Назарбаев Сатаевқа: Сізге үлкен жауапкершілік артылған

Жаңалықтар
1230

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ басшысы Ақан Сатаевты қабылдады, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

Фото: elbasy.kz 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрқашан өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгенін айтты.

"Сіздің киноиндустрияда жинаған тәжірибеңіз мол, қоғамда танымалдықа ие болдыңыз, фильмдеріңіз түрлі кинофестивальге қатысып жүлдемен оралып жүр. Көрермендер сіздің "Анаға апарар жол", "Томирис" және басқа да туындыңызға тәнті болды. Қазіргі уақытта сізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер шығару жөніндегі жоспары мен отандық кино сапасын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Астанада 39 жастағы әйел «Қазпошта» филиалдарының бірін қиратып кеткен, деп хабарлады ma...

Жаңалықтар

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды madeniportal.kz.&...