Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімге беріледі

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1851

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік төлем береді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Басылымның хабарлауынша, Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге, сондай-ақ Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сома берілмек.

Алматы қаласында – 250 мың теңге берілу көзделіп отыр, ал Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.

Басылым мәліметінше, бұл төлемдерді алу үшін азаматтардың оқиғаға қатысқанын дәлелдейтін ресми құжаты болуы керек.