда,
Шөлдегеніміз еске түсті,
Су ішкіміз келді,
Біз бəріміз өкіндік ,
Бөлмеде таза судың аз қалғанына,
Біз шөлдедік,
Бізде бағыт жоқ,
Бізде су жоқ.
БАҚСЫ СӨЗІ
"Еркіндік"деп жазып қойдым,
Аспанға,
Тауларға,
Құстардың иығына,
Жəне қобыздан қалған қоңыр күйге жаздым.
Ол жазуды тарихтың тойынбас шаң-тозаңы,
Табиғаттың кеміргіш бұжыр бет қыналары,
Өшіре алмайды.
Шаң тозаң,
Қыналар,
Қайта-қайта соққан желден ажал тауып,
Қайта-қайта соққан жел бəрін сүртіп тазартады.
Бұл жазу өзіміз үшін ғана керек.
Басқаларға емес,
(Оларда бұл жазу бар )
Бұл жазуды өшіргісі келіп,
Ашу, ызасын бүрке сөйлейді олар,
Тарих тозаңын қалыңдатып,
Аспанды бүркесем дейді.
Таулардан көз жаздырып,
Құстардың қанатын талдырып,
Қобыз күйін үзгісі келеді.
Ол жазу өзіміз үшін керек!
Əлі талай жаңбыр бар,
Жазу əлі самғайды,
Шолпан сынды жарқырайды,
Маңдайына оны таң іліп,
Сақта осы жазуды өзің,
Тəңірім!!!
ҮРЕЙЛІ ҮН
Бар болған соң терезе,
Ұқсамайды үйлер молаға.
-Ə, Түнияз,
Мен үйімде қорқып жатамын,
Қорқып тұрамын.
Еркін болғаныммен,
Бұғауда сияқтымын.
Үйім құлап қалатын секілді,
Қабырғасындағы сызаттар,
Едендегі жарықтар,
Аяқ-қолымды байлайтындай,
Менде енді жақсы күн болмайтындай.
Қорқамын,
Бұғауда сияқтытымын,
Таудың басында тұр менің үйім,
Үрейленіп ғұмыр кешудемін.
Атам да сондай ғұмыр кешкен, көп білемін,
Оның атасы да дəл солай ғұмыр кешті деп
естігемін.
Оны таста демалған суреттер айтқан.
Менің үйімде қарлығаш ұя салып,
Бұлбұл сайрап,
Байғұз шақырып,
Құстар жүргенін ұнаттым,
Үрейсіз еркіндік олардың дауысында сияқты.
ТҰМАНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ
Кекілін күнмен тараған,
Етегін түннен қайырған ұлы даланы қарадым...
Оған қара шудалы соқыр тұман шөккен,
Соқыр тұман арасында келе жатқан тозған
ноқталы ақбоз...
Орайы жоғары...
Аяғын басады еппен,
Шашасы мен тірсегін шідер кескен.
Шоқтығы қып-қызыл жүрегімдей жауыр,
Ақсаңдап барады.
Мына тұманда ол ,
Ұшқан құстан да үркеді,
Соққан желден, қуарған қурайды сыңсыта зытқан,
Аққан бұлақтан күлкісін өзі жұтқан.
Тіпті, қолға қонғанмен ұстауға келмейтін сағымнан
өзіне таяған,
Үркеді,
Денесі қалтырайды, мына тұман сұп-суық үрейге
бояған.
КӨКТЕМДІ САҒЫНДЫҢ БА?
Көктемді сағындың ба?
Қураған ағаш бүрі,
Қайтадан бұрқырар деп.
Көктемді сағындың ба?
Тозаңнан тұншығатын,
Бұл жерге гүл шығар деп.
Көктемді сағындың ба?
Қыстың бұл ұзақ, суық,
Түндерін ұмытқалы.
Көктемді сағындың ба?
Жып-жылы ақ таң кетіп,
Кетердей жылып бəрі.
Көктемді сағындың ба?
Тозғанын өзің білмей
Тым жаңа үйде отырып,
Көктемді сағындым Мен,
Келеді бір күн ақыр,
Тіршілік бұлқынатын.
ЖОЛМЕН СӨЙЛЕСУ
Мені іздеп таптың ба?
Мен сені іздеп адастым.
Бабам жүрген жол,
Мен сендемін бе?
Қашан басталдың?
Қайда барасың?
Бағытым қайда өзі?
Мен қайда барамын?
Жиегіңде құмға өнген бас сүйек,
Қаңғырған қаңбағы сияқты даланың.
Мені де дəл солай ,
Етімді сүйегіме өсірмей,
Шаш саусақтарымнан,
Қара жерге қадалар тікен өсіріп,
Желкенді желге ертіп жібергім келе ме?
Қаңбақ қып,
Оралмас уақыт теңізіне батырып.
Онсызда мен уақыт толқыны соққан жағалаумын,
Уақыт мені кеміріп тауысады.
Неге сендегі тым алыс атырапқа тұман ұйып,
Соншама мұнарға тұншыға толқиды.
Ескі құлпытас көрінді,
Жарымын жер жұтқан,
Жазуын жел жыртқан,
Мен оған ұзақ қарадым.
Жол...
Жол,
Сен қайда барасың?
Мен қайда барамын?
Мен сені жоғалтып алғандай сезінем,
Адасып қалғандай сезінем,
Жоғалтықым келмейді десе де.
Мен сені іздеймін адасып,
Сен нені іздейсің?
Бабам қанын төккен жол,
Мен сендемін бе??
***
Сен өмірде жоқ секілдісің ,
Бірақ барсың ,
Кітаптар ішінде,
кинолар ішінде,
Оқырман ғашық болатын бас кейіпкерсің.
Өмірде болмағаның үшін де,
Саған ешкім кінə таға алмайды,
Сенен ешкім күнə таба алмайды,
Сенің бойыңнан
Табалмайды ешкім ештеме ,
сенің бойыңнан ,
Əсем бір əуенді қылығыңнан өзге,
Махаббаттан сұлу сезіміңнен өзге ,
Мін таба алмайды адамдар
Өшкен өшпеген заман
Кешсе де.
Сені тым көп оқырман ұмыта алмайды.
ұмытуға болмайды сені,
Əнші құстар секілді таңға көрік сыйлаған,
Сен олардың көрік сыйлайсың жүрегіне .
Арман сыйлайсың орындалмайтын,
Ешқашан болмайтын,
Ол арман -
Алматыны жаяу кезу,
Əдемі көшелерді жаяу кезу,
Ып-ыстық алақаныңды қысып білегіне.