Ежелгі және орта ғасырлар тарихы залы

МУЗЕЙ
3917

Ежелгі және орта ғасырлар тарихы залы

Қазақстан – Еуразия құрлығының орталығында орналасқан, тарихи және мәдени оқиғаларға бай болған мемлекет.

Қазақстандық ғалымдардың елдің барлық аймағында жүргізген көп жылдық зерттеулері бүгінгі күні ҚР Ұлттық музейінің екінші қабатындағы экспозиция залында көрініс тапқан Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихын бейнелейтін зор әрі теңдесі жоқ материалды жинауға мүмкіндік берді. Бұл жерге қорларда сақталған 5 мың экспонаттың 500-ден астамы қойылады.

Музейдің ғалымдар жинаған археологиялық топтамасы келушілерді Қазақстан аумағын ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі кезеңде мекендеген тайпалардың тарихымен, экономикасымен, діни көзқарасымен, қолөнерімен, архитектурасымен таныстырады.

Экспозиция төрт бөлімнен тұрады: тас ғасыры, қола дәуірі, ерте темір және орта ғасыр дәуірлері. Экспонаттар тақырыптық және хронологиялық тәртіппен орналастырылған.

Экспозиция негізгі еңбек құралдары мен қару-жарағы тастан жасалған адамзат тарихы дамуының ескерткіштерін көрсетуден басталады.

Жартасқа сурет салу өнері туралы фильм медиа экранда бейнеленеді.  Музейге келушілерге медиа-үстелдер арқылы экспозициядағы және Қазақстанның басқа музейлеріндегі экспонаттар туралы ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.

 

Жылқы үй жануары ретінде әлемде тұңғыш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай кентінде жылқының қолға үйретілуіне байланысты көптеген артефактілер табылды. Ол Қазақстан аумағын мекендеген адамдар үшін және бүкіл Еуразия құрлығындағы елдердің қарым-қатынасы мен мәдениетінің одан әрі дамуы үшін аса маңызды рөл атқарды.

Қазақстан қола дәуірінде, б.э.д. II-I мыңжылдықтың басында, ежелгі түсті металды өндіруді  кәсіп еткен ірі орталықтардың бірі болды.

Ерте темір ғасырында қола дәуіріндегі отырықшы мал және егін шаруашылығының орнына келген көшпеліліктің өзгеше шаруашылық-мәдени типі қалыптаса бастады.

Орта ғасырларда Қазақстан аумағы Батыс Түрік қағанатының құрамына енеді. Орта ғасырлардағы көшпенділер-түркілер тарихтың жұмбақтарын бойына сақтаған, үнсіз тұрған балбал тастарды ұрпақтарға мұра етіп қалдырды.

Қазақстан б.д. VI ғ. бастап Ұлы Жібек жолының сілеміне енді. Зал экспозициясына Қазақстанның ортағасырлық қалаларынан табылған бұйымдар қойылған.

XIV ғасырдың ортасында Орта Азияда Әмір Темір құрған, құрамына Оңтүстік Қазақстан енген ұлы держава пайда болды. Бұрын-соңды болмаған көлемде қалалар мен кесенелердің құрылысы басталды.

Экспозиция қайта жаңғыртылған Қазақстанның Ортағасырлық көшесі және діни архитектурасымен аяқталады. Қабырғада Қожа Ахмет Ясауидың тамаша архитектуралық кесенесі көрсетіледі. Кесене әлемде ислам дінінің үстемдігін орнатуды армандап, көшпенділер арасында оның ықпалын нығайтуды аңсаған Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Экспозицияның осы бір бөлігін тамашалаған келушілер  ортағасырлық кезеңге тап болып, сол уақытта жүргендей күй кешеді.

Сенсорлық дүңгіршектер музейге келушілерді Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық сәулет өнерімен сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларымен таныстырады.

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...