5G туралы 5 миф

ТАНЫМ
1700

5G — ұялы байланыстың 5-өкілі немесе 5G технологиясы деп аталады. Қазіргі уақытта әлемдегі ең жылдам желі болып саналады. Сондай-ақ 4G LTE желісімен салыстырғанда көптеген құрылғыларға қосылуға қабілетті. АҚШ және бірнеше басқа елдерде бұл байланыс 2018 жылдан бастап қолданыла бастады. Samsung, Motorola, Huawei және LG сияқты бірнеше ірі компаниялар қазірдің өзінде 5G телефондарын шығаруда. Ал Apple мұндай телефондарды тек күзде шығаруды жоспарлап отыр. Енді осы 5G жайлы айтылған әртүрлі алып-қашпа әңгімелерге тоқталсақ.

Миф №1: 5G смартфонның батареясын тез бітіреді

Бұл мифтың түп төркіні 4G желісін еңгізген кезеңмен байланысты. Сол уақытта 4G желісі үлкен аумақта әлі тарамаған еді. Сондықтан жоғары сигналға жету үшін телефон көп энергия жұмсайтын. Оған қоса 4G желісін қолдайтын алғашқы смартфондарда 4 G-ға қосылуды арнайы үлкен өлшемдегі LTE-чипсет жүзеге асыратын. Ал бұл чипсет смартфонның батареясын «құртатын». Енді жоғарыдағы мифке оралайық. «5G смартфонның батареясын тез бітіреді» дейді. Бұл негізсіз. Себебі, біріншіден, 5G желісін іске қосу үшін оның антенналары биік әрі орнықты орналасуы керек. Сондықтан антенна биік тұрғызылғандықтан сигналды ұстау үшін телефон көп қуат көзін жұмсамайды. Екіншіден, жоғарыда 4G чипсеті үлкен өлшемде болатынын атап өттік. Ал 5G чипсеті болса, өте кішкентай және аз мөлшердегі энергия істеді. Сондықтан смартфоныңыздың батареясы туралы уайымдаудың қажеттілігі жоқ.

Миф №2: 4G-де жеткілікті, 5G-дің қажеттілігі жоқ

Бәлкім, сіздің 4G -ға көңіліңіз толады, сондықтан бұдан да жылдам интернетті қажетсінбеуіңіз мүмкін. Алайда 5G-дің қандай ерекшеліктері бар? Соған мән берсек. 5G — бұл интернет жылдамдығының бұрынғыдан да артуы. Қандай да бір файл жүктеуді қаласаңыз, көзді ашып жұмғанша тез жүзеге асырады. «Қашан жүктеліп бітеді?» деп сарылып көп күтіп отырмайсыз. 5G-дің іске қосылуы технологияның жаңа мүмкіндіктеріне есік ашады. Атап айтқанда:

— Пилотсыз ұшатын аппараттар. Ешқандай арнайы ұшқыш қызметін пайдаланбай-ақ, ұшқышсыз өздігінен ұшатын аппараттар қазіргі уақытта инженерлер жасау үстінде. (2019 жылы күз мезгілінде Сингапурде ұшатын такси сынақтан өтті) Оларды адамдар қашықтықтан басқарып отырады. Ал пилотсыз ұшатын аппараттар алыстан сигнал  қабылдау арқылы 5G желісі қамтыған барлық жерде ұша алады. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта әр түрлі салаларда адам еңбегін қажетсінбей-ақ өздігінен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

— VR технологиясының қарқынды дамуына жол ашады. Егер байланыс күшті болмаса, онда фотореалистикалық суреттердің компоненттерін құру мүмкін емес. Ал 5G -дің келуі бізге технологияны дамытуға мүмкіндік береді. Сигнал «бұлтқа» жіберіледі де, ол жерде өңделіп, секунд ішінде қайта артқа қайтады.

— Роботталған транспорт.

— Әрине, интернет жылдамдығының маңызды екендігі айтпаса да түсінікті. Кейде ірі қалалардағы жеке секторда оптикалық кабелдерді жүргізуде проблемалар туындап жатады. Соның салдарынан жұрт 4G модеммен жұмыс істеуге мәжбүр. Дегенмен тіпті қаланың кейбір жерлерінде 4G деген аты болмаса, интернет баяу жұмыс істейтін жағдайлар кездеседі. Ал 5G іске қосылуы бұл жағдайды өзгертеді. Енді жоғары жылдамдықтағы интернетке барлық адамның қолы жете алады.

— Ақылды үйлер. Интернет құралдарының дамуы — қазіргі смарт үйлердің бұрынғыдан да ақылдырақ болуына әсер етеді. Бұл өз кезегінде оларды басқару ыңғайлырақ бола бастайды.

Миф №3: 5G енгізілсе, 4G істен шығып қалады

Әрине, жоқ. Егер 5G іске қосылса, операторлар оны барлық абонеттерге орналастырып, 5G-дің жүгі ауырлайды. Ал 4G-ға түсетін қысым азайып, жүгі жеңілдететін шығар. Ал бұл өз кезегінде жоюдың орнына, 4G-дің кішкене тыныстап, демалып бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Оған мысалға 4G, 3G енгізуді айтуға болады. 4G-ді енгізгенмен, 3G жойылып кеткен жоқ. Ал 3G-дің пайда болуы 2G-ді еркін өз-өзімен қалуына мүмкіндік берді. Бірақ 2G жоғалып кеткен жоқ, ол әлі бар. Еліміздің кейбір ауыл аймақтарында әлі де 2G, 3G қолданылады.

Миф №4: 3G, 4G және 5G арасында ешқандай айырмашылық жоқ, интернет бәрібір баяу істейді

Бұл мифты жақтаушылардың ойынша, байланыс операторлары адамдарға өтірік айтып алдайды, олар трафик пен жылдамдықты өздерінің қалауларына қарай береді. Сондықтан тіпті 10G енгізсе де қарапайым қолданушылар айырмашылығын байқамайды деген пікірді айтады. Бұл бос әңгіме. 4G желісінің орташа жылдамдығы 3G-ге қарағанда шамамен 3 есе жоғары. Ал 5G желісінің антенналары биік орналасатындықтан, кедергілерді болдырмайды немесе қиындықтар санын азайтады. 1 километр квардрат жерде 4G шекті саны — 20 000 абонент, егер бұдан асқан жағдайда интернеттің жылдамдығы ақырын боп қалады. Мұны әдетте адам көп жиналған іс-шараларда интернеттің баяу істейтіндігінен байқай аламыз. Ал 5G болса тура сондай аумақта миллионға таяу абонент қосылса да төтеп бере алады.

Миф №5: 5G-да рак тудыратын зиянды сәулелер бар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ұялы телефон байланысы антенналар арқылы таратылатын радио толқындарының көмегімен жүзеге асады. Радиотолқындар — бұл электромагниттік өрістер, рентген немесе гамма сәулелену сияқты иондаушы сәулеленуден айырмашылығы, адам ағзасында химиялық байланыстарды бұзып, иондануды тудырмайды, демек, адамның ДНҚ-сына әсер ету мүмкін емес. Сондықтан олар адам денсаулығына үлкен қауіп төндірмейді.

Қания Табыс

Медицина

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер салмағы небәрі 700 грамм болып туған нәрестенің өмірін сақтап қ...

Жаңалықтар

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагоги...