Карантин кезінде теңін тапқан жұлдыздар

Жаңалықтар
5527

Ұзақ уақытқа созылған карантин уақытында отандық эстрада жұлдызарының біразы отау құрып, тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Oinet.kz. Олар өмірлерінде орын алған жағымды жаңалықтарымен Instagram парақшасы арқылы жарыса бөлісіп жатты.  Ендеше өмірден өз орнын тапқан әншілердің қатарына тоқталып өтсек.

Танымал әнші Алтынай Жорабаева арғындар еліне келін болса, Мөлдір Әуелбекова Рамазан айында екінші мәрте орамалды болғанын күллі қазақ жұршылығына сүйіншілеп жеткізді. Ал, әнші Кентал 20 жастағы келіншегін ел алдына көрсетіп, Алла алдында ақ некесін қидыртқанын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы уақытта қазақтың ерке қызы Ерке Есмахан да жақын уақытта тұрмысқа шығатын сыңай білдірді. Өзінің сүйіктісін жасырып жүргенімен жүрегінe жол тапқан жанның бар екенін жасырмады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған болатын.  - Жүректе тыныштық. Аллаға шүкір, мен бақыттымын! - деген болатын әнші.  Ендеше карантин уақытында өз теңін тапқан эстрада жұлдыздарына отбасылық бақыт тілейміз!

Шоу-бизнес

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады, – деп хабарлайды madeniporta...

Жаңалықтар

Енді жүргізуші белгіленген жылдамдықтан асырса 158 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлады madenipo...