Көкшетауда «Азаттығым-асқақ рухым!» атты онлайн мүшәйрасы өтті

ӘДЕБИЕТ
1676

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Азаттығым-асқақ рухым!” атты онлайн республикалық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Азат елдің асқақтығын жырлаған Алматы, Қостанай, Қарағанды, Түркістан, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар қалаларының жас ақындары бейнеконференция байланысы  арқылы эфирге шығып, өз шығармаларын қазылар алқасына ұсынды.

Онлайн-мүшәйраға белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеиінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Сәбит Жәмбек, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеиінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қажыбаева Гүлден қазылық етті. Жыл сайын “Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асыру аясында, ел рухын көтеретін, жас ақындардың шығармашылық дамуына жол ашып, талантты жас ақындарды мүшәйраға тарта отырып, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, әдебиетіміздің дамуына үлес қосуына қолдау көрсету мақсатында өтетін мүшәйраға қатысушыларына Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сабитова алғысын білдірді.

Алтай мен Еділдің арасындағы ұлан-ғайыр ұлы даланың иесі Қазақ елі екендігін дәлелдеп, өзге ұлттар мен ұлыстардан айшықтайтын ең бірінші кезекте қазақтың ұлттық өнері мен салт-дәстүрлері екені бесенеден белгілі. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, құрметтеу арқылы біз Қазақстанымызды  күллі әлемге таныстыра аламыз. Ата-бабадан келе жатырған ұлттық өнерімізді құрметтеп, насихаттау бүгінде әр қазақтың міндеті десек артық айтанымыз болмас.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Көкшетау қаласының жас ақыны Қонқаев Мұхаммед, І орынға Павлодар қаласынан Бауыржан Рамазан, ІІ орынға Қостанай қаласының ақыны Дәулет Жадырасын, ІІІ орынға Талдықорған қаласының ақыны Өмірбай Бейбарыс-Сұлтан иегерленді. Жүлделі орын иелері бағалы сыйлықтармен, барлық қатысушыларға алғыс хаттармен ынтыландыру сыйлықтары байланыссыз жеткізіледі.



Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...