Пауло КОЭЛЬО, Алхимик

КІТАПТАР
3046

АУДАРМАШЫДАН:

            Пауло Коэльо – қазіргі заманғы жазушылардың ең біліктісі. 

«Алхимик» романы Ричард Бахтың «Джонатанның шағаласына», немесе Экзюперидің «Кішкентай шахзадасына» мүлде ұқсас емес, бірақ «Алхимик» турасында бірдеңе айтқың келгенде осынау шығармаларды еріксіз еске алуға тура келеді – бәлкім оның әлемнің 117 елінен оқырмандар тапқандығы содан шығар?!

            «Өз тағдырын жүзеге асыруға қол жеткізу – адамның бірден-бір міндеті, – дейді Пауло Коэльо.

            Барлық адамдар жас кезінде өз тағдырларын білетін сияқты... Бірақ уақыт өткен сайын жасырын күш оларды өзгеше жағдаятқа бастайтыны және айқын.

            Бұл күш шындығында адамды өз тағдырын жүзеге асыруға жетелейді. Ол адамның рухы мен еркін тәрбиелейді. Жер деген планетада ұлы ақиқат бар: сен бір нәрсеге ұмтылсаң, оған қайтсең де қол жеткізесің  өйткені мұндай ұмтылыс Ғаламның терең қойнауынан жарыққа келді ғой».

            «Алхимик» роман аталғанымен көлемі онша ауқымды емес – 212-ақ бет.           

Әрине, әлемде португал тілінде жазатын жазушылар жетіп артылады – Бразилиядағы Жоржи Амадудың жалғыз өзін қайда қоямыз? Десе дағы Пауло Коэльодан бастағанды жөн көрдім.




Тәржімелеген Марал ХАСЕН,

Қарағанды, 2005-6 жж.

author

Пауло Коэльо

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...