Талдықорғанда Қазақстанның заманауи өнер көрмесі ашылды

Жаңалықтар
2072

Талдықорғанда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қазақстанның заманауи өнер көрмесі ашылды.

Фото авторы А.Нұршанов

«Ұлы дала xикаялары» көрмесі елімізде және шет елде танымал заманауи өнер суретшілерінің туындыларын қамтиды. Мұнда Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нұрекеев, Асxат Аxмедияров, Сәуле Дүйсенбина, Әлібай Бапанов, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Арыстанбек Шалбаев сынды суретшілердің 100-ден астам туындысы қойылған.

Фото авторы А. Нұршанов

Олардың шығармалары аталмыш мақалада көрсетілген салт аттылар мәдениеті, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, Ұлы Жібек жолын бейнелейді.

Фото авторы А.Нұршанов

Сәуле Сүлейменова:»Менің ісім, менің көркем талпынысым-таңдау. Мыңдаған терабайт визуалды ақпараттың ішінен өткен немесе келешек уақыт туралы айтатынымды қамтитын фотосуреттер немесе бейне фрагменттерін таңдаймын. Мыңдаған пластик пакеттердің ішінен түсі мен мағынасы келетін нәрселерді таңдаймын да қиып аламын. Өзімнің әсерлерім мен сезімдерімнен қазіргі жағдайды дәл сипаттайтын нәрселерді таңдаймын.» Айта кетейік, жылжымалы көрме 13 тамызға дейін жалғасатын болады.

Фото авторы А.Нұршанов

Назерке Әділбекова

Жаңалықтар

7 қарашада Тараз орталығындағы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды maden...

Жаңалықтар

Ресейде жас қыз пойыз астына түсіп, аман қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Sputnik.kz ақпарат по...