67 адамның бәрі ажал құшты: АҚШ-тағы ұшақ апатының егжей-тегжейі

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1602

Вашингтондағы ұшақ апатынан 67 адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Кеше, 30 қаңтар күні АҚШ астанасында жолаушылар ұшағы мен тіқұшақ соқтығысты. Ұшақта 60 жолаушы, экипаждың төрт мүшесі болған, оған соғылған тікұшақта үш әскери қызметкер отырған. Олардың бәрі мерт болды.

Ұшақ та, тікұшақ та Потомак өзеніне құлады. Құтқарушылар өзеннее мүрделеді алып шықты. Жолаушылар арасында мәнерлеп сырғанаушылар мен жаттықтырушылар болған. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Колумбия округі өрт сөндіру қызметінің басшысы Джон Доннелли құтқару жұмыстары түнгі уақыт болуына және төмен температураға байланысты қиындағанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...