«Күлгін түсті шырақ сәулесінің астында, бәрінен жалыққан, шаршаған Ібіліс үстіне үлкен сұр сви...
Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысын тергеп жатыр
2805
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы тергеуге алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызмет) актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – деді агенттік өкілі.
Оның айтуынша, істің ақ-қарасы тергеуден соң, белгілі болады.