Гуанчжоу - Алматы рейсіндегі жолаушы бортта қайтыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1495

Гуанчжоу - Алматы рейсіндегі жолаушы бортта қайтыс болды. Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жолаушы өлімінің алдын ала себебі – созылмалы ауру. Жағдай тексерілуде. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Қайғылы жағдай туралы Threads қолданушысы да жазды.

"Ұшақ 11 желтоқсанда Гуанчжоудан Алматыға ұшып шыққан. Бортта бір әйел қайтыс болды. Менің ойымша, әр ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы керек", - деп жазды желі қолданушысы.

Ал желіде қалдырған пікірлерде қайтыс болған жолаушының қатерлі ісікпен ауырғаны туралы айтылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...