Бас прокуратурада Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қа...
Актриса Меруерт Өтекешова жетпіс жаста
6194
Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Құрмет және Парасат ордендерінің, Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері МЕРУЕРТ ҚАРАТАЙҚЫЗЫ ӨТЕКЕШОВА жетпіс жасқа толып отыр.
Ғұмырын ұлттық өнерге арнаған талант иесінің қазақ киносындағы шоқтығы биік, қайталанбас Қыз Жібек бейнесі – мәңгілік сұлулық пен таланттың көркем үйлесімі, қазақ қыздарының көркем эталонына айналды. Сонымен қатар Ш.Айтматовтың "Ана-Жер-ана" спектакліндегі Әлиман, М.Әуезовтің "Қарагөзіндегі" Қарагөз, "Еңлік-Кебек" дастанындағы Еңлік, Т.Ахтановтың "Жоғалған досындағы" Ғайни, Д.Исабековтің "Әпкесіндегі" Гауһар, Ә.Әбішевтің "Кәусарындағы" Кәусар, А.Сүлейменовтің "Жетінші палатасындағы" медбике, С.Мұқановтың "Мөлдір махаббатындағы" Бәтестің анасы, Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейнесіндегі" депутат Күләш, Т.Нұрмағамбетовтің "Ескі үймен қоштасуындағы" ана образдары – нағыз кәсіби артистің шоқтығы биік өнерінің жемісі болып, көрермен жүрегі мен қазақ тарихында мәңгі қалары сөзсіз.
Мәдениет порталы Мерует Өтекешованы жетпіс жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық тілейді!