2024 жылғы 9 сәуірде, сағат 10.00-де «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Тайтөбе...
Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы іздестіріліп жатыр
Ашық дереккөзден алынған
Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы Азамат Қапеновке іздеу салынды. Бұл туралы madeniportal.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Азамат Кәпенов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар қаңтардағы оқиғадан кейін мүлкі мен ақшасын үнемдеу мақсатында өтірік ажырасқан деген де болжам бар.
Orda.kz басылымының жазуынша, Сыбайлас жемқорлық агенттігінің Қапеновке іздеу салғаны «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін. Себебі Азамат Қапеновты Шығыс Қазақстан облысындағы Антикор бөлімі іздеп жүргені мәлім болды. Бұған дейін Анатолий Балушкин өз бизнесін жоюдағы бенефициарлардың бірі деп Мәсімовті атаса, Азамат Қапеновті келіссөз жүргізушісі деп айтқан болатын.