Қайран, Таласбегім-ай! (эссе)

ӘДЕБИЕТ
3256

Семейге,Төкен Ибрагимов бажама бара қалсам, алдымен үйіндегі, сонан соң саяжайындағы кітапханасын бір ақтарып шығуды жақсы көретінмін. Өйткені жазушы баспасынан шыға қалған жаңа кітап болса, ол Төкеңнен міндетті түрде табылады.

Содан Төкеңнің саяжайдағы кітапханасын ақтарып отырып 2003 жылы "Сорос-Қазақстан"қорының қаржысынан шығарылған екі кітапқа тап болдым. Төкең:

- Бұл кітаптарды мен саған сыйға тартайын. Міндетті түрде оқып шық. Екі автор да өте білімді, өздеріне ғана тән кітап жазудағы, бағыт- бағдар ерекшілгін менгерген, тапқан, мықты жазушылар .

Мынау, - деді, сонан кейін, Таласбектің «Талтүсін» қолына ұстап тұрып.

- Өзіңнің жерлесің, Аякөздік Таласбек Әсемқұлов деген жазушы ғана емес, даулескер күйші!,-- деп даусын нақыштап көтеріп.

- Ал, Мұнараның авторы, Айгүл Кемелбаева Абайлық. Анау әлгі, ақын шал Шәкір Әбенов бар ғой, соның аулынан,- деп, жымыип, екі кітапты қолыма ұстатты.

Осылайша Таласбекпен сырттай таныстығым болды.

2009 жыл дың күзінде белгілі ақын Тныштықбек Әбдікәкімовтың ұлы үйленді. Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, сол тойда, қайдан жолықтырсам деп жүрген Таласбекке ұшырасып қалдым. Тойға кісі көп жиналды. Фойе ығы- жығы болып кетті. Біз әнші Келденбай Өлмесеков екеуміз фойенің бір бұрышында өткен-кеткенді әңгіме қылып тұрғанбыз. Сол кезде аяғын ерне ілби басып, қолында пакеті бар, шайқала жүріп бір адам, көптің арасынан суырылып бізге қарай шықты. Оған қарсы қолын жая ұмтылған Келденбай, маған бейтаныс адамның ыиығынан құшақтап алып, мені таныстыра жөнелді.

- Таласбек, бұл Уалихан Аякөзден келген Төкеңнің бажасы, Тыныштықбектің өлеңдерін жатқа оқиды - дегені.Неге екенін білмеймін, марқұм Келденбай, тура осылай айтып таныстырыды. Мен болсам қапелімде Таласбектің «Талтүс» романының аты аузыма түспей,сасқалақтап, мен сенің Әжігәрейіңді оқыдым дедім. Бірақ бұным Таласбекке еш әсер етпеген сыяақты көрінді.

Ол ет жеңдігіне қарамай ілезде қалтасына қолын сүңгітіп жіберіп, қол телефонын алып шықты да:

- Аға, адрес, мекен жайыңызды айтызшы, жазып алайын - деді, шынайы ықыласымен өтініп. Менің адрес, мекен жайымды жазып алған соң, қайта қол алысып, арқа қағысып, күліп алдық.

- «Рух-Мирас» журналында менің Жәнібек Сүлеевке берген сұхыбатым бар. Сонымен бірге Абай атамыз туралы жазған мақаламды қосып, сізге бандеролмен салып жіберемін. Оқыңыз, айтар ойыңыз, пікіріңіз болса жазып жіберіңіз.

Менімен бұрыннан сырлас-таныс адамдай еркінсіп сөйледі. Кергіп, кісімсінген жоқ, жатсынған жоқ , байсалды әдепкі қалпын сақтап, әңгімеміз ары қарай жалғасып жүре берді. Сол екі орта да тойхананың түкпірінен Шәмші ағамыздың өлеңдері шырқалып, айналаны сәулелі нұрға толтырып жіберді.

- Қандай ғажап мелодия!..Құдырет қой Шәмші Қалдаяқов! - деді, Таласбек риясыз көңілден

Көп кешікпей Таласбектен бандерол келді. Мен үшін, қарапайым теміржолжы үшін маған таныс емес тексте жазылған дүнниелерді оқу, қызығушылық пен білмегімді одан сайын артыра түсті. Сондықтан Таласбектің шығармаларын түгел оқып шығуға ынтам ауды. Ал, Таласбекпен телефон арқылы сөйлесіп тұру әдетке айналды. Ол өзі де жиі хабарласатын. Бір хабарласқанын да, ол маған Біржан сал киносының сценарийін жіберетінін және ол туралы менің пікрімді білгісі келетінін жеткізді. Онда Біржан сал экранға әлі шықпаған болатын. Біржан сал киносы мен үшін; ұлттық танымның айқындығымен, уақиға құрлысының қызық шиленісімен, сал- серілердің қайталанбас заманымен, Біржанның асқақ тұлғасымен керемет жазылған туынды.

Ал,телефонмен сөйлесе қалсақ онымыз ұзаққа созылатын.

Білмейтінімді сұраушы мен, ол жалықпай айтушы болатын. Тағы бірде айтқаны, сіз балаларға айтып интернет қосқызып алыңыз .Сонан соң менің «Отыкен» сайтыма кіріп, менің жазғандарымды оқи бересіз. Мен балаларыма айтып қолмақол интернет құрғызып алдым. Сонан соң Таласбектің сайтына кіріп таңырқай отырып, осындай білімдарлығы, ғұлама ойшылдығымен бірге, кішіпейлдігіне қайран қалдым.

Таласбек қайтыс болғанын Астана да тұратын қызым жеткізді.

Түс әлетінде отбасымызбен түскі ас ішіп отырған едік, телефон безектей жөнелді.Тұтқаны өзім алдым.

- Әке осы сенің астанадағы досың,Таласбек ағаның фамилиясы қалай еді, айтшы! - деді, амандық сұраспастан.

- Әсемқұлов!..

- Ендеше сол кісі қайтыс болыпты...

Кеседегі шайымды төңкере салып, далаға атып, шығып кеттім.

Осының алдында ғана Таласбек хабарласып, таяуда Аякөзге жол жүретінін айтқан. Себебі ерте де, бірге оқыған кластасы 60 жасқа толмақ екен, тойға келмек. Олай болса жақсы, онда, біздікіне де аялдайсыңдар деп ескерттім.

- Аға, енді солай болатын шығар, бара көреміз,"- деп, кісіге салмақ салғысы келмейтін ыңғай білдірді.

Біз күттік. Бірақ қай уақытты болсын, қазақтың жақсысын қапелімде жұтып кететін ажалдың, қазаның хабары бұрын жетті.

Қамықтық, амал не?!..

Енді, тірі адам тіршілігін жасау керек. Елі, туған өлкесі Аякөзінен, `бір адам болса да, жоқтаушысы, іздеушісі болып, қарайып барып, топырақ салып келуге бекіндім. 

Мен Алматында поездан түсіп, таксимен Қазақфильмге жеткен де, Таласбекпен қоштасу рәсімінің аяғы болып қалған екен. Айнала мәйітті қоршаған қалың ел. Орта да беті жабулы мәйіт.Тым болмағанда бет жүзін бір көріп қалсам деген ойым бар еді, оным болмайтын болды. Енді не болса да ортаға атып шықтым да, мен Аякөзден едім, Таласбектің туған жеріненмін, бір ауыз қоштасуға сөз беріңдер деп дауыстадым. Бірақ онымнан ештеңе шықпады. Таласбекпен қоштасу рәсімі аяқталып, ортаға дұға қайруға молда шығып қойыпты. Енді көпшіліктің арасынан жанталасып жүріп Зира келінді әрең тауып алып, әйтеуір көңіл айтып үлгердім. Таласбекті Кеңсайға жерлейтін бопты. Оған қалай жетем деп тұрғанда, анадайдан қазағымызға танымал алаштанушы, Тұрсын Жұртбайды көрдім. Көптен танстығымыз бар болатын, жолың болғыр бір көлікке отырғызып жіберді.

Сол қарбаласта, ақын Несіпбек Айтов та жолығып қалды. Онымен менің таныстығым жоқ еді.

- Сен Акөзден екенсің ғой, атың кім? - деді, жүре сөйлесіп Несіпбек.

- Уалихан. 

- Аяккөзден, әкімшіліктенсің бе?..

- Жоға, әкімшіліктің есігінің қайда екені білмеймін...

Осы Несіпбек Айтов кейін, радио тілшісіне сұхбат беріп жатып, Таласбектің қазасына, туған жері Аякөз әкімшілігінен бірде-бір адам келмеді деп, өкпесін айтты. Таласбектің тағдыры, сол әкімшіліктің қолында тұрғандай. Өзін сырттай жақсыға балаушы едім, көңіл суып қалды.

Ақыры Таласбекке топырақ салу бұйырды. Қара жердің қойнауына бердік.

Молда да дұғасын қайырып болған еді, ел де жыйналып, топырақ жұққан, алақандарын қағып жатты.Сонда осы Таласбектің қазасына, бас болып жүрген Досқан Жолжақсынов, жас қабірге қадалып, көп тұрып қалғанын көрген көпшілік, іркіліп қалды.

Досқан тік тұрған бойы, іп-лезде Таласбекті жұтып қойған жас топырақтан көзін алмай, тесірейіп, сіресті де қалды. Кем дегенде бір он-он бес минуттай тұрған шығар. Жұрт неге келгендерін, кімнен айырлғандарын жаңа ұққандай, бастарын салбыратып үнсіз мелшиді.

Тұрсын Жұртбай салып жіберген дөкей джиппен кері қайттым. Иесі бір маңғаз жігіт екен. Джиптің артқы сидениясын да екеуміз ғана.Таласбек туралы аз-кем сөйлесіп отырдық. Шопыры жас жігіт, басқа ешкім бұл джиппке жабысып отырмады. Себебін сонан кейін білдім, бұл нұротан партиясының басшысның біреуі екен. Обалы не керек, ас берлетін жерге де өзі алып келді.Ішімнен қайрымды қазағыма мың рахмет дедім.

Ал, аста Ерлан Төлеутай жүргізушісі болып, елге сөз беріп бәрін тияанақтап отырды. Сөйлеушілердің тізімі ұзын сонар. Қазақтың бетке ұстар жазушылары, әртістері, киногерлері, суретшілері бар, одан былайғы қоғам қайраткерлері дейсіз бе, бәрі қайғыға ортақтықтарын айтып, Таласбек туралы көңілдегі ойларын жеткізіп жатыр. Біздің столда күйші Райымқұловпен маған қарама қарсы отырған, екі жас сыншы жігіттер Бақашар мен Нүсіпті таныдым.

Бұларға да кезек берейін деді ме, асты жүргізуші Ерлан Төлеутай біздің столға таяды.

- Аға, сіз Аякөзденмін дедіңіз бе, бірдеңе айтасыз ба -деп, микрофонын ұсынды.

Көзім де жас іркіліп , даусым жарқышақтанып, еңірей жөнелдім.

Ал, ағайын!..бағың биік, мерейің үстем қауым, киногерлер, суретшілер,әртістер,жазушылар, өздеріңнің баға жетпес еңбектерің, жетістіктерің халқық үшін десеңдер, мен сол халықтың өкілімін. Халықтың бағасы, бәрінен биік баға.Сондықтан халық та өнерпаздың ішінен -- өнерпазын таңдайды.Оған шүбә келтірмеңіздер. Ендеше Таласбекгіме бір уыс топырақ салу парызым.

Содан соң Зира келініме басу айтып барып, сорамды сүртіп тоқтадым.

Таласбек соңғы рет Абай ауданынан телефонмен хабарласты.

Даусынан сезліп тұр, көтеріңкі көңілдің лебі бар.

- Аға!.. Біз Абай ауданындамыз. Абай, әкесі Құнанбайға бермеген асты Досқан аға, мен берем деп жатыр - деді қалжың-шынын араластырып.

Бір жылқы сойып аруақтарға бағыштаймыз! 

Құнанбай киносын түсіру ертеңнен басталады.

Иә, кеменгер Абай атамыздың жолы бөлек. Оны да, бұйыртса қолға алатын шығармыз - деп, көкіреген керген арманын, жасырмай айтып еді...

Уалихан Түсіпбайұлы

author

Таласбек Әсемқұлов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...