Израильдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласында белгісіз біреулер адамдарға оқ атты, деп хабарлайды ma...
Елбасы Астанадағы ерекше салынған жаңа мешітке барды
Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының қарсаңында Мемлекет басшысы Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мешіттің құрылысы мен ғимаратты электр және жылумен қамтасыз етуде пайдаланылатын баламалы энергия көздері туралы толығырақ мәлімет берілді.
Мешіт Есілдің оң жағалауында орналасқан. Ол 2016 жылы салынып басталды. Оның құрылысына қайырымдылықтан түскен ақша жұмсалды.
Ғимарат ұлттық орнаменттерді және декоратив элементтерді қосып, постмодернизм стилінде салынған. Күмбезінің диаметрі – 26 метр. Сырттай қарағанда мешіт дизайны гүлге және алмаздың қыры сияқты болып көрінеді.
Мешіттің басты ғимаратынан солтүстікке қарай орналасқан мұнараның ұзындығы – 43,5 метр және ол «қасиетті қалам» бейнесінде жасалған.
Мешітке 750 адам сыяды. Аумағы – 2 48 шаршы метр. Ал жалпы учаскенің аумағы – 1,44 га.