Тоқаев ән кешімен ел еңсесін көтерген Роза Рымбаеваға алғыс айтты

Жаңалықтар
1479

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус салдарынан орын алған қиын жағдайда онлайн концерт беріп, халыққа жақсы көңіл-күй сыйлаған Роза Рымбаеваға тәнті болды. Халық әртісінің Youtube желісіндегі ән кешін тамашалаған мемлекет басшысы оған өз алғысын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев эстрада жұлдызына деген алғысын Twitter парақшасы арқылы жеткізген. Президент арнайы жазба жариялап, шығармашылығымен қолдау көрсеткен Роза Рымбаева мен барша мәдениет өкілдеріне рахмет айтты.

Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын.

"Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын" , - деп жазды мемлекет басшысы.
author

​Роза Рымбаева

АКТЕР

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...