Коронавируспен күреске бөлінген көлемді қаражат флеш-мобқа жұмсалған. Бұл туралы Республикалық арнай...
«Өкпеңді емес, ең алдымен аш ішегіңді қорға!» (өте пайдалы кеңес)
Адамның иммундық жүйесінің 80 пайызы аш ішегінде орналасқан.
Яғни, «қорғаныс қуаты» деп аталатын көзге көрінбейтін бұл кішкентай ағзалар айналамыздан тыныс жолы, ас қорыту, тері тесіктері, көздің кілегей қабаты арқылы денемізге кіріп келетін сансыз «бөгде заттардан» қорғап тұратын «антидене-антитүйіршік» өндіріп тұрады. Антиденелер біздің Қорғаныс Армиямыз. Егер, бұлар болмаса адам аз уақытта-ақ қаптаған қатерден өліп кетер еді.
Аш ішектің кілегей қабаттарында орналасқан лимфа жасушаларында Лимфоцит-Т, Лимфоцит-В, Лимфоцит-Г т.б. қорғаныс түйіршіктері мен иммуноглобулин атты күрделі белоктар жасалады. Бұлар денедегі әрбір ағзаны сыртқы зиянды әсерден осылай қорғап тұрады. Яғни, сырттан денеге кіріп келген «антигенге» қарсы «антидене» үздіксіз күресіп тіршілік тепе-теңдігін сақтайды.
Осы аш ішекте пайда болған қорғаныс «антитүйіршіктері» лимфа жүйесі арқылы қан айналысына өтіп келесі кезекте бүкіл денеге жайылып әрбір ағзаның иммунитетін қалыптастырады. (Ал, тоқ ішегіміз біздің жылу станциямыз. Ондағы микрофлора ең соңғы ас қалдығын ыдырату арқылы дененің жылу жүйесін іске асырады. Ал жөнсіз қолданған антибиотик тоқ ішектегі пайдалы микробымызды жоятындығын ұмытпауымыз керек!)
Денеміздегі ИММУНИТЕТ деп жүргеніміз осы. Бұл бір адамда өте мықты, бір адамда әлсіздеу болады.
АБАЙ МАУҚАРАҰЛЫ, жазушы-журналист.
Соның ішінде қос өкпенің де өзіндік иммундық-қорғаныс жүйесі осы үдеріске тіке байланысты. Сондықтан, ішектегі иммундық-қорғаныс бұзылса, өкпе еш қорғаныссыз қалады деген сөз.
«КОВИД-19» індетінің қоздырушысы тыныс жолмен қатар ас қорыту жолы арқылы аш ішекке де өтеді. Вирустар бірден ішектегі лимфа-жасушаларын бүлдіре бастайды. Осылайша лимфа жүйесі лимфоциттер мен иммуноглобулин өндіріуін тоқтатады. Денеге үздіксіз қорғаныс-лимфоциттерін жолдап тұрған тұрақты жүйе осылайша шұғыл кризиске ұшырайды.
Ал, келесі кезекте ковид вирусы өкпеге шабуылдап оның қорғаныссыз қалған жасушаларында толассыз «өсіп-өнеді» яғни өкпенің пневмония-қабынуын туғызады. Қанның құрамындағы «лейкоцит» деп аталытын «ақтүйіршіктер» сырттан келген зарарлы бактерияларды «жояды, жұтады». Бұлар сүйек кемігінде, бауырда, көкбауырда өндіріледі. Бұларды біздің Ішкі Әскеріміз деуге болады.
Бірақ, лейкоциттер вирусқа ештеңе де істей алмайды. Өйткені, вирус «ақтүйіршіктің» өзіне қауіп төндіреді. Себеп, «ақтүйіршіктің» өзі бактерия секілді көлемі бар ағза болғандықтан бір сәтте жүздеген вирустар «ақтүйіршіктің» өзін қоршауға алады.
Оны түсіну үшін бұрындары жазған мына бір салыстырмалы өлшемдерді еске түсірсек, ковид вирусы жайлы түсінігіміз арта түсері анық.
Бактерияның ең кішкенесі 2-4 микрон, ал ең үлкені 40 микрон болады. Бір микрон деген миллиметрдің мың да бір бөлігі екенін ойласаңыз, бактерияның қаншалықты кішкентай екеніне таңқаласыз.
Сөйте тұра бактерия бір жасушалы кәдімгі жәндік, өз-өзінің өзгеше түрі бар, көбейеді, өз-өз жауынан сақтанады... деген секілді.
Ал, бізге «жау болып тиіп жатқан» вирустың көлемі қандай? Орыстың бір вирусолог ғалымы оны адамдарға түсінікті болу үшін былай салыстырыпты: вирусты бір тиындық дөңгелек деп көрсек, ең үлкен бактерия оның жанында Мәскеудің «Динамо» деген стадионындағы футбол алаңындай депті.
Яғни, вирус бактерияны өлшейтін өлшемнен мың есе кіші миллимикрон деген өлшеммен мөлшерленеді. Мәселен, мидың менингит ауруын қоздыратын вирусы 30 миллимикрон аусыл қоздырғыш вирус 8 миллимикрон ғана.
Міне, сондықтан адам денесіне кіріп келген індет-вируспен қан құрамындағы лейкоцит-ақтүйіршіктері күресе алмайды.
Және, алдында айтқанымыздай аш ішектегі лимфа-қорғанысты бүлдірген ковид-вирустары екінші кезекте иммундық қорғаныссыз қалған өкпеге шабуыл бастайды.
Біз де дәл осы кезде ғана «вирустық-пневмония» деген диагноз қойып өкпені емдей бастаймыз. Шын мәнінде емдеп жатырмыз деп, өзімізді өзіміз алдаймыз.
Өйткені, жоғары да айтқанымыздай бүкіл антибиотик вирусқа ешқандай зиян тигізе алмайды яки вирусты өлтірмейді. Ал, қанның құрамындағы лейкоцит-ақтүйіршіктің вирустың алдында дәрменсіз екенін жаңа ғана дәлелдедік.
Ал, өкпені бірден-бір қоғап тұратын иммундық-қорғаныстардың аш ішекте кризиске ұшырататынын түсіндік. Нақтылы не істеуіміз керек еді?!
Егер, осының бәрін бұрын білгенде ковид-вирусты аш ішектегі кезеңде жойып немесе әлсіретіп келесі кезеңге өкпеге өткізбеуіміз керек еді.
Осылайша, медицинада «инкубационның период» (жасырын кезең) деген ең қатерлі уақытты біз адамдар пайдалана алмай оны індет-вирусы өзіне тиімді пайдаланып кеткендіктен «өкпе қабынуынан» қаншама зардап шектік! Мүлде тиімсіз емдеуден босқа дәрілік шығынға ұшырағанымызбен қоймай, сырқат адамдарды ауру себебінен туындаған қатерден құтқара алмай қалдық.
Себеп, «Ковид-19» деген атаумен әлемге әйгілі болып, бүкіл дүниежүзілік індет (пандемия) туғызған қоздырушы вирус жайлы қаншама ақпарат таралғанмен жүйелі бір ізге түскен теориялық пайымдауды әлі ешбір эпидемиолог ғалым жасай алмады. Әрі оның тиімді емдеу жолы мен вакцинасын жасап қорғану да жедел жолға қойылмауда. Өйткені, оның табиғаты өте құбылмалы екені белгілі бола бастады.
Алайда, «жаңалықтың бәрі аяқ астында елеусіз жатады» деген қағиданы ұмытып құпияны жерден емес көктен іздейтін әдетіміз тағы бар сияқты.
Өзбектің Шухрат Халилов деген медик ғалымы бұл қатерлі вирустан қорғанудың өте қарапайым әдісін ұсынумен қатар оның ерекше табиғаты жайлы да өзіндік қағидасын да ортаға салыпты.
Соны көпшілік оқырманға ең қарапайым түрде осылайша жеткізіп, енді одан тиімді қорғанатын әрі оңай емделетін жолды баяндамақпыз:
Бұл медиктің пайымы бойынша «Ковид-19» вирусы бұдан бұрын адамзатқа келіп эпидемия, пандемия туғызған тымау-грипп, қызылша, шешек... т.б. көптеген індет вирустары секілді келіп алды, енді ешқайда кетпейді.
Кезі келгенде жылдар бойы толқын-толқын эпидемия тудырып тұрады, жеке адамдарды да ауыртады. Сол үшін тұрақты сақтанудың әрі тиімді емделудің қарапайым жолына жүгінгеніміз дұрыс, дейді.
Көптеген табғиғи азық-түліктер, дәрілік шөптер антибактериялық қасиеті бар болғандықтан солардың көбі врустарды да өлтіреді, әрі әлсіретеді.
Кейбірін атап өтсек, үйде жасалатын ферменттелген капуста, льна дәнектері, саңырауқұлақ шайлары, куркума, сүйек сорпасы, алма сіркесі, сарымсақ түрлері... Міне, осындай қаншама өсімдік текті азықтар ішектің лимфа қорғанысын күшейтеді әрі зиянды вирустарды жояды.
Сондықтан, бірінші кезекте дәрі-дәрмекке жүгінбей, ішек жүйесін күшейтетін азық-түлік тамақ түрлерін пайдалануды әдетке айландыру шарт. (Ауырып жазылғаннан ауырмай сақтану әлеқайда тиімді ғой.)
Осы аталғандардың ішінен усарымсақ (чеснок) қосылған судың әсері ерекше. Усарымсақтың еріген яки құнары сіңген орталау стақан суды ішкен сәтте ол аш ішекке бірден барып ковирусты дереу жоя бастайды. Ковирус жойылған немесе әлсіреген сәттен бастап ішектің лимфоцит өндіру қызметі іске қосылады. Яғни, қанға лимфоциттер мен иммуноглобулиндер таралып ағзаның ткандық иммунитеті қалпына келеді, дәл солай өкпенің де иммундық қуаты артады.
Осылайша, өкпенің қабынуын тудырған ковируске тосқауыл қойылумен қатар онымен бірге қосымша қабыну тудыратын стафилакокк, стрептококк т.б. бактериялық қоздырғыштарға да соққы беріледі.
Ең таңданарлығы усарымсақ қосылған су аш ішектегі вирустарды өлтіріп емдеудің пайдалы негізін жасаумен қатар табиғи вакцинация да іске асады. Яғни, өсіп-өну қабілетінен айырылып әлсіреген вирустар еріксіз түрде өзіне қарсы антидене яки вирусқа қарсы табиғи вакцина жасайды.
Бұл үдеріс аш ішекте небары жарты сағаттан астам уақытта пайда болады. Сөйтіп, адам усарымсақ қосылған су ішу арқылы тегін вакцина жасап алады! Осылайша, ковирусқа қарсы иммунитет адамның өз денесінде туады. (Егер, ондай вакцинды медициналық өндірістік жолмен жасаса қаншама айлар уақыт кетіп, қыруар ақша жұмсалар еді)
Міне, осындай қарапайым тәсілмен індет тудырушы ковирусты алғашқы таралу сәтінде ауыздықтауға әрі емдеуге әрі қорғаныс тудыруға қол жеткізуге болады. Жеке адам, әрбір отбасы бүкіл ел осылайша аз уақытта жоспарлы түрде қатерлі эпидемиядан сақтана алады.
Усарымсақ қосылған суды таңертеңгі уақытта дайындау қажет. Усарымсақтың бір тілшесін сыртқы қабығын аршып ортасынан көлделең қақ бөліп шағын фарфор шәйнекке салып үстінен бөлме температурасындағы суды құйып қояды. Ол күні бойы тұрып суға нәрі таралады. Кешке асқазандағы тамақ әбден сіңген кезде яғни кешкі астан үш-төрт саған өткен соң дәл жатар алдында орталау стақан усарымсақ суды баяу ішу керек.
Келесі күндері де осылайша усарымсақ суды жаңадан жасап бір ай бойы үзбей ішсе ковирусқа қарсы иммунитет денеде толық қалытасады.
Алайда, індет вирустан қорғанудың басқа түрлері де сол қалпы сақталатынын әрбір адам есте қатаң сақтау керек. Заңды, сенімді вакцинамен ектіру мен қоғамдық карантин ережесін ешкім де бұзуға болмайды.
Жеке адамның тазалық шарты болған беті-қолды үнемі таза ұстау, көшеде тамақ жемеу, адамдар тығыз топтанбау... т.б. қоғамдық гигиеналық ережелерді індет тиылса да тұрақты тәртіпке айналдырсақ саушылдық қоғам құрудың жолына жете аламыз.
Алайда, әрбір құбылыстың зиянды жағымен қатар пайдалы жағы да бар екені белгілі. Әлденеше ғасыр бұрын Еуропада грипп пандемиясы таралып халықтың үштен екісі қырылып қалған ащы тарих ұмытыла бастады. Бірақ, бұл грипп індеті сол елдерге тазалықты үйретіп кетті. Өйткені, мұндай ғаламат індеттің мұсылман елдерде болмағаны олардың назарын тазалық сақтау тәртібіне аударған болатын.
Дәл солай, Ислам ғалымдарының пайымдауынша бұл «Ковид-19» індеті Ұлы Жаратушыдан адамзатқа келген төтенше ескерту, дейді. Өзін өркениетке жеттік дейтін алпауыт елдердің әлі күнге шағын халықтар мен әлсіз елдерге басқыншылық жасауы, адамгершілік құндылықтарын емес тек технология мен қаржыны құдай тұтудың асқынуы адамзатты жаппай апаттың шегіне әкелді... Бұл есіңді жи адам, деген қатаң ескерту болса керек.
Ал, өзімізді мұсылман санайтын қазақ қауымына келсек, тойды тойдан да асырып мәнсіз тобырлық топырға айналдырған шектен шығушылық, мыңдаған кісілік салондарда ондаған сағат бойы сайқымазақ сөзуарлардың мәнсіз мылжыңына мәз болып күліп отыра беретін оспадарлық мінезіміз, таусылмайтын жиналысшылдық, жиыншылдықтан туындайтын жел сөзді желбіретіп нақты істі кейінге қалдыратын... осындай ақымақтығымызға ковид вирус шек қойып жатқан секілді.
02-09-2020
АБАЙ МАУҚАРАҰЛЫ, жазушы-журналист.