Елордада «Алғыс айту күніне» орай «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концерт өтті

Жаңалықтар
1862

Бүгін 2021 жылдың алғашқы көктемі 1 наурыз - «Алғыс айту күніне» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы тыңдармандарына «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концертін ұсынды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы және береке бірліктің нышаны. Мерекелік концертте Күнсұлу Тұрлыбекова, Нұрай Танабаев, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тақзия, Жандос Иманбай, Өзгеріс Шерікбай, «Сарыарқа» фальклорлық ансамблі мен «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.

Алғыс айту қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. 

Тәуелсіз елімізде тұрып жатқан көп ұлттың татулығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін бұл мерекеде бір-біріне алғыс айту арқылы егемендіктің туын жоғары ұстап тұрамыз. Филормония ұжымының мерекелік концерті сол тұрақтылықтың берік үлгісі екені сөзсіз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...