3 тамыз күні ЭКСПО көрмесінің жазғы сахнасында қазақстандық танымал әншілердің концерті өтеді, деп х...
Президент мұқтаж емес отбасылардың да көмек алып жатқанын айтты
Aqorda
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында осал азаматтарға көмек көрсету ел алдында тұрған маңызды міндет екенін атап өтті. Президент бүгінде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқандықтан мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті мүлдем мұқтаж емес, ауқатты отбасылар да алып жатқанын жеткізді.
Мемлекет басшысы қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалып жатқанын айтты. Осал азаматтарға көмектесу барысында бірқатар шара жүзеге асқанын жеткізді.
"Келесі мәселе. Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр.
"Ұлттық қор – балаларға" ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды", - деді Тоқаев.