Ұлттық музейде түркі кезеңіне жататын қобыз көшірмесін тапсыру рәсімі өтеді

Жаңалықтар
809

2021 жылдың 26 ақпан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде белгілі меценат, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Алтын адам» номинациясының екі мәрте жүлдегері Сапар Ысқақұлы Ысқақовтың ҚР Ұлттық музейі қорына Түркі кезеңіне жататын Қобыз көшірмесін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтеді.

Іс-шараның мақсаты – көне ғасыр жәдігері саналатын музыкалық аспаптардың қайта жаңғыртылуы, оларды қалыпқа келтіруге сүбелі үлес қосып жүрген ғалымдар мен ел жанашырларының еңбегін көпшілікке насихаттау.  

2014 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының Зейнолла Самашев бастаған экспедициясы Қарақаба өзенінің (Шығыс Қазақстан облысы) жоғарғы ағысынан VІ-VІІ ғасырларға жататын қимақ-қыпшақ жауынгерінің жерленген жерін тапты.  

2015 жылы Қарақаба 1 қорымы № 12-обаға қазба жұмысы жүргізіліп, осы нысаннан тиекті музыкалык аспап түріндегі  бірегей артефакті табылған. Жауынгермен бірге жерленген қылқобыз қайта қалпына келтіріліп, 2017 жылы «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақовтың тапсырысымен аспаптың жаңартылған көшірмесі жасалды.

Ысқақов Сапар Ысқақұлы - белгілі меценат 2005, 2006, 2008 жылдары  «Жыл таңдауы» ұлттық байқауында «Алтын Адам» атағын, 2007 жылы «Ғасыр меценаты» (Мәскеу қ.) атақтарын иеленген. «Парасат» және «Құрмет» ордендері (Қазақстан), халықаралық «Рубинді крест», «Держава» (Ресей), «Королева Виктория» атындағы (Ұлыбритания) атақтары мен «Алтын медаль» (Швейцария) ордендерін иеленіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолынан Құрмет грамотасын алды.

Ысқақов Сапар - халықаралық меценаттар, халықаралық туризм және спорт академияларының академигі. Екі мәрте «Алтын компас» кубогімен марапатталған.

Ол 2014 жылы «Елизавета Екінші Ханшайым» атты трансатлантикалық кемемен Жер шарын 119 күн ішінде аралап шығып, Қазақстанда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттауға атсалысты.

Салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер, ғылым, әдебиет өкілдері қатысады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...