Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазды

МУЗЫКА
2413

Ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш Құдайбергенге жаңа ән жазды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Әннің аты – «Мен сені сағынып жүрмін» (Я скучаю по тебе). Әннің сөзін Игорь Крутоймен бірге композитордың досы Игорь Николаев жазып шыққан. «Игорьмен бірге бірлескен туындыны шығармағалы біраз уақыт болып қалды. Бірақ қазір тағы да шығармашылық қоңыраулар, түзетулер, уайым мен естегі ескі күндердің жаңғырығы... Димашпен де сол шаруа – дауыс ырғағын анықтау жұмыстары. Елдегі ең танымал (біздің елдегі ғана емес) дауыс иесі Димашты күту... 

Осы әннің тағдыры жарқын, ал оған сүйенген махаббат иелері бақытты болар деген сенімдемін», - деп жазады Игорь Крутой instagram парақшасында.

author

Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...