Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен І республикалық уағызшылар форумы...
Ұлттық ұлан сержанты ерлік көрсетті
Фото: orda.kz
376
«Орталық» әскери бөлімінің сарбазы Жапар Ислам-Әли Елеусізұлы сүйіктісімен кездесіп тұрғанда мас екі жігіт шығарған жанжалды байқап, араша түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Жанжалдасқан екі адамның бірі екіншісінің жамбасынан пышақ сұғып алады. Сержант дереу полиция мен жедел жәрдем шақырып, өзі қылмыскерді ауыздықтап, жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.
Ислам-Әли белбеуін шешіп, жараланған адамның аяғының жарақатын таңып тастайды, бірақ жаралыдан тамыр соғысы жоқтығын байқайды. Сержант дереу жүрекке тікелей массаж жасайды, бірақ, өкінішке қарай, жараланған адамды аман алып қалу мүмкін болмады.