Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды. Бұл туралы аймақ б...
Алматыда Абайдың поэзиясы мен музыкасына арналған кеш өтті
2031
Алматыдағы Республика сарайында Абайдың 175 жылдығына арналған поэзия және музыка кеші өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Салтанатты кешке қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, эссе-кештің мақсаты — Абайдың мол мұрасын насихаттауға ерекше рең беру. Осы орайда поэзия мен музыка кешінде ойшылдың ілімі жаңа сипатта асқақтатылды. Айта кету керек, көрерменге Абайдың Абай болып қалыптасу, даму кезеңдері көрсетілді. «Әлем есігі» прологынан бастау алған іс-шара жыл мезгілдеріне арналған өлеңдермен, ал балалардың биі күйдің сүйемелдеуімен орындалды.Сондай-ақ, ақындық-музыкалық, хореографиялық қойылымдар, соның ішінде Абайдың махаббат лирикасы, табиғат сұлулығына арналған қойылымдары ұсынылды. Бұған дейін тек домбырада орындалып келген «Сегіз аяқ» әнін Нұржан Жанпейісов, Ерлан Рысқали және Тілек Базаров эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқады. Кешке келген көрермен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, ақынның өлеңдерін жатқа айтты.