1 мамырда Астана – Атбасар – Жақсы автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы...
Алматыда автобустардағы адам көптігін азайтудың жолы табылды
Фото: ЖИ
Алматыда жолаушы көп жиналған аялдамаларға бос автобустар жіберіле бастады. «Алматыэлектротранс» компаниясы бұл шешімді қарбалас уақытта қоғамдық көлікке мінудің қиындауымен түсіндірді. Компания сондай-ақ автобустардың бағыттардағы жұмысы мен диспетчерлердің әрекеті туралы мәлімет берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Компанияның баспасөз қызметі қарбалас уақытта кейбір бағыттарда жолаушылар ағыны көбейетінін, соның салдарынан автобусқа міну қиындайтынын хабарлады. Сонымен қатар барлық автобус кестеге сәйкес жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
«Қарбалас уақытта кейбір бағыттарда жолаушылар ағыны көбейіп, аялдамаға келген автобусқа міну қиындайды. Бұл ретте кестеде қарастырылған барлық автобус желіде жоспарлы мөлшерде жұмыс істеп тұр. Жағдайды жақсарту үшін “Алматыэлектротранс” жолаушысы жоқ бос автобустарды адам көп жиналған аялдамаларға тікелей жібереді», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, диспетчерлер бағыттардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, жедел әрекет етеді.