Сәбит Мұқановтың Сұлтанбек Қожанов туралы ой үзіктері

ТАРИХ
5485

Менің Сұлтанбек Қожанов туралы бұған дейін білетіндерім:

Менің Сұлтанбек Қожанов туралы бұған дейін білетіндерім: 1) Совет өкіметіне қарсы өлең-жыр жазудан тынбай келе жатқан алашордашыл ақын - Мағжан Жұмабаевтың Қазақстанда бастыра алмаған өлең поэмаларын 1923 жылы Ташкент қаласында бастырды да, кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспанға шығара мақтады; 2) «Алаш» лидері Ахмет Байтұрсынов 1923 жылдың күзінде Орынборда құлаған 50 жылдық юбилейін Ташкентте өткізіп, Түркістан республикасының басқарушы газеті — «Ақжолда» Байтұрсыновты мақтаған мақалалар бастырды, портретін жариялады; Түркістан республикасын Қожанов басқарған кезде (1922-25 жылдары), алашорда партиясының лидерлері: Халил Досмұхамметов, Хайретден Болғамбаев, Мырзағазы Есполов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқалар Ташкент қаласынан пана тапты да, ондағы «Ақжол» газеті мен «Шолпан» және «Сана» журналдарына ұлтшылдық бағытта, кейде Совет өкіметіне ашық қарсы шыққан бағытта жазған шығармаларын жариялап тұрды. Сондай Қожанов енді Қазақстанды басқаратын болса нені оңдырмақ?..
 

***

Сұлтанбекті «өзімшіл, кекшіл, шамасы келсе қырына алған адамды оңдырмайды, қузаған адамының қыр соңынан қалмайды, құртпай тынбайды» деп естігем. Сондықтан «батырға да жан керек» дегендей, «барсам барайын,— деген ой келген маған,— сөйлесейін, өзінің әуеніне қарай кеңесейін, аржағын көре жатармын». Обкомдағы кабинетіне барған мені Сұлтанбек жылы шыраймен қарсы алып, шүйіркелесе, теңдесе сөйлесті. Оның да өлең жазатынын сонда ғана білдім. Tашкентте қазақ тілінде шығатын «Ақжол» газеті мен «Шолпан» журналындағы — «Тоқпақ» және «Замандас» соның псевдонимі екен.
Бірінші рет сөйлесуім демей ол біраз пікірін ашық айтып салды. Саясат жайын, қазақтың тұтас республикасы құрылу жайын, оның өткені, кәзіргісі, болашағы жайын айта кеп, менің баспасөзде жариялаған шығармаларыма (ол жалпы әдебиетті, оның ішінде қазақ баспасын көп оқитын адам екен) бағасын бере кеп былай деді (бұдан былай оны оқушыға түсініксіз тілімен сөйлетпей-ақ қоялық):
— Сен, Сәбит шырағым,—деді жасы үлкен аталық ақылы сияқты дауыспен,— «пролетариат жазушысы болам» дегенді қойсайшы!
— Сен, әрине, талапты жастың бірісің. Биографияңнан да хабарым бар. Сенін, әдебиетте де кедейшіл болмауға праваң жоқ. Өлеңдеріңнің көркемдігі жетіп болмағанмен, мазмұн жағынан өз бағытыңда жаман шықпайды. Көркемдік жағынан өсуге уақытын, бар,— әлі жассың. Қызыл езулікті қою керек те, шеберлену жағына күш салу керек. Бұл саған шын ағалық, адамдық жүректен айтып отырған сөзім, — деді.

Сәбит Мұқанов "Өмір мектебі"

author

Сәбит Мұқанов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...