Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Есімғали Жұманов жазған 7 картина
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Есімғали Жұманов! Мархабат!
Қазақтың атақты қылқалам шебері Есімғали Жұбановтың (1946 жылы туған) шығармашылық биографиясы Н.В.Гоголь атындағыАлматы көркемөнер училищесінде білім алудан басталып, В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемөнер институтында жалғасын табады. Суретшінің еңбектері республикалық, аймақтық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қойылды. Е.Жұманов шығармашылығындағы биік белес 2000 жылы Түркия еліне шығармашылық сапарға баруында болды, дәл осы жерде суретші өзі үшін сопылық дін, поэзия мен философия әлемін ашты; осы кезден бастап суретші өз кенептерінде адам жанының мистикалық мәндегі жұмбағын шешуге ұмтыла бастайды. Көркем сурет Жуманов үшін физика мен метафизика арасында жатқан кеңістікке айналады, онда шебер заттың материалдылығын қандай да бір сюрреалистик құбылыста ерекше батылдыққа, кереғарлыққа және мысқылшылдыққа айналдырады.
Шебердің шығармашылық кредосының негізгі сюжеті шебер керемет меңгерген түс, композиция, ырғақ сияқты суретті кеңістіктің үйлесімділік құралы емес, шындық пен тылсым дүниенің, сана мен түйсіктің қарым-қатынастарынан көркемдік іздену болып табылады. Есімғали Жұмановтың суреттері әр түрлі бағыттардың талдауын көрсетеді, алайда сюрреализм солардың ішінде нақтылайтыны мен жетекшісі болып табылады. Кейбір жұмыстарында реалистік көркемсуреттің академиялық мектебінің қырлары («Ана рухы», 1996; «Метафизикалық кеңістік», 2005; «Үмбетейдің дұғасы», 2006; «Мергеновтың портреті», 2006), басқа көрнектілерінде абстракт сарыны («Кесірлі әлем», 2009; «Мондриан тәжірибесі»,1990) немесе декоративті көркемсурет («Ғұндар»,1993; «Этномодерн», 2003) көрініс табады. Шартты түрде «сценографиялық қойылымдарға» жатқызуға болатын жұмыстары да баршылық. Егер осы сынды топтастыруды басшылыққа алар болсақ, біз сөзсіз тығырыққа тірелеміз, аталып өткен белгілер көріністің сыртқы пішініне жатады және суретшінің кескіндеме мазмұнының жоспарын еш аша алмайды. Оның кескіндемесі қазақ тарихында болған оқиғалармен («Қаған – көк ғұндар», 1993), сондай-ақ заманауи жағдаяттармен немесе Қазақстанда болып жатқандармен («Қара иттің қызыл көлеңкесі», 1986; «Құм теңізінің айналы рухы» 2009) ерекше түрде үндеседі - Есімғали Жұманов тұлғасының феномені, оның ерекше дарындылығы осылардан тұрады.
Сонымен, сюрреалистік дискурс – Есімғали Жұмановтың кескіндемесіндегі негізгісі, бәрінен жақсысы, біздің ойымызша, ол - «21 ғасыр. Атилла мен Рим қасқыры» (2009). Кенеп драматургиясының лейтмотиві – христиандық Рим мен көшпенді әлемнің қарсы тұруы немесе кездесуі. Автор бұл сюжетті театр сахналарындағы әрекеттердей кеңінен аша түскен.
Кенептің үстіңгі бөлігінде – аспаннан төніп келе жатқан Атилланың қорқынышты сұлбасы. Атилла – жарқыраған салт атты, оның оң қолы да жерге сәуле шашуда, қозғалыс ортаға – көптен күткен жеке тұлғалық шығармашылық күш туындауы тиіс мифтік поэтикалық символ жарқырап тұрған ғарыш жұмыртқасына бағытталған. Е.Жұманов бізді негізгі ойға жетелейді, суреттің бейнелі ортасы осында - суреттің сәулелі ортасында, «дәл осы жерде және жаңа ғана» болған оқиға – Батыс пен Шығыстың кездесу орны. Тазару сәулесін суреттің басты кейіпкері – Атилла әкеле жатыр. Сәуле осы кездескелі жатқан екі әлемді біріктіруі тиіс, оқиға болды, бірақ ешнәрсе өзгермеді, қаз қалпында қалды. Әлем суреті тұрып қалды. Автор жобасы утопияға бастады, екі әлемнің бірігуі болмады, әлемнің тағдыры да, адамзат тағдыры да сан сұрақтар астында қалды.
Автордың қасірет пафосы – Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбаттың жүзеге асуының мүмкін еместігі, ғұн әскерлерінің осы мақсаттағы қозғалысының бар қарқынына қарамай, автор бейнелегендей шырғалаң. Суретшінің Рим империясының тарихи болмысы мен оны ғұндардың жаулап алуы туралы оқиғасы мифтік пішінге ұласады. Осы орайда суретші миф жасампазы ретінде көрінеді, сондықтан оның кескіндемесінің мифтік тарихи сарыны – мифке негізделген оқиғалар, онда тәңір крестері христиандықтарға татиды. Автор осы мәселеге мысқылмен қарайды: крестер кенеп кеңістігінің барлық тұстарында бейнеленген – олар ортасында жарқырап тұр, ауа атмосферасында қалықтап, ғайып болады, қалқандарда жарқырайды, байрақтарда керіледі, ең соңында крест тақырыбының өнертапқыштық апофеозі суретші-автор керілген крест болып табылады. Көзге көрінгендей болған мысқылды суреттегі автордың тұғыры едәуір елеулі, суретші өзі арқылы өзінің табиғаты бойынша елесті, тарихи шындықтың үлгілеріне сай келетін әлем «бейнесін» құрастырған. Болып жатқан оқиғалардың ойдан шығарылған драматизміне, әрекеттердің фантастикалық драматургиясына және болып жатқан оқиғаларға автордың мысқылды көзқарасына қарамай, шахмат тақтасындағы өмір жібін иіріп отырған Ұлы ананың мүсіні әлемде бәрі де тағдырлардың еркімен болатындығына және Батыс пен Шығыстың сұхбаты дегенмен әйтеуір жүзеге асатындығына деген үміт ұялатады.
Е.Жұмановтың суреттері жеке алған көркем немесе табиғи нысанға ғана тоқталатын емес, барлық тылсым дүниелік немесе саналы нысандар мен ғарыштағылардың арасындағы, ақыл-санамен түсініп білуге болмайтын бастама белгілері арқылы бір-бірімен сұхбаттасуға дайын Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің арасындағы фантастикалық қарым-қатынастарды бастан кешіретін заманауи адамның эстетикалық сезіну ерекшелігі туралы куәландырады. Е.Жұманов Атилла заманындағы ортағасыр адамы сияқты тарихи оқиғалардың қасіретінен жасампаз Құдайдың онтологиялық дәлелін көреді. Монғолдар да Батыста өздерінің пайда болу сәтінде Құдай қаһарының көрінісі ретінде қыбылданды. Бір жолға қойылған жақсы мәлімет жинаудың нәтижесінде аз уақыттың ішінде ғұндардың немесе монғолдардың мифтік бейнелері жойылады. Байланыс жасау, тауар алмасу және Қасиетті жерді азат ету бойынша бірлесіп жасаған жобалармен алмасу кезеңі туындайды, ал XIV ғасырларда Еуропада Ұлы даланың көшпенділерінің мейірімді мінез-құлқы мен дәстүрлерін дәріптейтін шығармалар пайда болады.
Жұмановтың кескіндемелеріне тән сюрреалистік дискурс, мықты онтологиялық мінездеме ретінде болатын және адамның онда тірі әрі құштар жан ретінде толық талап етілуін керек ететін көркем поэтикалық сөзге тамыр тартатын номадикалық сананың аффективті сипатына толық сай келеді.
Біздің ойымызша, Е.Жұмановтың едәуір елеулі еңбектеріне оның дұрыс тарихи сезімі бойлаған, оған біз «Яссауи сәулесі – Түркістан» (2005) және «Әл-Фараби – Отырар кітапханасы» (2005) атты суреттерін жатқызамыз, олар рухани сәуленің ашықтығы мен Ортағасыр кезеңінің туындауын суреттеуге арналған, сондай-ақ біздің жадымызда жаңғыртуға міндетті адасқан оқиғалар әлемдерінде өмір сүріп жатқанымызды ескертетін сыңайлы. Кейде Жұмановтың суреттері дәстүрлі жаһандық монументальді тарихты кеңейтеді, пародиялық және жалған асыра сілтеушіліктерді барлық «қасиеттіліктер» мен батырлықтарды карнавалдық шектеуге дейін жеткізіп жүзеге асырады. Оның дәлелі - «21 ғасыр. Атилла және Рим қасқыры» (2009) суретіндегі жекеленген бөлік ретінде бейнеленген суретшінің өзінің кресте керілген бейнесі немесе (Зияткерлік кеңістіктің узурпациясы» (2006) суретіндегі зияткердің бейнесі.
Жұманов шығармашылығындағы негізді қалаушы архитип ретінде басқа әлемге ену, мүлдем Бөгдемен кездесу мақсатымен жол үстіндегі, ел кезіп жүрген көркем бейнелер көрініс тапқан, сонысымен барлығын қамти алатын зияткерлік номадизм қағидаларын бекітпек. Өз кенептерінде Жұманов батыс жаққа, «рухани қараңғылыққа», батыс әлеміне бет алған ежелгі номадтармен кездесу әсерін бейнелеуге тырысады. Е.Жұмановтың көркем тілі – ол өту тілі. Бұл тіл - рухани түннің тыныштыққа бөленген даласы арқылы өту. Бұл тіл - құлдыраудың ерте кезеңінен бір кездерде бастау алған атқан таңға оралу мүмкіндігін растай түсетін тіл. Бұл – сара жолдың тілі, онда Көк Тәңірінің көк игілігінің жарқын үйлесімі пайда болады, үйге оралып келе жатқан рудың әсемдігін жаратады.
Есімғали Жұмановтың көркем туындылары – әмбебаптықтың дұрыс ойластырылған және тепе-теңдіктегі үлгісі, онда зұлымдық пен мейірімділік – синхрондық, метафизикалық, сюрреалистік көлемдер. Біздің номадикалық тұрғыдан құрылған мәдениетіміздің тәжірибесі зұлымдық күшін құрбандық жасау арқылы симводлдық түрде жоюды үйренгендігін байқатады. Есімғали Жұмановтың суреттеріндегі сюжеттік оқиғалар кезекті құрбандық ретінде жасампаз суретші болып тұр, Бөгденің бекеті, оның «өзіндік» қырын көпшіліктің санасы психикалық ауытқу, мәдениетсіздік, болмайтын дүние ретінде қабылдайды. «Өз құндылықтары қалмаған жағдайда, өзгенікін жою керек» - көпшілік санасының дәстүрлік құндылықтардан айырылған логикасы осындай. Заманауи қазақ қоғамының дамуы дәл осы бағытта болып жатыр, ол өзінің тотальді әлеуметтік жобаны жоққа шығару мен енжар қараушылықты жүзеге асыру қозғалысында үдеріске ие болуда.
Жаһандану үдерісінен кейін бұрын қасиетті деп саналатындарды жаһандық бұрмалау туындай бастайды. Осыған орай Жұмановтың қазақ халқының тағдыры үшін драмалық туындыларын келе жатқан жаһандық гуманитарлық катаклизмнен сақтану, тотальді нигилизмге адам тіршілігінің дәстүрлі үлгілеріне төнген қауіпке қарсы тұру ретінде қабылдау керек (Е.Жұмановтың «Азия ханым» атты суреті, 1996). Есімғали Жұманов Ұлы Даланың «қасиетті дәстүрі» мен Батысқа тән нигилизмді кескіндеме жұмыстарында сюрреалистік көркемдік қабылдауында бір-біріне қарсы қоя отырып, қазақ халқының тағдыры мен мүддесі туралы тіке ойлардың көкжиегін ашып, қазақтардың алдында тұрған мәселеге – өзін тарихтан табуға сұрақ белгісін қояды.
Әсия Ғалымжанова, Өнер зерттеу ғылымыныңдокторы, ҚазМАҚАпрофессоры
1
"Баян Сұлу - махаббат аңызы" 80х120 см. 2011ж. Х.М.
2
"Жасыл алма" 90х90см. 1996ж. Х.М.
3
"Зинақор әйел" 69.5х45.5см. 2014ж. Х.М.
4
"Ұмай ана" 90х100см. 2011ж. Х.М.
5
"Кешқұрым" 50х70см. 2016ж. Х.М.
6
«Яссауи сәулесі – Түркістан» (2005)
7
«Әл-Фараби – Отырар кітапханасы» (2005)