Әлемдегі ең үлкен 7 мүсін

АРХИТЕКТУРА
6616

Үлкен әрі биік мүсіндер ежелгі дәуірлерде салына бастаған. Мысалы, ежелгі мысырлықтар тұрғызған Ұлы Сфинкстің биіктігі 20 метрді құрайды. Алайда соңғы жүзжылдықта биіктігі бойынша әлемнің ежелгі кереметтерін басып озатын бірнеше мүсіндер тұрғызылды.

7. Киевтегі Отан-Ана мүсіні

Ұлы Отан соғысының құрметіне тұрғызылған бұл ескерткіш патриоттыққа шақырады. Мүсіннің құрылысы 1981 жылы аяқталған, ескерткіштің өзі 62 метр биіктікті құрайды, ал жалпы құрылысын қосқанда биіктігі 102 метрге жетеді. Мүсіннің салмағы – 560 тонна. Бір қызығы, бұған қарағанда Волгоградтағы Отан Ана мүсіні танымалырақ, бірақ оның биіктігі – 54 метр. 

 6. Янь мен Хуань императорларының мүсіні

Бұл мүсін тасқа қашалып жасалған, ол үшін екі онжылдық қажет болды. Құрылысы 2007 жылы аяқталды. Мүсіннің жалпы биіктігі – 106 метр. Айта кетейік, бұл мүсін Қытайдың екі тұңғыш императоры – Янь Ди мен Хуань Диге арналған. 

5. Қытайдағы Гуань Инь мүсіні

108 метрге жететін Хуань Инь бодхисаттвасының мүсіні Қытайдың Хайнан аралының оңтүстік жағалауында орналасқан. Мүсінді жасауға 6 жыл кеткен, жұмыс 2005 жылы аяқталған. 

4. Португалиядағы Кришту Рей мүсіні (110 метр)

Бұл мүсін Рио-де-Жанейрода 1959 жылы тұрғызылған танымал Құтқарушы Иса Мәсіх мүсінінен шабыттанып жасалынған. Оны құрастыруға 10 жыл кеткен, ал өлшемі Риодағы мүсінге толықтай сәйкес. Монументтің жалпы биіктігі 110 метрді құрайды. 

3. Жапониядағы Ушику Дайбутсу мүсіні (120 метр)

Ушику Дайбутсу мүсіні Амитабх Буддасына арналған және Жапонияның Ушику қаласында орналасқан. Ол 1995 жылы құрастырылған. Бұл әлем бойынша биіктігі жағынан үштікке кіретін мүсін, ескерткіштің жалпы биіктігі 120 метрді құрайды. Мүсіннің ішіндегі лифт арқылы ең биікке көтерілуге болады. 

2. Мьянмадағы Laykyun Setkyar (130 метр)

Бұл мүсін биіктігі жағынан әлемдегі екіншісі. Ол орталық Мьянмадағы Каунг дөңіне құрастырылған. Оның аяқ жағында Будданың әлемдегі ең үлкен жантайған мүсіні орналасқан. Жантайған Будда 1991 жылы салынды, ал биік Laykyun Setkyar 2008 жылы. 

1. Көктем Ғибадатханасының Буддасы (153 метр)

Бұл әлемдегі ең үлкен және ең биік мүсін. Ескерткіштің жалпы биіктігі 153 метрді құрайды. Мүсіннің құрылысы террористердің Ауғанстандағы Бамиян Буддаларын жарып жібергеннен кейін басталған. Құрылыс жұмысы 2008 жылы бітті. 


Төменде келтірілген графикте Көктем Буддасының Бостандық Мүсіні, Волгоградтағы Отан-Ана мен Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіндерімен салыстырғандағы өлшемі көрсетілген. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...