Кейде оңаша қалғанда, ойың он саққа, санаң сан саққа бөлініп, біздің басқарушы биліктің білім, денса...
Қазақтың ырымдарын оқып алыңыз
2704
- Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.
- Нанның қиқымын жесе - бай боласың дейді.
- Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
- Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
- Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
- Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
- Сәби көзін ашып ұйықтаса - жары сұлу болады.
- Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
- Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
- Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
- Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.
- Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.
- Сәбиге көз тимес үшін күйе жағып қояды.
- Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдаған.
- Жұма күні кір жума - әруақтар ренжиді.
- Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.
- Нанның қиқымын жесе - бай боласың дейді.
- Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
- Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
- Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
- Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
- Сәби көзін ашып ұйықтаса - жары сұлу болады.
- Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
- Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
- Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
- Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.
- Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкір
- Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
- Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа телиді.
- Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тапса, «мені біреу мақтап жатыр екен» дейді. Таба алмаса, «жамандап жатыр екен» дейді.
- Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе, бота шошып өліп қалады деп ойлаған.
- Қазақ сейсенбіде жолға шықпайды, іс, жұмыс бастамайды, көшіп-қонбайды.
- Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді.
- Тамақ үстіне келген адамға үй иесі «мақтап жүреді екенсің» деп риза боп қалады. Дастархан жиналып жатқанда келгенге «бізді жамандап жүреді екенсің» деп ескерту жасайды.
- Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе күйеуің немесе әйелің тастап кетеді дейді.
- Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.
- Мал төлдеп жатқанда ешкімге мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
- Жақын адамдарға пышақ, ит сыйламайды.
- Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап немесе сатып алады.
- Ауыл ішіне атпен шауып келген жаман ырым.
- Егер сүйінші сұраса шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келуге тиіс.
- Қайғылы, қазалы хабарды есірткенде немесе жаназаға шақырғанда ғана атпен шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауы тиіс.
- Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық» деп кіреді. Үйге келген қонақ адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкум» деп сәлем беру керек.
- Екіқабат әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді.
- Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.
- Аты сүріншек болады деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді.
- Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.
- Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
- Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.
- Тауық мезгілсіз шақырса - жаман ырым.
- Иегің қышыса бір жерден дәм татасың.
- Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.
- Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді.
- Бейуақытта ұйықтаған, жылаған жаман болады.
- Қолды жуғаннан кейін оның суын сілікпейді, орамалмен сүртеді.
- Бала қаспақ жесе, оның үйлену тойында жаңбыр жауады.
- Баласы шымыр болсын деп екіқабат әйелге сағыз шайнатады.
- Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
- Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана қуат бер» деп жалаңаяқ жүргізеді.
- Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.
- Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады деген ырым бар.
- Баласы кіндігіне оралып қалады деп екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.
- Бала ортан жіліктің майын жесе, ата-анаға мейірімсіз болады.
- Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады деседі.
- Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
- Жас келіннің төсі, малдың желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды.
- Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
- Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргенде қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.
- Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, «көзің тиеді» деп түкіртеді.
- Балықтың құйрығын ұстаса, ауға балық түспейді.
- Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
- Мал үшеу не төртеу (үш не төрт төл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
- Егер бір үйде қыз туа берсе, келесі баланы ұл болсын деп оған ұлдың атын қояды.
- Егер ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді.
- Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.
- Адам басы кемиді деп бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.
- Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
- Баланың мойынын тез және түзу бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.
- Несібесі көп, дастарханы мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
- Жиенді ұрса, қолы қалтырайды деген ырым бар.
- Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды.
- Алыс жолға шыққан адамдар қарашаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
- Қазақ жек көрген немесе көрмеймін деген адамының артынан бір уыс топырақ шашады.
- Біреудің үйі өртенсе, оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.
- Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
- Шала туылған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса сонша күн кереге басына іліп қояды.
- Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туылған баланы Қалдыбай, Қалдыгүл деп атайды.
- Пәле жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды.
- Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
- Өліктің денесі оралған кілемді түнде жұлдызға қаратып жайып барып пайдаланады.
- Шашалған адамға «мал қап» дейді.
- Ет турағанда бір кесек ет қалып қойса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.
- Біреу қайтыс болды деп ескертіп, кейін ол тірі болып шықса, «көп жасайды екен» деп ырымдайды.
- Үйдің өз сәбиі үйге «ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге көп кешікпей қонақ келеді.
- Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
- Бас киімді теріс қаратып киген жаман істің белгісі.
- Жас адамдар «басым ауырады» десе, «басыңа бас қосылады екен» дейді.