Талғат Теменов. Ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын

ТАНЫМ
3413

Қапырық... 2020 жылдың қапырық жазы... Ешқашан шілде айында бұлай  қиналып көрмеппін. Бүткіл театр демалыста болса да, көңіліміз арпалыста...  Бұрын  демалысқа кеткенде "театр демалыста" - деп жазушы едік...  Биыл жазу былай тұрсын, демалысымыз қайсы, мезгілдің қай мезгіл екенінде анықтауға шама болмай кетті. Бірақ мынандай ел басына күн туған кезде қарап жатуды жөн көрмедік.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының шығармашылық құрамы мен ұжымдағы адамдар атсалысып біраз ақша жинадық. Бүгін соны  Ұлттық ғылыми зерттеу медицина орталығы, қазіргі Ковид орталығы болып отырған Абай Қабатаевич Байгенжин бастаған медициналық орталыққа апарып берді. Оған театрымыздың актрисалары Ләйлә Бекназар мен Бота Мақсұтова барды. Бұйырса олардың хаты да қағаздары да келеді. Әзірге қуантатын жағдай Біз қарлығаштың қанатымен су сепкендей қолымыздан келгенімізді сол мекемедегі ақ халатты абзал жандарға, ауырып жатқандарға қол ұшымызды созуға берейік дедік. Сырқаттанып жатқан адамдарға шипа берсін, қолұшын берген азаматтарға дендеріңіз сау болсын деп тілек айтамын. 


Құрметпен Талғат Теменов

author

Талғат Теменов

АКТЕР

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...