Сайлаудан соң Үкімет отставкаға кетеді

Жаңалықтар
819

Үкімет басшысы сайлауда өз таңдауын жасағаннан соң, үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты ойын айтты.


«Былтыр өте қиын жағдайды бастан өткердік. Оған қарамастан экономиканың 3,2 пайызға өсуін қамтамасыз еттік. Екі халықаралық агенттік біздің тәуелсіз инвестициялық рейтингімізді растап, болжамын да жақсартқан болатын. Өткен жылы қиын жағдайларға қарамастан, ел экономикасы тұрақты дами алды деп ойлаймын.

Үкімет жаңадан сайланған Мәжілістің алдында өз өкілеттігін доғарады. Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндеттерімізді орындайтын боламыз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Біз кез келген жағдайға дайын боламыз. Әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Әлихан Смайылов.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...