Ер адамның зейнеткерге жасаған ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2394

Павлодарда зейнеткерді лифтіде тонап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға күндіз Сәтбаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған. Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірген.

Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан. Ер адам қолды қылған пакеттің ішінде зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...