«Бекболат Тілеухан ағамыз ғана шырылдап қойды»: әртістер вакцина егуге қарсы шықты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
2466

Сол вакцинаны шетелде шығарғандардың айдаладағы біздің балалардың денсаулығын ойлайды деу - өте күлкілі. Басқа сыймайтын әңгіме.

Әрбір әрекеті ел аузында жүретін  әншілер мен әртістер екпе салуға қарсы екендігін білдіріп, әлеуметтік желі арқылы дабыл қағуда. Олар желідегі парақшаларына осы тақырып аясында көзқарастарын жеткізіп, бірінен кейін бірі арнайы жазба қалдыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, "Тәтті дауыс" деп ерке қылығымен көрермен ықыласына бөленіп жүрген Айдана Меденова: "Екпе жасатуға да, жасатпауға да ата-ананың өз құқығы болуы керек деп ойлаймын", - деп есептейді. 

Екпе салу жайлы пікірін жеткізуден әнші Дильназ Ахмадиева да қалыс қалмады. Ол instagram парақшасында: "Достар, біз мәжбүрлеп егуге және мәжбүр етуге қарсымыз! Кім әлі білмейтін болса, парламент «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа медициналық кодекс қабылдамақ. Егер сіз халық жағында болсаңыз және  осы жағдайға қарсы болсаңыз, міндетті түрде жазбаны бөлісіңіз!", - деп оқырмандарына өтініш айтты. 

"Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігі мен Мәжіліс "Балаларға міндетті вакцина енгізу" заңын мақұлдаған болатын. Тек Бекболат Тілеухан ағамыз халқына жаны ашып, шырылдап ғана қойды. Бұл заң қазір Сенатқа, сосын президентке жетпей тұрып ата-аналардың, халықтық жанайқайын есту үшін жолдау жасаудамыз.

Алла адам баласына ең басты сый - таңдау құқығын берді. Кім  боламын, не істеймін десең де өз еркің. Өз баласының денсаулығына ата-анасынан артық ешкімнің де жаны ашымайды. Сол вакцинаны шетелде шығарғандардың айдаладағы біздің балалардың денсаулығын ойлайды деу - өте күлкілі. Басқа сыймайтын әңгіме. Әрине, вакцина салып жатқандарға қарсылығым жоқ.

Бірақ бала Алланың ата-анаға берген аманаты. Ендеше аманатқа қиянат жасамайық! Қабылдаған заңда "міндетті вакцина" егу сөзін, "ата-ана таңдау құқылы" сөзіне ауыстыруды талап етеміз", - деді атышулы "Қалаулым бағдарламасының жүргізушісі әрі "Қазақстан аруы" Айдай Исаева. 

Осы орайда, естеріңізге сала кетейік, Айдай Исаева  жоғары білімді медицина саласының маманы. 

 Айтпақшы, әншілер мен тележүргізушінің бұл пікірін вайнерлер мен блогерлер де қолдай жөнелді.


 

author

​Бекболат Тілеухан

ӘНШІ

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...