ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті "HRT" атауымен белгілі қаржы пирамидасының қызметін тоқтат...
Таразда оқушылар жаппай төбелесті
Фото: freepik
755
Видеода бір топ жасөспірімнің қатарласын жабылып ұрған сәті көрінеді. Олар оқушыны жерге құлатып, аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар араша түсіп, полиция шақырған.
Жамбыл облысының полициясы төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады.
15 жастағы жасөспірімдер ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді Тергеу басталды.
Полиция оқушылардың есепке алынғанын, ал олардың ата-анасы жауапқа тартылғанын атап өтті.