Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолда...
Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі күшейтілуі мүмкін бе?
Қазақстандық бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Facebook-тегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" эфирінде алдағы уақытта сауда орындары мен кафелердің жабылуына алып келетін карантин режиімінің Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режиімінің күшеюі мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Cанитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жақында Алматы облысында жаңа коронавирус жұқтырған науқастардың саны 7% -дан асқанына байланысты карантин күшейтілгенін хабарлады. Сонымен қатар, өткен аптада Қазақстанда вирус жұқтырғандардың 30%-ы Нұр-Сұлтан мен Алматыға тиесілі. Журналистер елорда мен Алматыда карантин режимі күшейтіле ме деген сауал қойды. Есмағамбетова денсаулық сақтау министрлігі алдымен елдегі жағдайды бағалап, содан кейін нақты аймақтардағы жағдайды қарастырады деп жауап берді. Бұл ретте тек қана өсім ғана емес, сондай-ақ нысандарда карантинді сақтау, маска тағу және халықтың қашықтық сақтауы, жұқтырғандар саны және т.б. есепке алынады. Әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантинді күшейту туралы мәселе қозғалған жоқ, алайда егер жоғарыда аталған шаралар сақталмаса және бұл ауру бойынша "тепе-теңдіктің" бұзылуына әкелсе, қатаң карантин оралуы мүмкін.
Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі Мәселен, осы екі қалада карантинге тексерілген нысандардың жартысына жуығы санитарлық шараларды бұзады - бұл жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Бас санитарлық дәрігер жеке қала немесе аймақ бойынша шешімді жергілікті санитарлық дәрігердің қабылдайтынын және эпидемиялық жағдай нашарлаған жағдайда ойын сауық орталықтары, дәмхана және басқа да нысандардың қайтадан жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді.