Шығармашыл жастарға арналған байқау жариялданды

Жаңалықтар
1623

16 сәуірде жас және өнерлі қазақстандықтар үшін, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған байқау басталды. Байқау жеңімпаздарына басым бағыттар бойынша шығармашылық саласындағы республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысу үшін гранттар беріледі. Бұл байқау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ қаржыландыратын “Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру” жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Байқау аясында республикалық байқауларға 30 жеңімпаз анықталады, олар 200 000 мың теңгеден шағын грант алады, халықаралық байқауларға 20 жеңімпаз 700 000 теңгеден алады. Грант қаражаты мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін: байқауға қатысуға нысаналы жарна, жол жүру, тұру, трансфер, виза, медициналық сақтандыру немесе байқауға қатысу үшін қажетті құрал-жабдықтар (негіздеме бойынша), байқаулық киім.
Байқаудың мақсаты-Қазақстанның өнерлі, дарынды, жоғары дәрежелі әлеуметтік маңызы бар жастарын анықтау және қолдау үшін жағдай жасау.

Байқау туралы

Шығармашыл жастарды қолдау үшін гранттар байқауына қатысу
Қазақстан Республикасының шығармашылық жастарына қолдау көрсету масқсатында гранттар байқауына қатысу үшін өтінімдер жинағын жариялаймыз. Байқау жеңімпаздарына басым бағыттар бойынша шығармашылық саласындағы республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысу үшін гранттар беріледі.
Гранттарды бөлу байқаулық іріктеу негізінде жүзеге асырылады. Жобаларды байқаулық іріктеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
– музыка,
– хореография,
– театр.
– кино,
– цирк өнері,
– әдебиет,
– бейнелеу өнері,
– сәулет,
– дизайн.

Байқаудың негізгі міндеттері дарынды жастарды анықтау және республикалық және халықаралық байқауларға қатысу үшін шағын гранттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақстандық шығармашыл жастарды шетелде танымал ету; – мәдениетаралық коммуникацияларды нығайту болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан осал жастарға көмек көрсету, шығармашылық әлеуетті қолдау және республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету басты кезең болып табылады;

Қатысу шарттары:

Қатысушыларды іріктеу ұсынылған сауалнама-өтінімдерден кейін конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға жіберіледі:

1. Қазақстан азаматтары болып табылатын 14-29 жас аралығындағы жастар, соның ішінде республикалық және халықаралық іс-шараларға (конкурстарға, фестивальдарға, көрмелерге) қатысу үшін азаматтардың әлеуметтік осал санаттары.
2. Конкурстық іріктеуге Қазақстанның талантты, дарынды жастарынан тұратын, айқын әлеуеті бар, әлеуметтік маңызы жоғары командалар қатыса алады.
Өтінімдер 20.04.2020 ж. бастап 01.10.2020 ж. дейінгі мерзімде мына мекен-жайға қабылданады: talanty2020@gmail.com. Конкурстық іріктеу және оның қорытындылары туралы барлық ақпарат ҚР ақпараттық порталдарында, https://qazvolunteer.kz/ сайтында орналастырылады. https://qazvolunteer.kz Instagram Facebook әлеуметтік желілерінде (“Таланты 2020”, “Логос-Караганда” беттерінде), Instagram – @ttalents2020.

Конкурсқа қатысу үшін келесі материалдар ұсынылады:
1) өтінім (1-қосымша);
2) конкурсқа қатысуға еркін нысандағы ұсыным, ізденушінің шығармашылық жетістіктері (оқу орны, қосымша білім беру орталығы және т. б.);
3) жеке куәліктің көшірмесі, егер кәмелетке толмаған болса бала — туу туралы куәлік және ата-анасының біреуінің куәлігінің көшірмесі;
4) қатысушының шығармашылығын растайтын бейне немесе фото-портфолио;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар (мүгедектігі туралы анықтама, табысы туралы анықтама және т. б.).* бұл құжат бар болған жағдайда ғана беріледі және міндетті болып табылмайды.
#cisc2030 #qogamgov
Қазақстан Республикасының шығармашыл жастарды қолдау үшін гранттар байқауына қатысуға өтінім нысаны

Қазақстан Республикасының шығармашыл жастарды қолдау үшін гранттар байқауына өтінім
Кімге: “Логос-Қарағанды мүгедектерді оңалту орталығы” қоғамдық бірлестігі.
Кімнен
________________________ (ізденушінің тегі, аты көрсетіледі)
1. Ізденуші туралы мәліметтер:
Ізденушінің Тегі, Аты, Әкесінің аты
жеке басын куәландыратын құжатына сәйкес
Ізденушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
Ізденушінің туған күні
Ізденушінің мекен-жайы
Жұмыс орны (жоғары, орта оқу орнының/ ұйымның атауы және мекенжайы))
Ізденушінің атқаратын қызметі
Грант алуға шығармашылық бағыты және қандай
Ізденушінің Байланыс телефондары, пошталық мекен-жайы және электрондық пошта мекен-жайы
2. ______(ізденушінің Т. А. Ә. көрсетіледі) осы өтініммен “шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру”жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының шығармашыл жастарын қолдау үшін гранттар конкурсына қатысуға ниет білдіреді.

________________________/ _____/
(Ізденушінің Т. А. Ә. және оның қолы))
Толтыру күні _______________

Осы сауалнама-өтінімді толтырып, оны көрсетілген мекен-жайға көрсетілген мерзімде ұсына отырып, сіз Қазақстан Республикасының шығармашылық жастарына қолдау көрсету үшін гранттар конкурсына қатысуға үміткер боласыз.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...