Ғарыштан Жерге келген алғашқы ұрпақ

Жаңалықтар
2699

Күні бүгінге дейін ғалымдар адамзат баласының ғарыштағы болашағы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Әрине, ғарыштағы өмір Жердегі өмірден әлдеқайда өзгеше болатыны баршамызға аян. Сол өзгешеліктердің бірі ғарышта дүниеге келетін шақалақтың жай-күйі. Ғарышта өмірге келген тірі жан қандай болмақ? Бұл мүмкін бе? Міне, осы және осы сарындас сұрақтар ғалымдардың түн ұйқысын төрт бөлді десек артық айтқанымыз емес. Нәтижесінде ғалымдар үлкен жетістікке қол жеткізді.

Жапониядағы Яманаши университетінің ғалымдары 2013 жылы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеткізіліп, 2019 жылы Жерге қайтарылған тышқан ұрығынан «ғарыштық ұрпақ» дүниеге келді. Зерттеу барысында кептіріліп, мұздатылған егеуқұйрық сперматозоидтарының ғарышта 200 жылдан астам уақыт сақтауға болатындығын көрсетті.

Басқаша айтқанда, жапондық ғалымдар ғарыштық сәулелер мен ғарыштық сәулеленудің биологиялық әсерін бағалау үшін ХҒС-да кептірілген сперматозоидтардың репродуктивті әлеуетін зерттеді. Міне, осы бір эксперимент қорытындысы бойынша ғарышта шамамен 5 жыл сақталған сперматозоидтардан тышқан төлдері өмірге келді. 

Мұнымен қоса, ғылыми зерттеудің мақсаттарының бірі - ғарышта немесе басқа ғаламшарларда көбеюге болатын-болмайтындығын бағалау екенін баса айтқан ғалымдар, «ғарыш төлдері жердегі төлдермен салыстырғанда ешқандай айырмашылықтар мен ауытқулар болмағанын" мәлім етті. 

Демек, ғарыштан адамзат баласының әңгәлаған дауысын да еститін күн алыс емес деп іштей болжамдағымыз келеді. Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?!

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылым...