ҚР Ұлттық музейінде Юрий Васильевич Мельниченкомен кездесу өтеді

МУЗЕЙ
1186

2021 жылғы 4 наурыз күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бірлескен «Спорт батырлары» жобасы аясында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Васильевич Мельниченкомен кездесу және жеке құнды заттарын ҚР Ұлттық музей қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтеді.

Іс-шараның мақсаты - дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғаларға тиесілі бірегей мәдени құндылықтар мен тарихи заттарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа дәріптеу. 

Мельниченко Юрий Васильевич - Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, Азияның 2 дүркін чемпионы (1996, 1997), Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994), 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы (Атланта, 1996), Әлем чемпионы (1994, 1997), Грек- рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. 2004 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. 

Кездесу барысында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Юрий Васильевич Мельниченко жеке құнды заттарын музей қорына салтанатты түрде табыстайды. 

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық музейінің қоры спортшының VII Қысқы Азия ойындарының сертификаты және арнайы алтын медалімен толығады. Алдағы уақытта аталған заттар ҚР Ұлттық музейі залында экспозицияланады. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ спорт және мәдениет саласының өкілдері қатысады.


Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...