Эрнст КассирерЭрнст Кассирер (Cassirer) (28 шілде 1874, Бреславль, қазіргі Вроцлав - 13 сәуір 1945,...
Мәдениет туралы
Мәдениет дегеніміз кітап кеміру, мәтінді жатқа білу, жағдайды, суретті, ән-күйді есте сақтау ғана емес. Көп оқыған, бірақ кісі сүйер қылығы жоқ талай залымды білем. Құдай өзі сақтасын. "Председатель" деген киноға түсіп жүргенімде ауыл арасында талай оқымаған кемпірлерді көрдім — текті, адамгершілігі мол, шетінен зиялы. Олар алдымен өзін емес, қасында тұрған жанды ойлайтын. Бұл зиялы деген сөздің мағынасын ашатын әдеп болса керек. Өмірлері өте ауыр өткен, әсіресе соғыстан кейінгі шақтары азапты болған, алайда олар шетінен биязы, мейірімді еді.
"Мәдениет" дегенімде мен көп кітап оқуды емес, неше түрлі ән білуді, сан алуан көркем суретті көргенді емес — мұның бәрі мәдениеттің бір бөлшегі, әрине, тіпті бастамасы дер ем, солай айтуға келсе... Ал мәдениет, оның өзегі өзгеге зиян келтірмей өмір сүру, алтын тәж сұрамастан пайдалы бола білу дер ем. Ешкімді жазаламай, ешкімнің өмірін бүлдірместен өмір сүріп үйрену. Міне, меніңше, мәдениет деген осы, мәдениетті қарым-қатынастың өзегі осындай болмақ.
Михаил Ульянов
Аударған Шынар Әбілда