М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры сәуірдің 4-і күні көптен күткен премьерасын...
Күләш Байсейітова атындағы театрды қайда жіберді?
"Сахнаның "А" дəрежесіндегі шебері" деген куəлікті, ең жоғары бағаны, қазақта тек үш адам ғана алды. Олар - Қалибек Қуанышбаев, Күлəш Байсейітова жəне Рахия Қойшыбаева. Мəскеудің өнер комитетінен арнайы келген мамандар бəрін көріп байқап, жоғарыдағы сахна шеберлерді осы дəрежеге əбден лайық деп тапқан. Иə, Р.Қойшыбаеваның өнердегі келбеті бүгінгі жас толқын үшін мүлдем бұлыңғыр. Қ.Қуанышбаев атындағы театр бар.
Ал, К.Байсейітова атындағы бар театрды қайда жіберді? Жарқын өнерін халықтың игілігіне жұмсай білген аяулы жанның есімі неге ескерусіз қалды? Астана опера театрына қазақтан шыққан тұңғыш халық артисін неге лайық деп таппады? Əй, бірақ, шетелге еліктеген шенеуніктер осы сұрақтарға жауап беруге шамаларын келтіре қоймас. Ұлтты ойлайтын, өткенді қастерлейтін жоғары тап өкілдерін көре алмай жүрміз.
Абай атамызша айтқанда, "өздері тірі болса да, көкірегі өлі, сырты-пысық, іші-лас, артын ойлап ұялмас" адамдардан ақыл таба алмассың. Ал, ұлт өнерін жан-жақты байытқан ардақты анамыздың əруағы күңіренбей тұрмасы анық.
Айзат Қадыралиева