Павлодар облысында прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды madeniportal.kz. &la...
Крокустағы қырғын: 11 адам ұсталды, өлгендер саны 90-нан асты
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің бастығы 11 адамның ұсталғаны туралы баяндады, деп хабарлайды madeniportal.kz ақпарат порталы.
Ұсталғандардың арасында 4 террорист те бар. Олар "Крокустағы" терактіге қатысқан деген болжам бар. 4 күдікті Украина шекарасына жақын маңдағы Брянск облысында қолға түскен.
Путинге тергеудің барысы туралы баяндама да тапсырылды. Қазіргі кезде сыбайластарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, Мәскеудегі "Крокус" орталығында болған теракт салдарынан ең соңғы деректер бойынша 93 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды.
Қолында автоматы бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.