“Қыз болғаны үшін”: Алматы қаласынан жаңа туған сәби табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1632

Алматы қаласы Түрксіб ауданында тұрғын үй подъезінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алматыда екіқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған сәби табылды. Жылаған баланың дауысын естіген тұрғындар дереу полицияға хабар берген. Жедел жәрдем шақырып, нәрестені үйге кіргізген.

«Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полициядағылар.

Оқиға кеше, 30 қаңтар күні түсте болған. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар кешке сәбиді ата-анасы ауруханадан алып кеткенін мәлімдеді. Олардың қолында сәбидің құжаты бар екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...