Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
3313

Жезқазғандық полицейлер алкоголь ішкен ер адамды полиция көлігімен медициналық тексеруге алып бара жатқанда, ол қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары әйелі телефон соққаннан кейін мас ер адамды үйінен алып кеткен. Әйел күйеуінің ішімдік ішіп, жанжал шығарғанын айтып шағымданған. Медициналық мекемеге бара жатқанда ер адам аяқ асты ауырып, қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің алкогольдік кардиомиопатиядан туындаған жедел жүрек жеткіліксіздігінен болғанын анықтады.

Ведомство аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетінен ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...