9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олмпиаданың облысты...
"Неге дәрігер мен мұғалімдерге емес, әншілерге марапат береді?": Әншілер жауап берді
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше әншілер марапатталды. Олардың ішінде Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова мен Қайрат Байекенов те бар. Алайда, кейбіреулеріне жұрт сын көзбен қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Той әншілері инстаграм-парақшаларына тойдағы видеоларын жүктеуден, неше түрлі курорттар мен спаға барғандарын көрсетуден басқа халыққа және Тәуелсіздігіміз үшін не істеді? Өздері қолданбаса да неше түрлі заттарға жарнама жасағаннан басқа не бітірді? Олар ауыл-аймақтарды аралап концерт беріп жүр ме? Балалар үйінде тегін концерт өткізе ме? Олар халықаралық байқауларға қатыса ма? Осы неге мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігер мен медбикелерді марапаттамайды? Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлерін? Мұғалімдерді ше? Неге мұндай әншілерге марапат береді?», – деп жазды өз Facebook-парақшасында Бақыт Әбдіғалиев.
Құрмет орденімен марапатталған Гүлнұр Оразымбетованы өзін мұндай атаққа лайық емес дегендерге жауап берді.
«Көпшілігі жап-жас болып алып қалай алып жатыр деп ойлауы мүмкін. Мен жас емеспін. Сахнада жүргеніме 25 жыл болса, демек менің жасым 40-тан асты деген сөз. Сондықтан қырықтан асып осындай Құрмет орденіне ие болу деген ол өте дұрыс дүние деп ойлаймын», – деп жауап берді Гүлнұр Оразымбетова Revue NTK бағдарламасына.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағын иемденген әнші Тамара Асар да марапатына қатысты өзгелердің артық сөз айтпауын өтінеді.
«Сен кеш алдың», «Әлі алмағансың ба?» деген сұрақтар қойып жатыр. Бірақ мен үшін уақыты келген сияқты. Мен сезініп алдым, қуанышпен алдым. Ешкімнен артық кеттім-ау деген ішімде бір кірбің болған жоқ. Ешқандай күмән болған жоқ», – дейді Тамара Асар.