Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін...
Аида Балаева БАҚ-ты қолдау шаралары туралы айтты
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау шараларына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Экономикалық қиындық кезеңінде БАҚ-ты қолдау шараларына ерекше тоқталғым келеді. Бүгінде коронавирус пандемиясы салдарынан бұқаралық ақпарат құралдары елеуле экономикалық қиындықтарға тап болуда», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.
Осы орайда ол биыл жарнамалық кірістерді жоғалту болжам бойынша орташа есеппен 30-дан 60 пайызға дейін есептеліп отырғанын жеткізді. А. Балаева дағдарысқа қарсы шаралар аясында ҚР Парламенті заңнамаға түзетулерді қолдағанын еске салды.
Осы орайда 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі кезеңде еңбекке төлем жасау қорынан, салық төлеуден және міндетті аударымдардан босату көзделген. «Сонымен бірге, Парламент тиісті заң жобасын қабылдады. Оның аясында 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығында коммерциялық теле-радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық хабар тарату қызметтері үшін ақы төлеуден босату қарастырылған», - деді ведомство басшысы.