«Борат 2»: трейлері және премьера күні

КИНО
1271

2006 жылғы «Борат» қара комедиясының жалғасы 23 қазанда шығатын болды. «Borat: Gift of Pornography Monkey to Vice President Mikhael Pence to Make Benefit Recently Diminished Nation of Kazakhstan» (қазақша мағынасы – «Борат: Жақында азайып кеткен Қазақстан халқының игілігі үшін вице-премьер Микаэль Пенске порнографиялық маймылдың сыйлығы») деген ұзақ атауы бар фильм Amazon Prime платформасында көрсетіледі.

Осыған дейін қазақстандық журналист туралы псевдодеректі картинаның екінші бөлімі түсіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Жуырда Twitter әлеуметтік желісінде «Қазақстан үкіметінің Twitter-дегі ресми аккаунты» деген парақша пайда болып, сонда «Борат» фильмінің басты кейіпкері Борат Сағдиевтің дауысымен ролик жарияланды.


«Борат 2» фильмінде қазақ журналисі АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында саяси өмірге зерттеу жүргізіп, коронавирус пандемиясының салдарымен күреседі. Авторы және басты рөлде ойнаушы – британ комигі Саша Барон Коэн.

1 қазанда бұл жобаның ресми трейлері жарияланды:


«Борат: Қазақстанның атақты халқы игілігі үшін америкалық мәдениетті зерттеу» (ағылш. Борат: Цұлтұрал Леарнінгс оф Амеріца фор Маке Бенефіт Глоріоұс Натіон оф Казакһстан) псевдодеректі фильм-комедиясы 2006 жылы шықты. Сюжетінде Саша Барон Коэн ойнаған қазақ журналист АҚШ-қа саяхаттап, әртүрлі адамдармен кездеседі.

Шектеулі прокатқа қарамастан, фильм 18 млн доллар бюджетпен әлемдік прокатта  261 млн доллар жинады. Саша Барон Коэн Борат рөлі үшін «Музыкалық фильмдегі және комедиядадағы үздік актер» номинациясында «Алтын глобусқа» ие болды. Сонымен қатар «Үздік бейімделген сценарий» номинациясында «Оскарға» ұсынылды.

Атышулы картина ТМД елдерінің ішінде Ресейде, Украинада, Беларусте және Қазақстанда кинотеатрлардан көрсетуге тыйым салынды.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...