Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Серікжан Ысқақбекұлы жазған 7 картина
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші -Серікжан Ысқақбекұлы! Мархабат!
1978 жылы ҚХР ШҰАР Іле Қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Шыңжаң көркемөнер академиясының сурет факультетінің майлы бояулы кәсібін бітірген. 2016 жылы Қазақ Ұлттық өнер университетінде кескіндеме мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі болып бітірген.ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялық облысы суретшілер одағының мүшесі (2006).
ҚХР Шыңжаң суретшілер одағының мүшесі (2008).
Қазақстан суретшілер одағының мүшесі (2017).
2012 жылы еңбектері үшін ҚХР Мәдениет министрлігі тарапынан арнайы алғыс хатпен марапатталған.
2015 жылы шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өткен халықаралық өнер фестивалінде II орынмен марапатталған. Астанада 3 мәрте жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылған. Жұмыстары Қытайда көрмелерге қойылып сақтауға алынған, «Ымырт» атты жұмысы ҚР Ұлттық музейінде, «Отарда» қатарлы 8 жұмысы Кипрдегі модерн көркем өнер музейінде сақталған.
Қазір Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы.1
"Ақ төс" кенеп, акрил, 130x160 см, 2019 ж
2
"Есенгелді батыр жорығы" кенеп, майлы бояу, 150x130 см, 2016 ж.
3"Келін" кенеп, акрил, 130x160 см, 2019 ж
4"Қансонар" кенеп, майлы бояу, 110x110 см, 2020 ж
5"Қыз мұраты" кенеп, майлы бояу, 160x130 см, 2016 ж
6"Наурыз, көктем" кенеп, майлы бояу, 80x100 см, 2020 ж
7"Үйірлі жылқы" кенеп, акрил,130x160 см, 2019 ж