Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде о...
Тайки Вайтитидің «Қоян Джоджо» фильмі бас жүлдені жеңіп алды
Торонтода өткен Халықаралық кинофестивалде Тайки Вайтитидің "Қоян Джоджо" фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Кинофестке бас-аяғы 84 елден 333 фильм қатысқан болатын.
Дүйім жұрттың күткені басқа болса да, "Қоян Джождо" сытылып шығып, бәйге алдынан бой көрсетті. Тіпті сыншылар да аталмыш киноның абыройы бұлай асқақтайды деп ойламаса керек. Осылайша "көрермен көзайымы"атанған Вайтитидің фильмі алдағы айдан бастап әлемдік киноэкранға сапар шегеді. Күтпеген жерден белгілі сыншылардың бағасынан өткен "Қоян Джоджоның" қандай ерекшелігі бар? Оны кейінірек талқылайтын боламыз.
Ал, кинофестивальдің келесі жүлдесін Ноа Баумбахтың "Неке оқиғасы" комедиялық-драмасы иеленді. Драманың бас кейіпкерлерін сомдаған голливуд жұлдыздары - Скарлетт Йоханссон мен Адам Драйвер. Фильмді осы күзде Netflix-тан тамашалай аласыздар.
Үшінші орын Пон Чжун Хоның "Паразиттер" қара-комедиясына бұйырды. Пон мырзаның "Паразитін" әлі күнге дейін еліміздің көптеген кинотеатрларынан көрсету үстінде. Ендеше фильмнен ләззат алуға асығыңыз!